AND – және;
OR – немесе;
NOT – емес;
LIKE – белгісіз символдары бар қатарды іздеу кезінде масқа құруға пайдаланылатын
функция. Бұл кезде арнайы символдар қолданылады: ? – кез келген бір символ; * -
символдардың кез келген тізімі, # - белгісіз цифр;
BETWEEN AND – аралықтан таңдау операциясы;
^ - дәрежеге шығару операциясы;
\ - бүтінге дейін дөңгелектеп бөлу операциясы;
& - символдық берілгендерді қосу операциясы (оны «+» белгісімен де жазуға
болады).
Мысалы:
BETWEEN 1945 AND 1950 шарты >= 1945 AND <=1950 шартына эквивалентті;
LIKE *5* - құрамында «5» символы бар жазбаларды іздеу шарты.
Өрнек құрастырушы терезесін пайдаланып сұраныс құруға мысал қарастырайық.
Айталық, Сотрудник атты ДҚ-да Разрядтар және Қызметкерлер деген атпен екі кесте
бар болсын (8 (а)-сурет).
а)
ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
146
ә)
б)
8-сурет. Сотрудник ДҚ және Разряд, Сотрудник кестелері.
Разряд (8 (ә)-сурет) кестесінде разрядтар мен оларға тиісті жалақылар, ал
Сотрудник (8 (б)-сурет) кестесінде қызметкерлер және олардың сәйкес разрядтары мен
жүктемелері енгізілген. Екі кестені пайдаланып, қызметкерлердің жалақысы есептелген
қажетті сұраныс кестесін құру алгоритмі төмендегідей:
1) Сотрудник ДҚ-да Сервис
Берілгендер схемасы командасы бойынша Раязряд
кестесіндегі код өрісі мен Сотрудник кестесіндегі Разряд өрістері арасында
«бірі
көбіне» байланысын орнатамыз (9-сурет);
9-сурет. «Бірі
көбіне» байланысының көрінісі
2) Сұраныс объектісіндегі Конструктор режімінде жаңа сұраныс құрамыз;
3) Конструктор режімінің Сұраныс терезсінің төменгі жағындағы бағандарда
Сотрудник кестесінен сотрудник пен ставка, ал Раязряд кестесінен разряд өрістерін
таңдаймыз (10-сурет).
10-сурет. Сұранысқа қажетті өрістерді таңдау.
4) Төртінші бағанда жаңадан Жалақы (Зарплата) өрісін ашып, сол бағанда жанама
мәзір көмегімен Өрнек құрастырушы (Построить
Построитель выражений) терезесін
ашамыз да қызметкердің тиісті жалақысын есептейтін формуланы енгізгеннен соң ОК
батырмасын шертеміз (11-сурет);
ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
147
11-сурет. Өрнек құрастырушы терезесінде жазылған формула.
5)Конструктор режімінде ашылған сұраныс терезесіндегі соңғы өзгерістерді сақтай
отырып терезені жабамыз.
Осы алгоритмдерді орындай отырып 12 (а)-суреттегідей сұраныс кестесін алуға
болады. 12 (ә)-суреттегі Жалақы (Зарплата) өрісінде әрбір қызметкердің жүктемесі мен
разрядына сәйкес тиісті жалақылары есептеліп көрсетілген.
а)
ә)
12-сурет. Конструктор және қалыпты режімде ашылған сұраныс кестесі.
Қорытынды (итоговый) параметрін таңдап, сол терезедегі Қорытынды (Итоги)
батырмасын шерткенде математикалық қорытынды есептеулер немесе статистикалық
есептеулерді орындайтын сұхбаттық терезе шығады (13-сурет).
ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
148
13-сурет. Қорытынды (итоговый) параметрін таңдау терезесі.
Қорытынды ретінде әр топтағы арифметикалық ортаны, минимумді, максимумды,
жазбалар санын есептеуге болады. Тізімдегі кейбір функциялардың атқаратын қызметтері:
Функциялар
Атқаратын қызметтері
Sum
өрістің барлық мәндерін есептеу;
Avg
арифметикалық орта мәнін есептеу;
Max
өрістердің берілген мәндерінің максимумын анықтайды;
Min
өрістердің берілген мәндерінің минимумын анықтайды;
Count
өрістердегі жазулар санын анықтайды;
First
өрістің бірінші жазбасының мәні;
Last
өрістің соңғы жазбасының мәні;
Қорытынды сұраныс даярлау үшін Сұраныс Конструкторының аспаптар панелінде
Топтау операциялары (Групповые операции) батырмасын басып, сұраныс бланкісінің
төменгі жағына Топтау операциясын жолын енгізу қажет. Қорытынды жүргізілетін өрістің
ұяшығында топтау операциясын таңдап аламыз.
Айқасқан сұраныс (Перекрестный запрос) – берілген кесте немесе сұраныс
негізінде қорытынды мәндерді есептеуге арналған кесте құру операциясы. Оның әрбір
қатарына және бағанына атау беріледі де олардың қиылысуында қорытынды мәндер
жазылады. Оның шеберін іске қосу үшін Сұраныс жапсырмасындағы Құру
батырмасынан Айқасқан сұранысты таңдап, ОК батырмасын шерту керек. Айқасқан
сұраныс құру үшін бастапқы кестеде жаңа кестенің қатарлары мен бағандарының
атауларын қалыптастыруға қажетті мәліметтер бар деп есептелінеді. Шебердің жұмысы 5
қадамнан тұрады:
1) 1-қадамда – сұранысқа қажетті кесте таңдалады (14-сурет);
14-сурет. Айқасқан сұраныс шеберінің 1-ші қадамы.
2) 2-қадамда – сұранысқа қажетті өрістер таңдалады (15-сурет);
ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
149
15-сурет. Айқасқан сұраныс шеберінің 2-ші қадамы.
3) 3-ші қадамда – мәндері бағандарды түзуге пайдаланылатын өрісті таңдау (16-
сурет);
16-сурет. Айқасқан сұраныс шеберінің 3-ші қадамы.
4) 4-ші қадамда – қорытынды жасау үшін қажет функцияны таңдау, мысалы –
максимум (17-сурет);
17-сурет. Айқасқан сұраныс шеберінің 4-ші қадамы.
5)5-ші қадам – құрылған сұранысқа жаңадан ат беру немесе үнсіздік бойынша
берілген атауды қалдыру (18-сурет).
18-сурет. Айқасқан сұраныс шеберінің 5-ші қадамы.
ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
150
Айқасқан сұраныстың қорытынды кестесі 19-суретте келтірілген.
19-сурет. Айқасқан сұраныс терезесі.
Егерде бастапқы кестедегі мәліметтерге қандай да бір өзгерістер енгізсек, айқасқан
сұраныс терезесінде сол өзгерістер автоматты түрде орындалады. Мысалы, бастапқы
кестедегі (Таблица2: таблица) берілгендері өз қалауымызша өзгертейік (20 (а)-сурет).
Айқасқан сұраныс терезесінде де сол өзгерістерді байқауға болады (20 (ә)-сурет).
а)
ә)
20-сурет. Өзгерістері сақталған айқасқан сұраныс терезесі.
2. Қалып және есеп.
Access-те кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы түрде экранда
бейнелейтін және оларды басқаратын құрал ретінде формалар қолданылады. Формалар
берілгендерді кесте түрінде немесе оларды экран бетіне қалауынша орналастыруға
мүмкіндік беретін, Access объектілерінің бірі. Формаларды құру тәсілдерінің жеңілдігі,
әртүрлілігі және олардың сыртқы түрлері Access программасының БҚБЖ-нен артық
болуына әсер етеді.
Автоформалар.
Access-те форманың, автоматты түрде құруға болатын, үш стандартты түрі бар:
бағандық автоформа, таспалық автоформа; кестелік автоформа. Бағандық формада
кестенің барлық өрістері баған түрінде орналасқан. Экран бетінде оның бір ғана жазбасы
көрінеді. Таспалық форма кестеге ұқсас, бірақ ондағы берілгендер кестедегідей жинақы
ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
151
емес, олардың әрқайсысы бір таспада жазылған. Кестелік форма сыртқы түрі бойынша
кестеден айырмашылығы жоқ.
Форма шебері мен конструкторы.
Жаңа форма терезесінде Форма шеберін таңдап және кесте атауын көрсетіп, ОК
түймесін шерту арқылы Форма шебері іске қосылады.
Программа форма құру барысында кестенің барлық өрістерін экран бетіне
сыйдыруға тырысады. Оның форма құрудағы әсемдік сапасы ұнамаған жағдайда оны
конструктор режимінде ауыстыруға болады. Басқару элементтерінің басқа элементтерден
айырмашылығы оларды міндетті түрде программалау керек.Әйтпесе олардың ешқандай
пайдасы жоқ.
Access-тегі есеп объектісі.
Access-тегі
есеп объектісі-БҚ-дағы мәліметтерден қолданушыға қажетті
мәліметтерді басып шығаруға дайындалған есеп құжаты. Форма мен есеп объектілерінің
құрылымдары ұқсас, яғни формада айтылған мәліметтердің көбі есеп объектісі үшін де
орынды. Есеп құру кезінде жұмыстың басым көпшілігі оның конструктор режимінде
орындалады. Есеп құрылғаннан кейін оны баспаға басып шығаруға болады.
Автоесептер.
Есепті автоматты түрде құруға болатын таспалық және бағандық автоесептер деген
екі тәсіл бар. Автоесеп құру үшін Жаңа есеп терезесінде оның бір түрін белгілеп және
терезенің төменгі жағында қажетті кесте не сұранысты таңдап, ОК түймесін шерту керек.
Таспалық автоесептерде өрістер көлденең, ал бағандық автоесептерде тігінен орналасады.
БҚ жасау алғашқы кестені құрудан басталады. Ал кестеде оның өрістері және сол
өрістердің типтері мен қасиеттері анықталады.
Қолдануға дайын кесте жасалған соң, қолданушы оны толтыруы тиіс. Кестені
информациямен толтырмас бұрын оның өрістеріне мағынасы бар жаңа атаулар берілуі
керек.
Сұраныстар арқылы бір және бірнеше байланысқан кестелерден берілгендерді,
анықталған шарт бойынша, іріктеп алуға болады.
Access-те кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы түрде экранда
бейнелейтін және оларды басқаратын құрал ретінде формалар қолданылады. Формалар
берілгендерді кесте түрінде немесе оларды экран бетіне қалауынша орналастыруға
мүмкіндік беретін, Access объектілерінің бірі. Формаларды құру тәсілдерінің жеңілдігі,
әртүрлілігі және олардың сыртқы түрлері Access программасының БҚБЖ-нен артық
болуына әсер етеді.
Есепті автоматты түрде құруға болатын таспалық және бағандық автоесептер деген екі
тәсіл бар. Автоесеп құру үшін Жаңа есеп терезесінде оның бір түрін белгілеп және
терезенің төменгі жағында қажетті кесте не сұранысты таңдап, ОК түймесін шерту
керек. Таспалық автоесептерде өрістер көлденең, ал бағандық автоесептерде тігінен
орналасады.
Бақылау сұрақтары:
1.
Сұраныс дегеніміз не?
2.
Қалып, есеп дегеніміз не?
3.
Сұраныстың түрлерін атаңыз?
4.
Айқасқан сұраныстың құру қадамдарын атаңыз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. С.Симонович, Г.Евсеев, А.Алексеев «Специальная информатика», Москва, «Аст –
Пресс – книга», 2003г.
2. Симонович С. В. И др. «Информатика. Базовый курс.», Санкт-Петербург, Питер, -
2001г.
ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
152
3. Фигурнов В.Э. «IBM PC для пользователя», Москва, ИНФРА-М, -1998г., изд.7.
4. Е.К.Балапанов, Б.Бурибаев «Новые информационные технологий. 30 Уроков по
информатике», Алматы, 2001г.
5. А.В.Андреев, И.Б.Беккерман, В.И.Гриднев «Основы информатики и
вычислительной техники», «Феникс», 2002г.
6. Ермеков Н.Т. и др. «Информатика: базовый курс», Алматы «Атамұра», 2003г.
7. Сеннов А.С «Курс практической работы на ПК», БХВ – Петербург, 2003г.
9. М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева “Информатика” Астана, 2004.
10. О.Камардинов «Информатика» I, II том. Алматы, 1994г.
11. Қ.А.Ахметов, Б.Д.Шарипова, Г.К.Ордабаева, А.А.Тенгаева «Информатика»,
Алматы, 2007ж.
12. «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша электронды оқулық»
Ұлттық ақпараттандыру орталығы, 2007ж.
Тақырыбы: Тұсаукесерді даярлау құралы – MS POWER POINT.
1. MS Power Point құжатының құрылымы және негізгі элементтері.
2. Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу. Презентация
материалдарын баспаға шығару.
1. MS Power Point құжатының құрылымы және негізгі элементтері.
Microsoft
PowerPoint
– Microsoft Office-тiң құрамындағы презентация
материалдарын
дайындауға арналған программа.
Бұл
программа
кодоскоптарға және 35 мм-лiк мөлдiр қабыршақтарға (пленка) арналған слайдтар,
қағазда үлестiрiлетiн материалдар, компьютер экранында анимациялық көрiнiстердi
бейнелей алатын тұсаукесерлерді дайындау мүмкiндiгiн бередi. Microsoft PowerPoint
программасында баяндама немесе мекеменiң ашылу салтанаты т.с.с әртүрлi
материалдарды оның дыбыстық және мультимедиалық мүмкiндiктерiн пайдаланып
жандандырып жiберуге болады.
MS Powerpoint программасын жүктеудің ең қарапайым тәсілі – есептер тақтасындағы
Пуск
Программы
Microsoft PowerPoint қатарында тышқанды шерту.
Powerpoint программасы iске қосылған мезетте презентация құрудың тәсiлдерiн
таңдау және бұрын құрылған презентацияны оқу мүмкiндiгiн беретiн сұхбаттық терезе
ашылады (1-сурет).
1-сурет. Power point программасының сұхбаттық терезесі.
Автомазмұн шеберi (Мастер автосодержания) ауыстырғышы таңдалса, жаңа
презентация, белгiлi тақырыпқа сәйкес мәтiн және безендiру элементтерi енгiзiлiп
ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
153
сақталған презентациялар тiзiмiнен қажеттiсiн таңдап, сатылы түрде сұрақтарға жауап
бере отырып құрылады.
Презентациялар
шаблоны
(Шаблон
презентации) ауыстырғышы
өз презентацияңызды бұрыннан безендiру элементтерi сақталып қойылған шаблон түрiне
келтiрiп дайындау мүмкiндiгiн бередi.
Бос презентация (Пустую презентацию) ауыстырғышы ешқандай мәтiн енгiзiлмеген
және безендiру элементтерi пайдаланылмаған таза, бос презентация құру мүмкiндiгiн
бередi.
Презентацияны ашу (Открыть презентацию) ауыстырғышы бұрын – құрылып,
сақталып қойған презентацияны оқу мүмкiндiгiн бередi. Бұл ауыстырғыш қосылғаннан
кейiн, ашуға қажеттi презентация сақталған орынды көрсетудi талап ететiн сұхбаттық
терезе ашылады.
Microsoft PowerPoint программасы iске қосылғаннан кейiн пайда болған сұхбаттық
терезеде Автомазмұн шеберi өрiсiн таңдап, ОК батырмасын шертемiз. Осы кезде
Автомазмұн шеберi iске қосылады (2-сурет).
2-сурет. Автомазмұн шеберi көмегiмен презентация құру терезесі.
Автомазмұн шеберi презентация құру үшiн сатылы түрде мынадай сұрақтарға
жауап берудi талап етедi:
1-шi қадамда Презентацияның түрi, яғни оның жалпы тақырыптық бағытын
таңдаймыз; Келесi қадамға өту үшiн қажеттi тақырыпты таңдаған соң, Ары қарай (Далее)
батырмасын шертемiз.
2-шi қадамда Презентацияны көрсету тәсiлдерi, презентацияның баяндамашы өзi
түсiндiретiн болғандықтан тек иллюстративтi слайдтардан құралатынын немесе
ақпараттық киоск түрiнде дайындалып, көрермендер өз беттерiнше қарауға арналатын
опцияларының бiрiн таңдау қажет;
3-шi
қадамда Презентацияны шығару материалының форматы, қағазға
басылатынын, фотографиялық слайд немесе электрондық презентация болу керектiгiн
көрсету қажет.
4-шi қадамда Қосымша мәлiметтер: презентацияның тақырыбы және титулды
слайдта жазылатын мәтiндердi терiп жазамыз.
Осы сұрақтардың бәрiне жауап алғанннан кейiн автомазмұн шеберi презентацияны
дайындайды. Тиiстi мәлiметтердi енгiзгеннен кейiн Дайын (Готово) батырмасын шертемiз.
Дайын болған презентациядағы мәтiндердi өз ыңғайымызға қарай өзгертiп, арнайы
эффектiлер қосып, көркемдеу элементтерiн қолдана аламыз. Автомазмұн шеберiн
презентациямен жұмыс iстеп отырған кезде қосу қажет болса, Файл
Құру
(Файл
Создать) командасын орындап, ашылған сұхбат терезенiң Презентациялар iшкi
бетiнде Автомазмұн шеберi шарт белгiсiнде тышқанды екi рет шерту жеткiлiктi.
PowerPoint программасында көркемделiп, дайындалған презентациялар шаблондар
түрiнде сақталынып қойылған. Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдалана отырып,
ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
154
өз презентациямызды құруға болады. Шаблондарды пайдаланып құру әрекетiн PowerPoint
программасы iске қосылған мезетте ашылған сұхбат терезеде Презентациялар шаблоны
(Шаблоны презентаций) опциясын таңдау арқылы құру мүмкiндiгi бар. Осы опция
таңдалғаннан кейiн Жалпы (Общие), Презентациялар дизайндары (Дизайны презентаций),
Презентациялар, Web-парақтар (Web-страницы) астарлы беттерiнен түратын,
Презентацияны құру сұхбаттық терезесi ашылады (3-сурет).
3-сурет. Презентациялар шаблоны (Шаблоны презентаций) сұхбат терезесі.
Осы сұхбаттық терезе Файл
Құру командасын жүктегенде де ашылады. Сұхбаттық
терезенiң оң жақ шетiнде орналасқан үш батырма көмегiмен презентациялар тiзiмiн iрi
шарт белгiлер, ұсақ шарт белгiлер және кесте түрiнде көруге болады.
Презентацияның шаблонын тышқан көмегiмен белгiлеген кезде шығатын үлгiден
қарап отырып, өзiмiзге ұнағанын таңдап ОК батырмасын шертемiз. Осы мезетте экранға
Слайд құру сұхбаттық терезесi шығады (4-сурет). Бұл сұхбаттық терезеде қажеттi
слайдтың түрiн көрсетуiмiз қажет. Экранда таңдалған шаблонға сәйкес бос перзентация
пайда болады. Осы презентацияға тиiстi мәтiндердi енгiзiп, арнайы эффектiлер қосып,
көркемдеймiз.
4-сурет. Слайд құру сұхбаттық терезесi.
Бос презентация, яғни ешқандай көркемдеу элементтерi қолданылмаған таза
презентация құру әрекетiн:
1)PowerPoint программасын iске қосу мезетiнде экранда пайда болған сұхбат
терезенiң Презентация құру өрiсiндегi Бос презентация (Пустую презентацию) опциясын
таңдау арқылы;
2) Файл-Құру командасын орындағанда ашылған сұхбат терезенiң Жалпы (Общие)
астарлы бетiнде Жаңа презентацияны (Новую презентацию) шарт белгiсiн таңдау
арқылы;
ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
155
3)Стандарттар саймандар тақтасындағы Құру (Создать) батырмасында тышқанды
шерту арқылы орындауға болады.
Осы әрекеттердiң бiрi орындалған соң экранда Слайд құру сұхбаттық терезесi
ашылады (5-сурет).
5-сурет. Бос презентация (Пустую презентацию) құру сұхбаттық терезесі.
Презентация слайдтарын құрастыру, үйлестiру схемасын таңдау әрекетiн Слайд құру
сұхбаттық терезесiнде жүзеге асыруға болады. PowerPoint программасында слайдтар
белгiленуiнiң 24 түрлi варианты бар. Осы варианттар iшiнен өзiмiзге қажеттiсiн таңдаған
соң ОК батырмасын шертемiз.
Слайдқа мәтiн, сурет, графикалық объектiлерді арнайы шаблон көмегiмен немесе
бос презентацияны құру командалары орындалған соң, Слайд құру сұхбаттық терезесiнде
слайдтағы мәтiн, графикалық объектiлер, диаграммалардың орналасу схемасын таңдай
отырып енгіземіз. Қажеттi схеманы таңдап, ОК батырмасын шерткен соң, экранда слайд
пайда болады (5-сурет). Әрбiр өрiсте әрекеттiң орындалуына байланысты қандай элемент
енгiзiлетiнi көрсетiлiп тұрады. Мысалы, слайдтың жоғарғы жағындағы өрiс аймағында
тышқанды бiр рет шертсек тақырып енгiзiледi т.с.с. Бастапқы уақытта слайд схемасы
дұрыс таңдалмай қалса, оны кейiн өзгертуге болады.
Форматталатын
мәтiндi
ерекшелеп,
белгiлеген
соң
Формат
Қарiп
(Формат
Шрифт) командасын орындағанда ашылған сұхбаттық терезеде немесе
форматтау саймандар тақтасындағы батырмалар көмегiмен тиiстi әрекеттердi
орындаймыз.
Мәтiн енгiзу өрiсiнде оны таңбаланған тiзiм түрiнде жазған ыңғайлы. Стандартты
таңбаларды өзгерту үшiн, таңбаланған тiзiм жазылған өрiсте тышқанды шертемiз де
Формат
Таңба (Формат
Маркер) командасын орындаймыз. Таңбалар (Маркеры)
сұхбаттық терезесi ашылады. Осы тiзiмненен кез келгенiн таңдап, ОК батырмасын шерту
арқылы таңба ретiнде қолдануға болады.
Слайдқа кесте, диаграмма, суреттер енгiзу әрекетiн слайдтың схемасын таңдаған
кезде шығатын өрiс аймағында тышқанды екi рет шерту арқылы енгiзуге болады, яғни
Енгiзу
Сурет (Вставка
рисунок)– командасын орындағаннан соң:
-Картинкалар (Картинки) –Microsoft Clip Gallery объектiлерiн;
-Файлдан (Из файла) – файл түрiнде сақтаулы тұрған суреттердi;
-Автофигуралар – әртүрлi автофигуралар;
-Бiрнеше тармақтан тұратын диаграмма (Организационная диаграмма);
-WordArt объектiлерiн;
-сканерден көшiрме (со сканера);
-Microsoft Word кестесiн енгiзуге болады.
PowerPoint программасының графикалық объектiлердi бейнелеуге арналған басқа
программалардан айырмашылығы бiр мезгiлде бiрнеше слайдтардан тұратын
ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
156
презентациялармен жұмыс iстеу мүмкiндiгiн бередi. Осы себептi слайдтарды қараудың
бiрнеше режимдерi бар:
Слайдтар режимi – презентацияның әр слайдын жеке қарауға және өңдеуге өте
ыңғайлы. Осы режимде мәтiн енгiзуге және өңдеуге, графикалық объектiлер мен
таблицалар енгiзуге болады. Сонымен бiрге өзiмiз дайындаған немесе дайын суреттер,
мәтiндiк түсiнiктемелер енгiзуге болады.
Құрылымдық режим – презентацияның тек мәтiндiк мазмұнын көрсетедi. Бұл
режимде презентациядағы мәтiндi өзгертуге немесе жаңа мәтiн енгiзуге болады. Слайд
режимiнде жасаған безендiру әрекеттерiн құрылымдық режимде орындай алмаймыз.
Слайдтарды сұрыптау режимiнде – презентацияның барлық слайдтары тiзбектелiп,
терезеде орналасады. Тұтас презентацияның түрiне арналған слайдтардың фоны, түстердi
таңдау сияқты ортақ параметрлердi тағайындай отырып, болған өзгерiстердi бақылауға
ыңғайлы. Нақты бiр слайдтың мазмұнын өзгерту мүмкiн емес болғанымен, оларды өшiру,
қайталау, көрсету ретiн өзгерту әрекеттерiн орындауға болады.
Бетке ескертпе жазу режимi – презентация кезiнде баяндамашы қолдану үшiн
беттерге ескертпелер құруға арналған. Бұл режимге көшкен кезде слайдтың кiшiрейтiлген
көшiрмесi беттiң жоғарғы бөлiгiне орналасады да, төменгi бөлiгiн мәтiндiк түсiнiктемемен
толтыруға болады.
Слайдтарды көрсету режимiнде – дайындалған презентация слайдтары бiрiнен ке-
йiн бiрi экранда көрiне бастайды. Бұл режимде қолданылған барлық анимациялық эф-
фектiлер экранда көрiнедi (графикалық объектiлер немесе мәтiннiң әрiптерi бiрiнен кейiн
бiрi жоғарғы, төменгi немесе т.б жақтан ұшып келуi, түсi өзгеруi т.б.).
Осы режимдердiң бiрiне көшу үшiн, Түр (Вид) командасының iшкi менюiндегi қа-
жеттi режимнiң бiрiн таңдаймыз немесе программа терезесiнiң сол жақ төменгi шетiнде
орналасқан режим батырмасының тиiстiсiн шерту жеткiлiктi (6-сурет).
6-сурет. PowerPoint программасында слайдпен жұмыс iстеу режимдерi.
Әрбiр адамның өз қалауы бойынша слайдтардың бiр-бiрiне тәуелсiз мынадай
элементтерiн тағайындауға болады:
Слайд белгiленуi (Разметка слайда) – слайд белгiленуi ретiнде слайдқа
орналастыратын мәтiн, сурет, диаграмма т.б. формасын айтуға болады.
Түрлi түстер схемасы (Цветовая схема) – түстердiң кең мөлшерлi спектрiнен кез
келген түстi таңдау мүмкiндiгiн бередi.
Фон - слайдтағы түстер тек бiртүстi ғана болуы мiндеттi емес. Палитрадағы ұқсас
түстердiң бiрiнен басқасына бiртендеп ауысуға болады. Сондай-ақ, бiр түстiң өзiн
вариациялық түрде қанықтыра отырып, түстiң әр түрлi өрнектерiн шығаруға болады.
Слайд белгiленуiн (Разметка слайда) яғни мәтiн, сурет, диаграмма элементтерiнiң
слайдтта орналасу схемасын презентацияның әрбiр слайдына өз қалауымызша таңдау
ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
157
мүмкiндiгi бар. Слайд белгiленуiн тек презезентация құрылатын кезде ғана емес, онымен
жұмыс iстеп отырып, кез келген уақытта өзгертуге болады.
Слайд белгiленуiн тек бiр слайд үшiн таңдау қажет болса, слайд режимiнде
Формат
Слайд белгiленуi (Формат
Разметка слайда) командасын орындаймыз. Ал,
бiрнеше слайдтың белгiленуiн өзгерту үшiн, осы команданы слайдтарды белгiлеп алған
соң орындаймыз. Бiрнеше слайдтар сүрыптау (сортировка слайда) режимiне ауысып,
бiреуi белгiленген соң, келесiсiнде тышқанды шерту кезiнде Shift пернесiн басып тұру
арқылы белгiленедi.
Түрлi түстер схемасы әрбiр шаблон компоненттерiнiң бiрi болып табылады. Ол
презентацияның әртүрлi элементтерiн безендiруге арналған реттелген сегiз түрлi түстер
тiзбегiнен құралған. Түрлi түстер схемасында слайдтардың фоны бiрiншi орында түрады,
қалған жетi түс фонның үстiне орналасатын мәтiн, диаграмма және басқа объектiлердiң
безендiруге арналған.
Формат
Түрлi түстер схемасы (Формат
Цветовая схема) командасын
орындағанда ашылған сұхбаттық терезенiң Стандартты (Стандартная) астарлы бетiнде
схеманың қажеттiсiн таңдау мүмкiндiгi бар. Ал, Арнайы (Специальная) астарлы бетiнде
түрлi түстер схемасындағы түстердi өзгертуге болады.
Осы сегiз түрлi безендiру элементтерiнiң кез келгенiн өзгерту үшiн, Арнайы
(Специальная) астарлы бетiнде қажеттiсiн таңдап алған соң, Түстi өзгерту (Изменить
цвет) батырмасын шертемiз. Келесi ашылған сұхбаттық терезеде алтыбүрышты түрлi
түстен және спектрден өзiмiзге үнаған түстi таңдаймыз.
Слайдтың бiр бөлiгiнен екiншi бөлiгiне қарай түстiң қанықтылығын өзгертуге және
өрнек немесе текстура түрiнде түстердi әртүрлi етiп дайындауға болады. Түс қанығуы
өзгерiсiнiң арнайы грандиенттi қүю деп аталатын түрiн қолдана отырып, өте әдемi
дизайндарды дайындауға болады. Құю тәсiлдерiн таңдау үшiн Формат
Фон командасын
орындағанда ашылған сұхбаттық терезедегi таңдау батырмасын шерткенде ашылған
тiзiмнен Құю тәсiлдерi (Способы заливки) командасын орындаймыз. Осы мезетте Құю
(Заливка) сұхбаттық терезесi ашылады.
Грандиенттi iшкi бетiнде кез-келген түстiң бiрiн және оған сәйкес штрихтеу типi мен
вариантын таңдап, қажеттi эффектiнi дайындамыз. ОК батырмасын, одан қолдану немесе
бәрiне Қолдану немесе Бәрiне қолдану батырмасының шертемiз.
Текстура және Өрнек (Узор) iшкi беттерiнде слайдтағы фонның түрлерiн әртүрлi
етiп өзгерту мүмкiндiктерi бар. Ал фонға сурет қосу қажет болса, Сурет (Рисунок) iшкi
бетiнде тиiстi форматта сурет жазылған файлдың сақталған орнын көрсету қажет.
Жеке слайдтарды безендiру үшiн, алдымен безендiрiлетiн бiр немесе бiрнеше
слайдты көрсету қажет. Ол үшiн слайдтарды сұрыптау режимiне көшемiз. Қажеттi
слайдтта тышқанды шертемiз. Егер бiр мезгiлде бiрнеше слайдты безендiру үшiн
тышқанды шерту кезiнде Shift пернесiн басулы күйiнде үстап түрамыз. Белгiленген
слайдтар қалың жақтаумен қоршалады. Слайдтарды белгiлеген соң, тиiстi безендiру
әрекеттерiн орындаймыз.
Презентацияны құрайтын слайдтардың барлығы бiр жүйеге келтiрiлуi және анық бiр
материалды тiзбектi түрде бейнелеу мәселесiн шешуi қажет. Презентация арқылы
берiлетiн ақпарат аудиторияда мағыналы қабылдануы үшiн, слайдтар бiрiнен кейiн бiрi
толықтырып отыруы керек. PowerPoint программасында презентация слайдының бiрiнен
келесiсiне өтудiң бiрнеше тәсiлдерi қарастырылған. Слайд фондарын таңдау сияқты,
презентацияның тақырыбына байланысты слайдтан слайдқа өту түрiн де таңдауға болады.
Слайдтардың бiрiнен келесiсiне ауысудың әрқайсысы бiрнеше варианттан тұратын оннан
аса түрi бар:
Достарыңызбен бөлісу: |