Ф ♦Рауан* Алматы 1997 Редакторы Үлықман Әбілдаұлы Шыңғыс Айтматов, Мұхтар Шах а нов



Pdf көрінісі
бет14/24
Дата21.02.2017
өлшемі22,66 Mb.
#4638
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24

і  
лықаралық  деңгейдегі  лайықты  бағасын  өлі  де  толық 

алған  жоқ.  Бірақ  халқымыздың  маңдайына  қарғыс

таңбасындай  боп  басылған  "қазақ  ұлтшылдығы"  деген 
жалған айып сылынып тасталды.
Мәскеуде  Сіздің  "Кассандра  таңбасы"  атты  рома- 
ныңыздың 
талқыланатынын, 
оған 
Горбачевтың 
қатысатынын  өзіңізден  алдын  ала  білсем  де,  қызмет 
жағдайына  орай,  бара  алмадым.  Демократия  мен  дикта- 
тураны  қатар  ұстамақ  болған  басшымен  араға  жылдар
салып,  бір өңгімелескім  келіп-ақ еді...
Айтматов.
  Иә,  "Кассандра таңбасы"  жайында  болған 
өңгімеге  Евтушенко,  Вознесенский,  Искандер,  Дементьев, 
Гачев,  Гачевтың  жұбайы  —  әдебиетші,  философ  Светла­
на  Семеновна  қатысып,  бірінен  соң  бірі  пікір  білдіріп 
жатты.  Михаил Сергеевич те сөз  алып:
— 
Бұрын  қысым,  шектеу көріп  келген  көркемөнердің 
барлық  саласына  қайта  құру  кезінде  толық  бостандық 
бердік.  Қазірде  анайылықты  әспеттейтін,  кісі  зорлауды, 
қорлауды, 
өлтіруді 
сүйсіне 
суреттейтін  әдебиеттер 
қаптап  шығуда.  Бұл  бостандықты  керісінше,  теріс 
бағытқа  пайдалану  болып  табылады.  Бүған  өз  басым 
мүлде қарсымын,  — деді ол.
Шаханов.
  Сол  кездесуге  қатысқан  Рустем  Хаировтан 
Горбачевтың  Сіздің  романыңыз  жайлы  өте  жоғары  пікір
айтқанын  естідім.
Айтматов.
  Иә,  роман  оған  ұнаған  екен.  Бастапқы 
әңгімеміздің желісіне қайта оралалық.
Демократия  адамдардың  ертеңгі  күнге  деген  сенімі 
ретінде  қалыптасуы  керек.  Сол  сенімді  орнықтыратын

құдірөтті  күш  —  мемлвквттік,  жалпыға  ортаж,  Конститу­
ция  болып  табылады.  К,оғамның  қарапайым  мүшесінен 
бастап  өлдің  вң  жоғары  лауазым  ивсі 
Првзидвнтінв 
дейін  өділ  заңның  алдында  бас  июге  тиіс.  Президент 
жаңарып,  парламент  ауысқан  сайын,  Конституция  да  со- 
лардың көзқарасына  қарай  құбылып отырса,  ең алдымен, 
елдің  сенімін  өлтіреміз.  Мөселен,  Америка  Құрама  Штат- 
тары  екі  жарым  ғасырдан  бері  бір  Конституцияның  не-
гізінде  өмір  сүріп  келе жатыр.
Люксембургте  өткен  бір  оқиғаны  есіме  жиі  аламын.
Ел болған  соң,  ірілі-уақты  қылмыс  болмай тұрсын  ба? 
Сот  бір  адамды  қылмысты деп танып,  бас  бостандығынан 
айырады.  Қылмыскер  қолына  соттың  шешімін  алып, 
үй  ішімен  қоштасып,  түрмеге  келмей  ме?  Түрменің  бас- 
тығы:  "Қазір  орын  жоқ,  бір  айдан  кейін  көліңіз  , 
Двп 
әлгі  қылмыскерді  үйіне  қайтарады.  Келесі  жолы  жанына 
әйелін  ертіп,  қайта  барса,  тағы  да  орын  босамаған.  Осы 
жағдай  үш  айда  үш  рет  қайталанады.  Ақыры  шарасы 
таусылған  қылмыскер:  "Маған  түрмеден  орын  тие  ме, 
ж оқ  па,  қаншама  уақытым  босқа  кетті,  бұл  —  не  деген
әділетсіздік",  — деп,  газетке  шағым  жазады.
Мұны  оқыған  жұртшылық:  "Адам  құқы   аяққа  тапта- 
лып  жатыр,  түрменің  бастығын  орнынан  алу  керек",
деп,  шу көтерді.
Қолына 
соттың 
қағазын 
алып, 
"Мен 

қылмыскермін,  қамай  көріңдер"  деп,  түрмеге  бару  түгілі,
түрменің  іргесін  қазып,  қашып  кететін  біздің  адамдар
үшін  бұл  оқиға  әзіл-сықақ  сынды  естілер,  ал  өркениетті
қоғам үшін шындық.
Осының  бәрі  заңды  сыйлағандықтан, 
құрметте-
гендіктен,  оған  деген  сенімнен  шығып  жатыр.  Әділ  заң 
айыпты  деп  тапты  ма,  жазаңды  өтеу  —  парыз,  одан 
қашып  құтылам  деген  ой,  мәселен,  Люксембургте 
ешкімнің  өңі  түгіл,  түсіне  де  кірмейді.  Ж ұмысшысың  ба, 
бай  бизнесменсің  бе,  не  болмаса  суперменсің  бе,  — 
бәрібір  Конституцияның алдында  бас  июің шарт.
Заң  қызметкерлері  қылмыскерлермен  ауыз  жаласып, 
параға  шырмалып  жатса,  демократия  жар  шетшде  тұр
деген сөз.
Конфуций  былай  деген  ғой:  "Басшы  әділ де  адал  болса, 
жазықтыны  жазалау  оңайға  түседі.  Өзің  кез  келген  ит  ау- 
зын  малатын  итаяқтай  харам  болсаң,  қол  астыңдағылардан 
бойыңда ж оқ адалдықты қалай талап етесің?
Бір  елдің  Президенті  атану —  үлы  құрмет.  Ж ер  ша- 
рындағы  бес  миллиардқа  қарай  ойысқан  халықтың

ішінде  король,  император,  патша,  хан,  президент  атан- 
ғандар  аз  болған  жоқ.  Солардың  ішінде  қаншасы  орнынан 
түскен  соң,  өзі  билеген  халықтың  қапысыз  махаббатына 
бөленіп,  тарихта  аты  алғыспен  аталды  екен?  Билеу- 
шілердің  көбінің  түбіне  шексіз  марапат,  лауазым  күшін 
асыра  пайдалану,  жемқорлық,  дүниеқорлық,  саяси  са- 
уатсыздық  және  қылмысты  элементтердің  ықпалында 
кету сынды қауіпті дерт жетті.
Шаханов.
  Егемендік  алған  Қазақстан  мен  Орта  Азия 
мемлекеттері  өздерінің  алғашқы  президенттерін  сайлап, 
оңаша  отау  тікті.  Осы  бауырлас  елдердің  мемлекет  бас- 
шылары:  Нұрсұлтан  Назарбаев,  Ислам  Каримов,  Асқар 
Ақаев,  Сапармұрад  Ниязов  пен  Эмомалы  Рахмоновтар 
Сізді  өлем  өдебиеті  патриархтарының  бірі  ретінде  ерек­
ше  құрмет тұтатыны  белгілі.
Нұрсүлтан  Назарбаев  Сізге  "Қазақстанның  халық 
жазушысы"  мөртебелі  атағын  берді.  Ислам  Каримов  бол­
са  Өзбекстандағы  ең  жоғары  награданың  бірі  — 
"Достық"  орденін өңіріңізге тақты.
Мұны  Сіздің  барша  құрлық  оқырмандарын  тәнті  ет-
кен  шығармашылығыңызға,  азаматтық  қасиетіңіз  бен
парасатыңызға деген  інілеріңіздің  ілтипаты  демеске  шара
0
жоқ.
Ендігі әңгіме  желісін  осы тәуелсіз  жас  мемлекеттердің 
тұңғыш  президенттеріне  қарай бұрсақ.
Айтматов.
  Дұрыс.  Оларға  бағаны,  негізінен,  тарих 
береді.  Билік  тұғырында  түрған  адамға  айтылар  мақтау 
сөздің  шегі-шетін  табу  да  қиын  шығар.  Басшы  осы  бос
мадақ,  марапаттауларға  сын  көзімен  қарап,  тіпті  кейбір 
асыра  сілтеп  жібергендеріне  қатаң  тыйым  салып  отырса, 
бағы  жанары  хақ.  Әйтсе  де,  "Жақсының  жақсылығын 
бетіне  айт,  нұры  тассын"  дегендей,  олардың  өзіміз 
аңғарған  кейбір  өрелі  қасиеттерін  айта  кеткеннен 
ұтылмаспыз деп  ойлаймын.
Қазақстанда  жүзден  астам  ұлттар  мен  ұлыстар  ме- 
кендейді.  Осындай  үлкен  елді  қоғам  алмасқан  өлара  кез­
де,  ұлтаралық  қатынастардың  шиеленіскен  түсында 
басқару  Нұрсұлтан  сияқты  әлем  назарына  іліккен  сая- 
саткерге де  оңай  жүк болмағаны айқын.
Екеуміз  Алматыда,  Мәскеуде,  Брюссельде  жүздесіп, 
талай  мөрте  сұхбат  құрдық.  Осы  кездескен  сөттерде 
Назарбаевтың  рухани  бай,  білімдар  адам  екеніне  көзім 
жетті.  Әрине,  ел  басқаруға  мұның  езі  де  аздық  етеді.  Де- 
се  де,  жан  дүниесі  таяз  адамнан  үздік  саясаткер
шықпасы  анық.

Шаханов.
  Нұрсұлтан  Назарбаев  жайлы  өңгімеге 
кіріспес  бүрын,  өзім  куә  болған  мына  бір  хикаяны  айта
кетейін.
Кезінде  Атырау  облысының  Балықшы  ауданында 
партия  комитетінің  бірінші  хатшысы  болып  Орынбасар 
Еркінов  деген  бір  ер  көңілді,  өнерге  жаны  жақын  азамат 
істеді.  Белгілі  сазгер  Өсет  Бейсеуов  екеумізді  шақырып, 
ауданын  аралатты,  Каспий  теңізіне  саяхат  жасатты.  Біз 
де  қарыздар  боп  қалғанымыз  жоқ,  Әсетпен  бірігіп  (мен 
сөзін,  ол  әуенін),  "Ж айықтан  қайтқан  тырналар"  деген 
ән  жаздық.  Ауданның  Мәдениет  сарайында  өткен  кезде- 
суде  жаңа  ән  орындалды.  ^Киналған  көпшілік  үзак,  к,ол
шапалақтап,  әнді  қайталап  айтқызды.
Қыза-қыза,  сахнада  тұрған  әншілерге  Орынбасар  да
бірге  қосылып  кетті.
Жетпісінші  жылдардағы  партия  қызметкерлерінің
жұмыс  жүйесін  өзіңіз  жақсы  білесіз.  Сахнаға  шығып,  ән
салу  олардың  сіресіп  қалған  әдебіне  мүлдем  жат.  Тіпті
естіген  құлаққа түрпідей тиетін  кез.
Орынбасардың  әлгі  қылығы  облыстағы  үлкен  басшы-
лардың  бірінің  құлағына  жетеді.  Дереу  сөз  көтеріліп,
несін  айтасыз,  қызметінен  ажырай  жаздап,  әупірімнің
күшімен  зорға  қалған...
Нұрсұлтан  Әбішұлы  сол тоталитарлық жүйенің тәлім-
тәрбиесін  көріп  өскен  саясаткер  болса  да,  өнер  десе, 
жайнап  кететін  жайдары  жан.  Бір  республиканың  Пре­
зидент!  екенмін  деп,  кеуде  керіп  тұрмай,  үлкен  тойлар 
мен  салтанаттарда домбыраны  күмбірлете  шертіп,  сүйікті 
әндерін  шырқай  жөнеледі.  Келініңіз  Сара  Алпысқызы 
екеуі  қосылып,  халық  әндерің  келістіре  шырқағанының
талай  рет  куәсы  болдым.
1993  жылдың  аяғында  Қырғызстанның  Халықаралық
"Руханият" 
қауымдастығы 
Қазақстан 
Президентіне 
"Жылдың 
ең  таңдаулы  адамы"  атағын  берді.  Сыйлықты 
тапсыру  салтанатына  Нұрекең  өзімен  бірге  республика- 
мыздың  көрнекті  әдебиет,  мәдениет  қайраткерлері:  Әбіш 
Кекілбаев,  Әлібек  Дінішев,  Алтынбек  Қоразбаев,  Досхан 
Жолжақсыновтарды  да  ерте  келді.  Сол  алқалы  жиыннан 
кейінгі  шай 
үстінде 
белгілі  сазгер-әнші  Алтынбек 
Қоразбаевтың  ел  арасына  кеңінен  тарай  бастаған 
"Шашбаулым"  әнін  автормен  бірге  қосылып  орындады. 
Ал  сазгер  үшін  ез  әнін  оз  мемлекетінің  Президентімен 
қосылып  орындаудан  артық абырой  ж оқ шығар,  сірә.
Сол  салтанат  үстінде  Әлібек  Дінішев  пен  Досхан 
Ж олжақсыновқа  өзі  қолқа  салып,  алма-кезек  қаншама

өн  айтқызды.  Тіпті,  өнердің  бір  құлағын  ұстап  келген 
менің  өзім  әншілердің  жаңа  репертуарына  енген  кейбір 
туындыларды  біле  бермейді  екенмін.  Нұрекеңмен  анда- 
санда  сәті  түсіп,  сырласа  қалғанда,  оның  халқымыздың 
арғы-бергі  тарихына  сұңғыла  екендігіне  тәнті  боламын. 
Бірде  әңгіме  шығармашылыққа  ойысқанында,  ол: —  Осы 
сен  Қойшығара  Салғариннің  "Көмбе",  "Алтын  тамыр"  ат­
ты  тарихи  роман-эссесін  оқып  па  едің?  —  деп  сұрады. 
Кітапханамда  түрғанымен,  оқып  шығуға  уақыт  таппай 
жүргенмін,  ыңғайсызданып қалдым.
Дирижері  Нұрекеңнің өзі  болған өте  бір  күлкілі  оқиға 
әлі  күнге  есімнен  кетпейді.
Желтоқсан  оқиғасының  бұрқ  ете  түсуіне  басты  се- 
бепкер  болған  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Коми- 
тетінің  бірінші  хатшысы  Колбиннің  түкірігі  жерге  мұз 
боп  түсіп  тұрған  кез.  Арал  апаты  тұралы  әр  түрлі  пікір 
қақтығысына  жолығып  жүрген  қарбаласы  мол  шақта 
теңіз  қасіреті  жайлы  мәжіліс  өткізу  туралы  ұсыныс  ж а­
сап,  Колбиннің келісімін алдық.
Ж иын  Қызылорда  қаласында  өтетін  боп  келісілді. 
Нұрсұлтан  Назарбаев  ол  тұста  республика  Министрлер 
Кеңесінің  Төрағасы  еді.  Әр  түрлі  сала  министрлері  мен 
ведомство  басшылары  бар  —  бәріміз  облыс  орталығына 
ұшып  келдік.  Колбин  ұзақ  кіріспе  сөз  сөйлеп,  Назарбаев 
баяндама  жасап,  артынша  Халықаралық  "Арал—Азия— 
Қазақстан"  қоғамдық  комитетінің  президенті  ретінде 
маған  сөз  берілді.  Сол  сөзімде  мынадай  бір  мысал  кел- 
тіргенім бар:
Францияның  королі  XIV  Людовик  сайтан 
түртіп,  өлең  жазумен  әуестеніпті.  Әрі  әлгі  балдыр- 
батпағын  Францияның  сол  кездегі  атақты  сыншы- 
сын  шақырып  алып  оқытып,  өз  ойын  ашық  ай- 
туын  сұрапты.  Сыншы  ойланып  қалады.  Корольді 
сынау  — арыстанның  апандай  ашылған  аузына  өз 
еркімен  бас  сұққанмен  парапар.  Ал  өлеңдерін 
мақтайын  десе,  әділдік  өліп  барады. 
Сонда 
қиыннан  қиыстырып  жол тапқан  сыншы:
— 
¥лы  мөртебелім,  сіз  мәнсіз,  мағынасыз  өлең 
жазуды  алдыңызға  мақсат  етіп  қойған  екенсіз.  Сол 
ойыңызды  керемет  шеберлікпен  орындап  шығып- 
сыз! — депті.
Билік  басында  тұрғандар  аузын  басып,  адымын  аш- 
тырмағанмен,  шындықты  бетке  айтқан  азамат  ұлдар

біздің  қазақ  халқында  да  аз  болмаған  дей  келіп,  одан 
әрмен  Арал  апаты  жөне  жалпы  Қазақстан  экологиясы 
туралы  қадау-қадау ойларымды  айтып,  мінбеден тустім.
Түскі  үзіліс  жарияланды.  Ж иын  өтіп  жатқан  Нартай 
Бекежанов  атындағы  облыстық драма театрының  бір  бөл- 
месіне  тамақ  өзірленген  екен.  Дөмге  шақырылдық.  Дас- 
тарқан  басына  Колбин  мен  Назарбаев,  КОКП  Орталық 
Комитетінің  сектор  меңгерушісі  (аты-жөнін  ұмыттым) 
және  Қызылорда  облыстық  партия  комитетінің  бірінші 
хатшысы  Әуелбеков  —  бесеуміз  жайғастық.  Тағам  ала 
бергенімізде,  Нүрсұлтан Әбішұлы  қуланып:
— Қазір саған  ағаңды  айдап  салайын  ба ?  — деді өдейі 
қазақ тілінде. — Әлде  ауыз  бастырық бересің бе?
—  Ағамыз  бала  емес  қой,  — дедім  ойымда  дәнеңе  де 
жоқ.
— Ендеше,  көр де тұр.
Сосын:  ' 
. ^  
V  ! 
і
*
г
 : 


—  Мұхтар,  —  деді  ол  маған  әдейі  бұрылып,  орыс
тілінде.  —  Сенің  сөзіңді  жұрт  өте  жақсы  қабылдады. 
Әлденеше  рет  қол  соғып,  қошемет  көрсетті.  Бірақ  сенің 
король  туралы  айтқаныңды  қалай  түсінуге  болады?  Оның 
Аралға  қандай  қатысы  бар?  Сен  осы  мысалың  арқылы 
Геннадий  Васильевичті меңзеп отырған жоқсың ба?
Сол сол-ақ екен,  Колбиннің түсі  бұзылып  сала  берді.
—  Шынында  да,  сен  сол  король  арқылы  мені  айтқан 
жоқсың  ба?  Әлгінде  байыбына  онша  бармаған  екенмін 
ғой,  — деп,  бұрқан-тарқан  боп  ашулансын.
— Ж о-жоқ,  мен  оны  басқа  мағынада,  тіпті  басқа  ой- 
ды дәлелдеу үшін  айтқанмын,  — деп  көріп  ем,  илігер  түрі 
көрінбеді.  Ойламаған  жерден  ішіп  отырған  тағамнан  дәм 
қашты.  Тіпті  соңы  насырға  шауып  кетуі  мүмкін  еді,  ара- 
мызға қайтадан  Нұрсұлтан Әбішұлының өзі түсіп:
—  Геннадий  Васильевич,  мен  жай  әзілдеп  отырмын. 
Мүхтардың  әуел  бастан  өз  ойын  тарихи  фактілермен, 
философиялық  астарлармен  дәлелдей  сөйлейтіні  бар.  Ко- 
рольдің  сізге  тіпті  де  қатысы  жоқ.  Ж ұрт  та  олай  ойла- 
майды,  —  деп,  ыңғайға  әрең  келтірді.  Жалпы,  логикасы- 
ның  күштілігі  ме,  әлде  адам  психологиясын  жетік 
білгендігінің  арқасында  ма,  Назарбаев  кезінде  Колбинді 
қалай  болса  солай,  өз  бағытына бұрып  әкете  беретін-ді.
—  Ә,  солай  десеңші,  — деп,  Колбин  бұрынғы  сабасы- 
на  қайта түскендей  болды.
Айтматов.
  Колбиннің  билік  басына  келуі  қазақ 
халқының  тарихына  өшпестей  қанды  із  тастап  кетті  ғой. 
Бір  рет  Қазақстанға  барған  сапарымда  арнайы  шақырып,

қабылдағаны  есімде.  Алғашқы  эсер  көбіне  алдамшы 
шығып  жатады  ғой.  Маған  жөнбілгі  адам  боп  көрінген. 
Бәлкім,  солай  көрінгісі келген  шығар.
Шаханов.
  Колбин  республикаға  басшы  боп  сайлан- 
ған  соң,  өдебиет  пен  енер  қайраткерлерінен  сүйеніш 
тапқысы  келіп,  оларға тәтгі  тіл,  жұмсақ  шыраймен  қарай 
бастағаны  рас.  Бірақ  онысының  шын  жүректен  шыққан 
ықылас  еместігі  әйгіленіп  қалды.  Есепке  құрылған 
қулықтың қашан да башпайы қылтиып тұрмаушы ма еді?
Алғашында  "бір  жылдан  соң  қазақша  баяндама  жа- 
сайтын  боламын”  деп,  талайдың  аузын  аштырып,  көзін 
жұмдырған.  Ақыры  "Саламатсиз  ба?"  деген  сөзден  әрі 
аса алмаған күйі Қазақстанмен қош айтысты.
Айтматов.
  Ұлттық  дәстүр  мен  салт-сананы,  елдің 
рухани  қазынасын толық  меңгермей,  үстірт  қалқып  өтем 
дегендердің ел басқаруда бағы қашан жанып еді?
Шаханов.
  Бірде  екеуара  әңгіме  үстінде  Нұрсұлтан 
Назарбаевтан  мынандай  бір  қанатты  аңыз  естігенім бар:
Баяғыда  тасы  өрге  домалап  түрған  бір  хан 
жанына  нөкерлерін  ертіп,  аң  аулауға  шығады.  Ор­
ман  кезіп,  қыр  асып  келе  жатса,  алдынан  екі  көзі 
ботадай  мөлдіреген,  сауыры  жез  құмандай  жылт- 
жылт  еткен  сұлу  киік  қаша  жөнеліпті.  Хан  са- 
дақтан  оқ  атып,  киіктің  артқы  аяғын  жаралайды. 
Бір  жағы  құлама  жар,  екінші  бүйірден  хан  нөкер- 
лері  қиқу  салып, 
қыспаққа  алғанда, 
жаны 
қысылған  бейшара  киік  жандалбасамен  сонадай- 
дан  көз  тартқан  ақбоз  үйдің ашық тұрған  есігінен 
ішке  қойып  кетіпті.  Үй  иелері  жайылған  дас- 
тарқаннан түскі тамак, ішіп  отыр  екен.  Есіктен  ен- 
ген  киік  жаюлы  дастарқаннан  бір-ақ  ырғып,  төр- 
дегі керегеге тұмсығын тіреп,  солығын  баса алмай,
тұрып қалыпты.
— 
Шығар  киікті!  —  деп  дауыстайды  хан  ат 
үстінде  тұрып,  төрде  тамақ  ішіп  отырған  қарияға.
—  Бұл  тау  тағысын  түстік  жерден  қуалап  келіп, 
сенің  үйіңде  қолға  түсіріп  түрмын.  Мұның  менің 
олжам  екеніне  ешкімнің дауы ж оқ шығар?
Сонда қария: — Сөзің орынды,  хан  ием. — Киік 
сенің  олжаң  екені  де  рас.  Бұл  сорлы  жаны 
қысылған  сәтте  менің  төріме  шығып  кетті.  Ортада 
дастарқан  жаюлы жатқанын өзің көріп тұрсың.  Ал 
ата  салтымыз  бойынша  дастарқанды  аттап  өте  ал- 
майсың.  Көздеріне  қан  толып,  бір-біріне  өлердей
7 -2 3 5

жауыққан  екі  адамды  татуластЫрарда  дастарқан 
басына  алып  келмеуші  ме  еді?  Тіпті  хан  болсаң да, 
дөстүрден 
үлкен 
емессің. 
Ал 
дәстүрді, 
қалыптасқан  ата  салтты  бұзсаң,  қалың  елдің  таба- 
сына  қаласың,  жолың болмайды, — депті.
Хан  аталы  сөзден  жеңіліп,  ат  басын  кері 
бұрыпты. 
0Ц£
Айтматов.
  Кеудесіне  парасат  ұялаған  аңыз  екен.  Ел 
басшысы  өз  елінің  ата-салтын,  дәстүрі  мен  ибасын  шын 
ділімен  құрметтеу арқылы  ғана  үлкен  кемеңгерлік  биікке 
көтеріледі.  Ал  ғасырдан  ғасыр  өтіп,  әбден  сұрыпталған 
ұлт  мәдениетін  менсінбей,  оған  астамси  қарағандар 
әрдайым елдің қарсылығына жолығып  отырған.
Шаханов.
  Хрущевтің  кезінде  Қазақстан  идеология- 
сын  басқарған  бір  басшы  қонақтың  алдына  қойдың  ба­
сын  тарту  феодализмнің  қалдығы,  надандық,  әрі  мал  са- 
нын  кемітіп  жіберетін  зиянкестік  деп  ж ар  салып,  бүкіл 
ұлтты  өзіне  қарсы  қойып  алған-ды.  Тағы  бір  қы зы қ 
оқиға  бар.  Хрущев  Алматыдағы  салтанатты  жиынға 
қатысуға  келеді.  Ол  кездегі  салт  бойынша,  республика 
басшылары  мәртебелі  мейманды  тосып  алу  үшін,  әуежай 
үйінің  алдына  астананың  еңбекші  өкілдерін,  гүл  үстаған 
пионерлерді,  жалауша  көтерген  жастарды  жиып  әкеліп, 
қуанышты  жағдайды  қолдан  жасап  қоятын.  Әлден 
уақытта  тәлтіректеп,  екі  аяғында  әзер  тұрған  Никита 
Сергеевич  ұшақтан  шығып,  трап  алдындағы  үлкен 
алаңда  тұрған  қаптаған  елге  қарап,  басындағы  шетен 
қалпағын жоғары  көтерген  күйі:
— Өзбек халқына жалынды сәлем!  — деп айғайлапты.
Шамасы,  Орта  Азияның  қай  республикасына  келіп 
тұрғанын  үмытып,  қара  басса  керек.
Мүның  түп-тамырында  ішқі  мәдениет  пен  өренің 
кемдігі,  өрі  менсінбеушілік  пен  астамшылық  жатыр  емес 
пе ?
Айтматов.
  Өзбекстанның  Президенті  Ислам  Кари- 
мовпен  алғаш  рет  1990  жылы  кездестім.  Ош  оқиғасы 
есіңде  шығар,  ойда  ж оқ  жерден  ұлт  араздығы  оянып,  өз- 
бек  пен  қырғыз  арасында  қан  төгілгенде,  шыдап  тұра 
алмадым.  Мәжіліс  кезінде  Горбачевке  жолығып:  "Маған 
рұқсат  беріңіз,  Ошқа  барайын.  Араздық  неден  туды,  өз 
көзіммен  көрейін.  Қолдан  келген  жәрдемімді  берейін",  — 
дедім.  Ол  өзіне  КСРО  Қауіпсіздік  комитетінің  төрағасы 
•Крючковты,  КСРО  Қорғаныс  министрі  Язовты  шақырып 
алып,  дереу  арнайы  ұш ақ  әзірлеңдер  деп,  тапсырма

берді.  Сол  күні  жанымдағы  бір  топ  кісілермен  бірге 
Мескеу  түбіндегі  Чкалов  атындағы  әскери  әуе  алаңынан 
ұшып  шықтым.
Ташкент  әуежайына  келіп  түсісімен,  Өзбекстан  Ж а­
зушылар  одағының  бірінші  хатшысы  Әділ  Якубовқа  ха- 
барластым.  Бәріміз  сол  жерде  жолығып,  жөпелдеме 
мәжіліс  өткіздік.
%
Бауырлас  екі  халық  бір-бірімен  жаға  жыртысып  жа­
тыр.  Төбелесті  қалай  тоқтатып,  байқаусызда  тұтанған 
өртті  қалай  өшірген  жөн,  міне,  бәрімізді  тұйыққа  тіреген 
осы  мәселе  болды.  Әуежайда  тұрған  екі  сағат  ішінде: 
Ферғана  облысында  ондаған  мың  өзбек  Ошқа  қарай 
шыққалы  тұр",  "Кешеден  бері  алайлық
мініпті  деген  жайсыз  хабарлар  жанымызды  жегідей  жеп
Сонда Өзбекстандағы  әр  түрлі  қоғамдық ұйымдардың 
басшыларына  қаратып:  "Ендігі  жерде  сенікі  дұрыс  емес, 
менікі  дұрыс  сияқты  сөзді  доғарайық.  Шындап  келгенде, 
екі  жақтан  да  қателік  кетті.  Қайтып  дауды  өршітпейік,"
—  деген  ұсыныс  айттым.  Жиналғандар  тегістей  қолдау 
көрсетті.
Араға  аз.  уақьгг  салып,  менің  келгенімді  естіген 
Өзбекстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің  бірінші 
хатшысы  Ислам  Каримов  та  әуежайға  жетті.  Іскер  жігіт 
екені  сөзінен,  жүріс-тұрысынан  көрініп  тұр.  Оңаша 
отырып  әңгімелестік.  Менің  айтқаным:  "Ошқа  басып 
кіреміз  деп  тұрған  ферғаналық  күпггерді  тоқтатыңыздар. 
Бір  қозғалып  кетсе,  ашулы  топты  ақылға 
шақыру 
оңайға  түспейді.  Соңы  қырғынға  ұласуы  мүмкін.  Біз  өз 
жағымыздан 
Ош 
облысын 
тыныштандыруға 
әрекет 
етеміз",  — дедім.
Исламның ойы да сол өкен.  Сөзімді бірден мақұл көрді. 
Ұшақтың трапына дейін шығарып салып,  қоиггасты.
Ош  облысына  барып,  жағдаймен  танысқан  соң, 
Өзбекстан  теледидарынан  республика  халқына  арнап  сөз 
сөйледім.  Оқиғаның  неден  басталғанын  сараптай  келе, 
қақтығыс 
осылай 
өрши 
берсе, 
қандай 
апаттарға 
кезіктірерін  қадап-қадап  айттым.  Жанымда  Әділ  Якубов 
пен  Пірімқұл Қадыров  болды.
Ол  екеуі  де  менің  пікірімді  қолдап,  озбек  халқын  са- 
бырлылыққа шақырды...
Сол  жолы  ғасырлардан  бері  іргесі  ажырамаған 
туысқан  екі  халықтың  арасындағы  кикілжіңді  басуда  Ис­
лам  Каримов  үлкей  басшыға  тән  парасат,  азаматтық 
мінез танытты.

Бірде 
қазақстандық 
ПЕН-клуб 
кеэекті 
мөжілісін 
Қостанай  қаласында  өткізген.  ПЕН-клубтың  басшысы 
Әбдіжәміл Нұрпейісовтың шақыруымен мәжіліске қатысып, 
Франкфуртқа  қайтар  жолда  Ташкентке  соқтым.  Кешке 
қарай  мен  түскен  жерге  Ислам  Каримов  келді.  Сөитіп, 
екеуміз  талай  сағат  әңгіме-дүкен  құрып,  Кіндік  Азияның
қазіргі заманғы  мәдениеті жайында ой өрбітпк.
Ислам  сөзімді  ынта  қоя  тыңдап,  өзінің  де  көкейде 
жүрген  келелі  ойларын  ортаға  салып  отырды.  Бұрын  оны 
тек  шаруашылықтың  ғана  бүге-шігесіне  дейін  білепн 
алымды  азамат  деп  ойлаушы  едім.  Ел^ мен  жердің  тари- 
хына  қанық,  жалпы  көркемөнердің қай  саласынан да  мол 
мағлұматы  бар  қайратКер  екеніне  көзім  жетгі.  Кейін 
Ташкент  қаласында  бой  көтерген  Орталық  Азия  ха- 
лықтарының  Мәдениет  ассамблеясын  (ОАХМА)  құру 
идеясы да сол жолғы терең сырласу үстінде туып еді.
Шаханов.
  Иә,  1995  жылы  сол  Мәдениет  ассамблеясы
ашылып,  оған  өзіңіз  бір  ауыздан  президент  болып  сай- 
ландыңыз.  Егемендік  алған  соң,  жеке-жеке  шаңырақ 
көтеріп,  байырғы  байланысын  үзіп  алған  әдебиет  пен  он­
ер  қайраткерлері  емін-еркін  сырласып,  ортак,  проблема- 
ларды  қозғап,  бір  жасап  қалды.  Сол  келелі  жиында өзбек 
ақын-жазушылары:  Әділ  Якубов,  Шүкіролла,  Абдулла 
Арипов,  Аман  Матжан,  Якубжан  Хожамбердиев,  Ахмад-
жан  Мелибаев,  Ж амал  Кемал,  кинодраматург  Хайрулла
Ж ураевтармен  жүздесіп,  Ислам  Каримов  жайлы  жылы 
пікір  естідім.  Қаламдас  достарымның  барлығы  да  респуб­
лика  Президентінің  көшелі  парасат  иесі  екендігін  айтты. 
Тіпті  бір  жылдың  ішінде,  басқасын  былай  қойғанның 
өзінде,  мынадай  қиын  кезеңде  ақын-жазушыларға  елу үй 
бергізгені  (тек  Ташкент  қаласының  өзінде)  рухани  бай- 
лықтың  көсегесін  көгертуге  жасаған  зор  қамқорлығы
емес  пе? \
Ж асыратын  не  бар,  бүрын  әр  түрлі  алыпқапггы 
әңгімені  көп  естігендіктен  бе,  Ислам  Каримовке  саясат- 
кер  ретінде  сырттай  риза  болмай  жүретінмін.  Сол  сапар- 
да  бүрынғы  көзқарасымнан  айнып,  бауырлас  елдщ  Пре- 
зидентіне деген  құрмет сезімім оянып  қайтты.
Айтматов.
  Атақты  Әмір  Темір  көрегенге  қатысты 
балалау кезімде  естіген  бір  аңыз  жадымда қалыпты.
Ұлы  әмірші  өз  тұсында  Бұхара  мен  Са- 
марқантта 
сәулет 
өнерін 
ерекше 
дамытып, 
мұнаралары  көк  тіреген  кесенелерді,  мешіттерді 
көптеп  салдырып,  оқу,  білім  орталығына  айнал-

дырды  емес  пе?  Иранбақтары  мен  хауыздарының
әсемдіп  сондай,  шетел  жиһанкездері  талай  мөрте 
аңыз  ғып,  тамсана  жазған.  Сөйтіп,  әспеттеп  отырған 
екі қаласын шайқы ақын Хожа Хафиз:
Шираздағы  түркі аруы  сүйсе мендей
бейиіараны,
Берер едім  бір меңіне  Самарқан  мен
Бүхараны,  —
деп  сұлу  қызға  арнап  жыр  жазып,  сырттай  сатып 
жібергенін  естіген әмірші:
— Келтіріңдер алдыма!  Бір  меңге бола менің қос 
шәһарымды  бере  салған  мырзаның  кім  екенін  көре- 
йін,  —  демей  ме  қаһарланып.  Ел  кезіп  журген 
шайыр  қапелімде  таптыра  қоймайды.  Бірде  Әмір 
Темір Сарайының алдына шығып,  кун шуақта тұрса, 
сонадайдан  жылыстап  Хафиз  кетіп  бара  жатыр 
дейді.  Темірдің  күзетшілері  тырп  еткізбей,  ұстап 
алып, дедектетіп, әміршінің алдына алып келіпті.
— Самарқан  мен  Бұхараны  саудаға салған  сен 
бе?  — дейді Ақсақ Темір  айбаттанып.  Сонда  Хожа 
Хафиз тұрып:
— ¥лы әміршім,  бар дәулетім  бойымда,  оның да 
түрін  өзіңіз  көріп  тұрсыз.  Жарлы  адам  жомарт 
келеді.  Сұлудың  меселі  қайтпасын  деп  бере  салып 
ем, 
депп.
Әмір Темір  қараса,  шынында да,  устіндегі өрім- 
өрім  шапаны  мен  аяғындағы  жыртық  кебісінен 
басқа дәнемесі де ж оқ екен.
—  Нағыз  еркектік,.  ақындық  мінез!  —  деп, 
күліп жіберіпті  сонда.
—  Мен  —  әмірші  болсам,  сен  —  ұлы  шайыр- 
сың.  Сарайымның  төрі  сенікі.  Қалған  ғұмырыңды 
уайымсыз 
шалқып 
өткіз! 
Шығармашылығыңа
еркін кіріс!
Сосын  сәл-пәл  тыныс  алып,  айналасында 
тұрған уөзірлеріне  оқты  көзін  қадап тұрып:
—  Патшасы  ақынын  іздеген  ел  бақытты,  ал 
ақыны  патшасын  іздеген  ел  сорЛы.  Осыны  ес-
терінде ұстаңдар!  — депті.
Шаханов.
  Ал  енді  қазіргімізге  бет  бұралық.  1995 
жылдың  жазында  қырғыз  баспасөзі:  "Ойбай,  Айтматов 
президент  сайлауына  түседі  екен"  дегенді  гүмпілдете 
жазып,  жұртты біраз  елеңдетті.

Сіздің  қьфғыз  еліне,  куллі  түркі  дүниесіне  қадір- 
барқыңызды  жақсы  білетіндер:  "Несі  бар,  Шікең  Прези­
дент  болса  болып  кетеді",  —  десіп,  алыпқашты  өңпменің
көрігін  басып,  қыздыра  түсті.  Бұл пікір  екі  ұдай  боп,  бел 
ала  бастаған  тұста,  Бельгиядан  өзіңіз  телефон  соғып 
қалдыңыз.  Ел ішіндегі  гулеген  гәпті  жеткіздім.  Сонда  Сіз:
_  Маған  жақын,  әрі  қырғыз  еліне  қалыс  адам  ретінде
өзің  баспасөз  арқылы  сұхбат  беріп,  мұның  шындыққа 
жанаспайтын  әңгіме  екенін  айтсаңшы,  бұл  екі  араға  от 
жаққысы  кеп  жүрген  біреулердің  пендешілігінен  туған
нәрсе  шығар, — деп,  өтініш  айтқансыз.
Ж едел  сұхбат  ұйымдастырып,  қырғыз  топырағында 
бебеулеп  тұрған  бұл  қауесеттің  өршімеуіне  себепші  бол- 
дым.  Кейіннен  Нурсултан  Назарбаев  та  маған  Сізбен 
францияда жолығып,  осы тақырып  төңірегінде  сыр  бөліс-
кенін  айта келіп:
_Шікең  президенттікті  не  қылсын..  Құдайға  шүкір,
атақ-абыройы  еш  президенттен  кем  емес.  Ж ұрттың
шығарып жүрген өсегі ғой, — деген.
Шіке,  о  баста  президенттікке  республика  парла-
ментінің  мүшелері  Сіздің  кандидатураңызды  ұсынған  кез­
де,  одан  бас  тартып,  сол  орынға  Асқар  Ақаевтың  есімін 
атағаныңыз  ел-жүртқа  жақсы  мәлім.  Осы  оқиғаның  басы- 
қасында 
жүрген 
қаламгер 
інщіз, 
ортак, 
досымыз, 
Қырғызстанның  сол  тұстағы  демократтарының  бірі 
Қазат Акматовтың бүл жайында былаи өңгіме өрбғгкені бар.
"1990 
жылдан 
бастап 
өзім 
басқаратын 
"Қырғызстан  демократиялық  қимылы"  (ҚДҚ)  пар- 
тиясы  парламент  мөжілісіне  елде  президенттік 
билікті  енгізу  жайлы  ұсыныс  түсірумен  болды. 
Бул  бастамаға  алғашқыда  ешбір  депутат  қолдау
көрсетпегенімен,  уақыт өте  келе,  бізді  жақтағандар
саны  молая  түсті.  Бірақ  осы  кездегі  К,ырғызстан 
Компартиясы  Орталық  Комитеті  тарабынан  бұл
ұсынысымыз  қатты  қарсылыққа ұшырады.
Қырғызстан  жеке  республика  болып,  Одақтан 
енші  алып  шығады  деген  ой  үш  уйықтаса  түсіне 
кірмеген  олар:  —  Кеңес  Одағында  бір  Президент 
бар.  Сол  жетеді.  Эр  республика  сайын  Президент 
сайлаудың  еш  қажеттігі  жоқ,  —  деп,  ең  жоғары
биліктің тізгінінен айырылар болмады.
Сол  жылы  қараша  айында  өткен  мөжілісте  пре-
зидентгік  билікті  қолдаушылар  көптеген  талас-
тартыстың  нәтижесінде  жеңіске  жетті  де,  республи-

кадағы  партия  ұйымы  саяси  сахнадан  біраз  уақытқа 
болса да кетті.
Президенттікке  ұсынылған  кандидатуралар  екі 
турда  да  қомақты  дауыс  жинай  алмай,  парламент 
саяси  тұйыққа  тірелді.  Әрі-бері  ырғасып,  ақыры 
сессия  25  депутаттан  тұратын  комиссия  құруға 
шешім 
шығарды. 
Ішінде 
мен 
де 
бармын. 
Мақсатымыз  К,ырғыз  Республикасының  алғашқы 
Президенті  ғып  кімді  ұсынамыз  деген  толғақты 
мәселенің кесімді  жауабын табу еді.
Біздің  қорытынды  пікірімізді  сессия  сарсылып, 
үш  күн  бойы  күтті.  Келе-келе,  комиссия  мүшелері 
екіге  жарылды.  12  депутат  жалпыхалықтық  рефе­
рендум  өткізейік  деп,  президенттікке  республика- 
ның  бұрынғы  басшысын  әкелуге  күш  салса, 
қалған  он  екісі  (бір  депутат  сырқаттанып  қалған) 
жаңа 
кандидатуралар  ұсынайық  деген 
пікір 
қозғап,  екі  ортада дау өршіді.  Саяси  науқанға  жіті 
көз  тігіп  отырған  ел  аса  абыржулы.  "Қырғызстан 
демократиялық  қимылы" 
(КДК,) 
партиясының 
ұйымдастыруымен  "Айтматов  Президент  болсын!" 
деп,  плакат  көтерген  жастар  ертеңді-кеш  сессия 
өтіп  жатқан  ғимаратты  қоршап  тұрды.  "Ақ  үйдің" 
жанында  140  кісі  аштық  жариялап  жатты.  Осын­
дай 
тығырыққа 
тірелген 
шақта 
комиссия 
мүшелері:
— 
Президенттікке  Айтматовтың  кандидатура- 
сын  ұсынайық,  — десті.  Ол  кезде  Шікең  Мөскеуде 
болатын.
— 
Қазір  телефонмен  байланыс  та,  тез  шақыр! 
Келсін! 
—  десті  науқанның  бел  ортасында 
жүргендер  бір  ауыздан.  Жаныма  Төлеміш  Өкеев 
пен  Барпы  Рыспаевты  алып,  Шікеңе  хабарласып 
ем,  үйінде екен.
Айтқан  жаңалығымды  әбден  тыңдап  алған 
Айтматов: — Менің  Президент  болуға дайындығым 
да,  ықыласым  да  жоқ.  Ниеттеріңе  мың  да  бір 
рақмет,  бұл  —  өте  жауапты  әрі  мәртебелі  орын. 
Сондықтан  оған  экономист,  заңгер  немесе  ауыл 
шарушылығының маманы лайық.  Жазушылық өне- 
рімді  лауазымға  айырбастағым  келмейді.  Ойымда 
жүрген  көптеген  дүниелерім  бар,  соны  іске  асыр- 
сам  да  жетер,  —  деп  азар  да  безер  болды. 
Келісіміңізді  берсеңіз  бітті,  Президент  болып  сай- 
ланып  тұрсыз  дедік.  Расында  да,  бұл  сөзімізде

үлкен 
шындық  жатыр 
еді. 
Егер 
Айтматов: 
"Жарайды,  өздерің  біліңдер”,  —  дегенде,  парла- 
менттің  оны  Президент  етіп  сайлайтынына  титтей
де  күмөн жоқ.
— Өзіңіз  кімді  ұсынар  едіңіз?  —г дедік,  ақыры
көнбейтініне  көзіміз  анық жеткен  соң.
— Бәрекелді,  жөнге  енді  келдіңҚер,  —  деді  ол
жұмсарып.  —  Мысалы,  мен  президентпкке  Аскдр
Ақаевтың  кандидатурасын  ұсынар  едім.  Бүл  өзі
білімпаз,  парасатты,  адал  жігіт,  ысыла  келе,  одан
өте  жақсы  ел басшысы  шығуы  мүмкін.
Сіздің  атыңыздан  парламентке  осылай  деп
ұсыныс түсіруге бола ма?
_Иә,  парламентке  менің  атымнан  сөлем  ай-
тыңдар.  Асқарды  сайласа,  елге  де,  өздеріңе  де
дүрыс  болады. 
>
Асқар  бұл  кезде  Мәскеуде  КСРО  Ж оғарғы
Кеңесінің мөжілісінде жүрген...
Дағдарып  отырған  парламенттің  114  депутаты
заңғар  жазушының  бұл  пікірін  естігенде,  шырай-
ланып сала берді.
Сөйтіп,  екінші  турда  басым  дауыс  жинаған
Асқар  Ақаев  Қырғыз  Республикасының  тұңғыш 
Президенті боп сайланды".
Шіке, 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет