Ғабиден мұстафин



Pdf көрінісі
бет5/26
Дата06.03.2017
өлшемі2,21 Mb.
#7800
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

 
ІХ 
 
Бұған  талай  жылдар  ӛтті.  Тоғыз  қанат  шаңқай  ақ  үй.  Түндігінің 
бұрышына  дейін  қызыл  шұғадан  ою  бастырып,  жалпақтығы  жырта  қарыс 
терме  баулармен  айқыш-ұйқыш  шандыған.  Жерошақтың  басында  аспан 
жерге  түскен  ыстықта,  от  пен  күнге  шыжып  құрт  қайнатып  отырған  қызыл 
кемпір осы үйді ұстап тұрған қырық екі бауды үш жыл тоңып азар бітірген. 
Сонда  ақысына  алған  кӛнетоз  қара  бешпеттің  сілімтірі  үстінен  әлі  түскен 
жоқ. 
Ауыл  сыртында  ұзын  желі.  Байлаулы  құлындардың  кӛптігі  сонша, 
биелерді  бір  сауып  шыққанда,  екінші  сауымы  жетіп  тұрады.  Бие  екі-үш 
жерден  сауылады.  Жалаң  аяқ,  балағын  түрініп,  алдына  тері  белдемше 
байлаған  сауыншылар  шелек-шелек  сүтті  қолдасып  әкеле  жатыр.  Ортадағы 
селдір сақал, қатыңқы шал от басындағы кемпірдің байы. Ол мынау ақ үйдің 
неше алуан сырлармен сырланған тор кӛз керегесін екі жыл істеген. Сонда да 
осы үйдің иесінен майын мініп жүріп, жоғалтқан торбестінің борышынан әлі 
құтылып болған жоқ. 
Ақ үйдің оң жағында кішірек қоңырша үй, сол жағында қараша үй. Үш 
үйдің  арасына  керме  арқан  тартылған.  Кермеде  мырзаның  ғана  мінетін 
жорға-жүйріктері  байлаулы.  Ақ  үйдің  кӛлеңке  жағында,  сыртын  кенеппен 
қаптап, жетегін кӛтере байлаған қара пәуеске тұр. Пәуескенің астында қарала 
тӛбетпен  бірге,  жабу  тӛсеніп,  ерін  жастанып,  быр-быр  ұйықтаған 
жылқышыны  тӛбеттің  анда-санда  маңқ  еткен  даусы,  үйде  қымызға 
тойғандардың күжілі дамыл-дамыл аунақшытып қояды. 
Аяғын  шалыс  басқан,  қара  кекілі  қасына  түскен,  қара  кӛзі  жаудыраған 
екі-үш жасар қыз бала жылқышының қорылдаған танауына, біресе, поп-поп 
деп  аузынан  шығарған  деміне  түсіне  алмай,  қапелімде  қыз  бала  аузын 
бұлтитып,  қабағын  түйе  қарады.  Біраздан  кейін  еті  үйреніп,  жылқышыға 
таяна  түсті.  Оның  аузы-мұрнына  үңіліп  келді  де,  қозғалып  тұрған  қара 
мұртқа  саусағын  тигізіп  қалып,  тартып  алды.  Жылқышы  қозғалған  жоқ. 
Саусағын  тағы  да  апарды.  Сӛйте-сӛйте  жылқышының  кеудесіне  жантайып 
жатып,  мұртпен  ойнай  бастады.  Мазасы  кеткен  жылқышы  кӛзін  ашты. 
Баланы  құшақтап  маңдайынан  бір  сүйді  де  «әкеңе  бар»  деп  есікті  кӛрсетті. 
Бала тайталақтап есікке барса да, босағадан тӛрдегілерге одырая қарап тұрып 
қалды. 
Жасы  отыздар  шамасында,  кигені  ақ  жібек  сушенша  костюм,  шашын 
қайырған бір жігіт екі қолын артына ұстап, басқалар отырғанда ол сенделіп 
жүрді. Денелі, мұрты қияқтай, шүңірек кӛз орыс жігіт ақ болыскей крауаттың 
үстінде,  иығындағы  тілдей  оқасын  қисайтпай,  мамық  жастыққа  шынтақтап, 
омырауында салбыраған ӛрме баумен ойнап жатыр. Жерде жиналмалы үлкен 
дӛңгелек  сырлы  столға  қағаздарын  жайып,  қаба  сақал  тілмаш  сырт-сырт 
жазып отыр. 

48 
Sauap.org
 
Тӛр  алдында  омалып  отырғандардың  кейпі  бұлардан  бӛлек.  Желкесі 
күдірейіп,  бұғағы  әукеше  салбырап,  қарны  шермиген  біреу,  барбиған  сұқ 
қолын  шошайта  сӛйлегенде,  даусы  қыр-қыр  етеді.  Онымен  тізелес  отырған, 
ұзын  шапанды,  таңқы  мұрт,  жұмулы  кӛзін  ашпастан,  «иә  хақ»  дегенде, 
безгегі  ұстағандай  селкілдейді.  Күйек  байлаған  тоқты  қошқардай  қыдыңдап 
киіз сумкелі біреулер жүр. Омырауларына қадаған алақандай жезі бар, босаға 
жақтағы екі жігіт тӛрге қарап, қағымпаз тазыдай жалақ-жалақ етеді. 
Шым  шилі,  сырлы  керегелі,  оюлы  ақ  үйде  бас  қосқан  «қасқа  мен 
жайсаңдар»  босағада  тұрған  қыз  балаға  осылай  кӛрінді.  Ол  бұл  кӛріністің 
біріне қызығып, біріне таңданып, бірінен шошып, мӛлдір кӛзін тӛрдегілерден 
алған  жоқ  еді.  Бір  кезде  тӛрдегілер  үріккен  қойдай,  дүрлігіп  есікке  келді. 
Қайсыбіреуі  крауаттың  астына,  шидің  ішіне  сүңгіп  кетті.  Дірілдеген, 
барқыраған  дауыстар  ақ  орданы  басына  кӛтерді.  Сыртта  жер  қозғалғандай 
дүрсіл естіледі. Дауыл келе жатқандай бұрқыраған шаң кӛрінеді. Дүрілдеген, 
шаңдатқан қалың топ шеру тартып келді де ақ орданы қоршап алды. 
— Шығар, Әлібекті! 
— Ұртта қанын! 
— Ат  құйрығына  байла  урядникті!—  деген  дауыстар  сыртта  боранша 
борап  тұрғанда,  үйге  енгендердің  бірі,  ақ  киімді  оқыған  жігітке  пышақты 
салып-ақ  жіберді.  Біреуі  урядниктің  мойнына  шылбыр  салып  ала  жӛнелді. 
Енді  бірі  тілмашты  домалатып  тастап,  стол  үстіндегі  қағаздарды  жинап 
алды... 
«Қасқа мен жайсаңдардың» мәжілісін талқандап, кӛп жӛніне кетті. Үйде 
қызыл  қанға  боялып,  оқыған  жігіт  жатыр.  Дауыс  қылып  қасында  екі  әйел 
отыр. Манағы кекілді қыз бала зәресі ұшқан, шырылдап жүгіріп жүр... 
Бұл,  1916  жылғы  қазақ  халқының  кӛп  кӛтерілісінің  бірі  еді.  Анау 
қансырап  жатқан  жігіт,  елдің  боздақтарын  кӛгендеп,  ақ  патшаның  әмірін 
орындаушы  болыс  —  Әлібек  еді.  Оның  қасында  зарлаған  екі  әйел,  екеуі  де 
соныкі. Бұл күн, қазақ еліне қандай әйгілі болса, сонау қыз балаға да әйгілі 
күн  болды.  Ол  бала  түндерде  шошып  оянатын,  қаттырақ  дауыс  естісе 
шырылдап жылайтын, бірақ оқиғаның неден болғанын білмейтін. Есейе келе 
ел  әңгімесінен,  шешесінің  айтуынан  әбден  түсініп,  есінде  ұмытылмастай 
болып қала берді. 
Сол  бала  Мейрам  кӛрген  Ардақ  еді.  Сол  Әлібек  —  Мейрам  кӛрген 
ызбарлы әке еді. 
 
* * * 
 
Жаздың  сүйкімді  таңдарының  бірі.  Күн  кӛкті  ӛрмелеп,  кӛлеңкелердің 
бойын қысқартып келеді. Ауыл тегіс оянған. Осы кезде сонау белдің астында 
қоймен  бірге  қыбырлап  баpa  жататын  ақсақ  шал,  бүгін  кереге  жалды  қара 
айғырдың үстінде, құрықшасын алдына кӛлденең ұстап, қойды ауыл қасына 
иіріп тұр. Ол мінетін қызыл ӛгіз, арқасы босап, кӛп сиырдың ішінде қотанда 

49 
Sauap.org
 
тұрғанына  түсіне  алмағандай,  шалға  қарап-қарап  қояды.  Күнде  сәске  түсте 
келетін  жылқы  тобы  да  бүгін  ерте  келіпті,  желі  басында  иірулі.  Алқа-қотан 
қонған ауылдың ортасындағы еңсесі кӛтеріңкі боз үйдің маңы қаптаған адам. 
Қолдарында жүген, ноқта, жіп, жан-жақтағы ауылдан аяңдаған жаяу кісі осы 
топқа  келіп  қосылып  жатыр.  Жылқы  кісінеп,  сиыр  мӛңіреп,  қой  маңырап, 
түйе боздап, оған жиылған кӛптің шуылы қосылып, ауыл азан-қазан. Ұласқан 
күшті үн таңертеңгі тұнық ауаны толқындата, ӛзгеше бір күй тартып тұрған 
тәрізді... 
Боз  үйдің  сол  жағындағы  ас  үйдің  есігінде  күзет  тұр.  Үй  ішінде  ерлі-
байлы  екі  адам  отыр.  Әйелінің  кӛзі  бұлаудай,  уһлеген  лебі  оттай.  Байы 
қамауға  түскен  қасқыр  сияқты,  сенделіп  жүр.  Кӛлденеңі  шығыңқы  жалпақ 
бетінде, жылтыраған жылан кӛзінде, үміт белгісі байқалмайды. Құрым үйдің 
жыртығынан сығалайды да түнереді. Сыртқа шығуға еркі жоқ, жан таласқан 
бір адам. 
Бұл кезде, боз үйдің оң жағындағы қоңыр үйде де аналы-балалы екі адам 
отырды. Бұлардың есігі күзетсіз. Сонда да сырттағы думанға араласқан жоқ. 
Кӛп ауырып, сартӛсек болған ана басын зорға кӛтеріп, қасындағы мұнтаздай 
қара кӛз қызға мұңын айтып отыр: 
— ...Біз  мұның  теңі  емес  едік,  менің  басыма  қызықты,—  дейді  ауру 
ана.— Онда, мынау кӛзге байланған шор, беттегі шұбар жоқ. Анаң бір кезде 
ел  аузына  ілінген  қыз  болатын.  Бата  бұзған  оңа  ма,  қарғыс  жібермеді. 
Келгеннен  кейін,  дәл  алты  ай  дегенде,  желек  астында  әулие  шықты.  Бар 
кӛрген  қызығым  осы  алты  ай.  Мынау  тоқалды  ол,  мен  тӛсектен  тұрмай 
жатып-ақ алмақшы болып қойған екен. Одан бергі ӛмірді бала да болсаң, ӛзің 
кӛрдің. Қазір он тӛрттен он беске қарайсың. Менің бұл уақытқа дейін ілініп-
салынып  келгенім,  бір  сенің  арқаң,  қарғам,  әйтпесе  ол  мені  әлдеқашан 
тастайтын  еді.  Тастамағанда  не  оңдырды!  Сүйіп  алып  тұл,  басыбайлы  күң 
етті.  Осынша  малдан  бір  қотыр  лаққа  билігім  келмейтін.  Үстіне  батып 
кіруден, бетіне батып сӛз айтудан мен қалғалы қашан. Тұщы етке тиген ащы 
таяқ, зәрлі сӛз, суық кӛз — жүрекке мұз, ішке шемен болып байланып жатыр. 
«Мың  асқанға  бір  тосқын»  деген.  Әкең  тіпті  асқан  еді,  шырағым.  Асқан 
сайын  бір  тосқын  кездессе  де,  тәубе  қылып  қайтуды  білмеді.  Сенің  жаңа 
жүріп жүрген кезіңде, баяғы прием жылы қанына қарайған ел жиылып, келіп, 
пышақтап бір кетті. Одан кейін осы қызылдар алғашқы бетінде оққа байлап 
атқалы  тұрған  жерінде  ӛзімен  бірге  оқыған  досы  кездесіп,  айырып  алыпты. 
Қазір, міне, үшінші тосу. Бұдан ол құтыла алмайды... Не бар кӛп ойлайтын! 
Қызығын  кӛрген  дәулетім,  қимайтын  ерім  жоқ.  Кіндік  кесіп  кір  жуған 
жерімнен,  бірге  есіп,  біте  қайнаған  елімнен  ешқайда  кете  алмаймын.  «Он 
тӛртте отау иесі» дейді. Сенің де ӛз қолың ӛз аузыңа жетті, орысша, қазақша 
кӛзің ашық, қайда болсаң да сиясың. Қарағым, ендігі арманым  — тек кӛзім 
тірісінде ӛз  қолымнан  сені  құтты  орныңа  қондырып,  шайыңды  құйып беріп 
отырсам  болғаны.  Оған  жеткізбей  мені  қара  жер  тартып  әкетсе  есіңде 
болсын: «тең теңімен, тезек қабымен». «Жалғыз жүріп жол тапқанша, кӛппен 
жүріп адас», «ана кӛрген тон пішеді» — ұқтың ба, қарашығым? 

50 
Sauap.org
 
Тӛмен  қарап,  тып-тыныш  отырған  қалпын  бұзбастан,  кӛз  жасын  мӛлт 
еткізді де: 
— Ұқтым,  апа!—  деді  қызы.  Оның  мӛлдір  қара  кӛзінен  меруерттей 
домалаған  ыстық  жас,  апасының  кӛңілін  бұзды.  Оңаша  үйде  аналы-балалы 
екі адам егіліп жылады, іштегі қайғы-шеменін жаспен жібітті. Ауру ана кӛп 
отыра  алған  жоқ,  тӛсегіне  жантайды.  Қызы  оны  қымтап  жауып,  кӛз  жасын 
құрғатқан  соң,  есік  алдына  шығып,  ауылда  не  боп  жатқанын  қарады  да 
тұрды... 
Мәз-майрам жұрт. Кереге жал қара айғырды жӛтелеп, он қой, бес ешкіні 
айдап,  Шотаяқ  шал  шықты.  Мескүреңнің  үйірін  бӛлісіп  Жантақ,  Асамбай, 
Балғабектер жүр. Боз іңгенді түйеші Ысқақ жӛтелеп барады. Калмагор қасқа 
сиырды  мойнынан  құшақтап,  сауыншы  Үндекей  тұр...  Қасқырды  басып 
алатын  аққасқаға  да  ие  табылыпты,  аңшы  Құтжан  үйіне  қарай  жӛтелеп 
келеді. 
— Олжа қайырлы болсын! 
— Бірге болсын, ӛзіміздің табан ақы, маңдай теріміз ғой. 
— «Дес  тимеске  дес  тиді,  таба-таба  нан  тиді»,—  деген  дауыстар  самп-
самп естіледі... 
Боз үйдің жанында, бағанадан бері әркімнің, атын атап шақырып тұрған 
дауыс басылды. Мал үлестіріліп болды. Боз үйдің киізін сыпырып, біреулер 
арбаға  арта  бастады.  Қараша  үйде  оңаша  отырған  екі  адамды  бақырауық 
сары атанға жеккен тарелейкеге мінгізіп, бір жігіт ұзақ жолға бет алды. Елдің 
бәрінің назары енді осы арбада. Сары атан аяғын еріне басып, белгілі айғайға 
сала  бастады.  Екі  дӛңгелекті  ағаш  арба  қисалаңдап  оған  үн  қосты.  Арба 
үстінде  екі  адам  теріс  қарап  сүмірейіп  салбыраған  басын  кӛтерместен  бара 
жатты... 
— Бүгіннен  бастап,—  деді  бағанадан  бері  жұртқа  мал  үлестірген  ӛкіл, 
тӛңкерілген  қорапқа  шығып.  Оның  денесі  енді  айқын  кӛрінді.  Даусы  анау 
арбалыға  да  анық  естілді.—  Шынжырбалақ  шұбартӛс  Әлібек  Таймасұлы 
біздің  округтің  тізімінен  ӛшірілді.  Анау  жонды  алған  егінжайды,  мынау 
ӛлкені  алған  шабынды,  үлестірілген  кӛп  малды  емін-еркін  пайдаланып, 
қызығын кӛр, еңбекші ел... 
Ӛкіл сӛзін осымен аяқтады. Қуанышты кӛп тарай бастады. Тоғыз қанат 
боз үйдің жұрты ғана қалды. 
Бұл,  1928  жылы,  ірі  байларды  конфискелеу  уақыты  еді.  Есік  алдына 
шығып тұрған қыз бәрін кӛз алдынан ӛткізіп, үйіне еніп кетті. Мейрам кӛрген 
Ардақ — осы қыз. Мейрам кӛрген ызбарлы әке — осы Әлібек. 
 
* * * 
 
Үш  жыл  ӛтті.  Жаз  күні.  Қас  қарайған  уақыт.  Ворошилов  атындағы 
колхозда  ұйықтамаған  үй  кемде-кем.  Кешеде  бір  топ  жас  гармонь  тартып, 
ӛлең айтып жүр... 

51 
Sauap.org
 
Арқасына  таңып  алған  буыншағы  бар,  мойнында  дорба,  қолында  таяқ, 
Әлібек  ымырт  жабыла  осы  колхозға  енді.  Кідірместен,  жан-жағын  болжай, 
шет  кӛшемен  тартып  келеді.  Кішкентай  сары  қанден  шабаланып,  тап-тап 
берсе  де,  алаңдаған  жоқ.  Таяғын  артына  ұстап  жасқаған  күйі  жүре  берді. 
Салып отырып ойнап жүрген жастарға келгенде, олар таңырқап тұра қалды. 
— Тысс, киргиз. 
— Бачеш, нищий. 
— Тілмаш керек,— деді Әлібек. Бір жігіт кимелей қасына келді де: 
— Сен кім? Қазақ емес, орыс емес, а?—деп үңіле қарады бетіне. 
— Мен қазақ. Қайыршы. Нашауайт керек. 
Тілмаш  жігіт  басын  шайқап,  күдіктене  қарап  тұр.  Әлібектің  түрі 
күдіктенерлік  те  еді.  Басында  ескі  шлем,  аяғында  ботинка,  үстінде  шапан. 
Беті  жылтыр  қара,  ыстық  жақтың  адамы  сияқты.  Тәутитіп,  иегіне  сақал 
қойған,  онысы  қырған  жақтың  ӛскен  тұқылдарының  арасында  бір  түп  кӛде 
сияқты  боп  тұр.  Қазақ  қайыршысының  мұндай  түрін  кӛрген  емес,  тілмаш 
жігіт. Сельсоветке апаратын ыңғайын сезген соң: 
— Маған табыншіктің үйін кӛрсет!— деді Әлібек. 
— А, сен оны білемісін? 
— Білем. 
— Ой, ол жақсы қарт! 
Табыншының үйін кӛрсетіп жіберді тілмаш. Ӛзі артынан байқап тұрып, 
Әлібек сонда барғанда ғана, ойынға қайта араласты. 
Әлібек келгенде табыншының үйінде екі-ақ адам бар еді. Бірі — пештің 
үстінде  ұйықтап  жатқан  кемпір,  екіншісі  —  кітап  оқып  отырған  жасӛспірім 
Ардақ. Әлібек есік қаққанда, шамын қолына ала шықты Ардақ. 
— Бұл кім? 
— Аш, қарағым, бӛтен кісі емес. 
— Сонда да? 
— Шошыма, қарағым, мен әкең. 
— А, не дейді!—деп Ардақ бір қуарды, бір қызарды. Кӛзі үлкейіп тұрып 
қалды орнында. Арғы жақтан кемпір келді ұйқылы-ояу. 
— Бұл кім ӛзі? 
— Шеше, мен... 
— Ләиләһа  иллоллаһ  ӛлген  адам  тіріле  ме!—  деді  кемпір,  жағасын 
ұстап. Кейін шегініп бара жатыр. 
— Қорықпаңыздар, дабырламаңыздар, мен тірі. Сондай бір лақап тарату 
керек болды. 
— Кӛкем!—деп  есікке  тұра  ұмтылғанда,  Ардақтың  шамы  ұшып  кетті 
қолынан.  Қараңғыда  мойнына  жабысқан  қызын  үйге  кӛтеріп  еніп,  Әлібек 
дереу  есіктің  күршегін  ілді.  Жылап  керіскен  кемпір  мен  Ардақтың  мауқын 
баспастан, дауысты тоқтатты: 
— Сабыр. Ешкім білмесін. Мен тез кетуім керек. 

52 
Sauap.org
 
Шам  жағылды.  Әлібектің  түрін  кергенде  Ардақ  пен  кемпір  таңдана 
қарап, үн қатпай біраз тұрды. 
— Заман  ӛзгерген  соң,  менің  де  ӛзгергенім  ғой,—  деді  Әлібек.  Барған 
жерімде  жаман  тұрып  жатқаным  жоқ.  Алланың  салғанына  айла  бар  ма, 
менімен  кеткен  балаңыз  да  қайтыс  болған.  Жалғыздық  жаман  екен,  мына 
қарағымды ойлап жүдей түстім. Сонсоң әдейі алып қайтуға келіп отырмын. 
— Бәрінен де бар болғаның жақсы,— деп кемпір сӛзді бӛлді.— Әйтпесе, 
түріңді бұзғаның келіспей-ақ тұр, шырағым. 
— Хе-хе-хе... Бұрынғының адамысыз ғой, сіз. 
— Кӛке-ау!  Осыныңыз  бүгінгінің  адамына  да  ұнамайды.—  деді  Ардақ 
күрсініп. Әлібек жұбата бастады қызын: 
— Үнемі осы қалыпта тұрар деп пе едің, қарағым. Жолдан жүдеп-жадап 
келгендік  қой.  Әйтпесе,  әкеңнің  күйі  жаман  емес.  Жақсы  еңбегім  үшін  жер 
ауған жерімнен күні бұрын босатты — деп, бір қағаз кӛрсетті. Ардақ қуанып 
қалды, оқып шығып тақала түсті әкесіне: 
— Енді басқа жаққа қаңғырып керегі не? 
— Таныс елдің ішінде отыруға ұялам. Аулақта үлкен бір қала салынып 
жатыр.  Адам  кӛп  керек.  Қалған  ӛмірімді  қалада  ӛткізсем,  сені  тәрбиелесем 
деген  бір  ғана  арман  бар  баста.  Ауылдан  шықпай,  үлкен  ӛмірге  араласа 
алмайсың, балам... 
Кемпір  тамақ  қамдауға  тұрды.  Ардақ  әкесінің  қасына  бір  жамбастай 
отырып,  тетрадьтарын  кӛрсетті.  Осындағы  орта  мектепті  биыл  ӛте  жақсы 
бітірген  екен,  кӛңілдене  отырып,  оқу  жайын  айтып  шықты.  Әкесі  ырза 
болып, қызын шашынан бір сипап қойды: 
— Жақсы оқыпсың, балам. Ауыл бұдан артық оқу бере алмайды. Ендігі 
оқу қалада. Қызық та қалада... Не бар мұнда? 
Жас  Ардақты  әкесінің  сӛзі,  алдағы  ӛмір  суреттері  толқытып  жіберді. 
Ӛзінің  де  елегзи  бастаған,  алысқа  кӛз  жібере  бастаған  кезі  еді.  Кетуге 
лоблып, нағашыларын қимай отыр: 
— Нағашы атамның келуін күтсеңізші. Тым болмаса, қоштасып кетейік. 
— Түздегі  адамның  қашан  келетінін  кім  біледі.  Съезге  кетсе  енді  бір 
жұмасыз қайтпайды. Хат арқылы хабарласып тұрармыз. Бүгін түннен қалмай 
кету керек дайындал, балам. 
Кемпір  ауыз  үйде  бүгжеңдеп  самауыр  қойып  жүрді.  Ардақ  кемпірдің 
қасына келіп мұңайып тұрды. 
— Әже!—  деді  бір  кезде  сыбырлап.  Кемпір  соны  асыға  күткендей, 
құлағын тоса тұра қалды. 
— Мен қайтемін? 
— Қайдан білейін, шыбыным. Ӛзің білесің! 
— Нағашы атамның қайтуын да күтпейді. 
— Шолпанымнан  қалған  жалғыз  ұрпақ  сен  едің.  Әкеңе  амал  жоқ, 
әйтпесе шымбайыма батып-ақ тұр,— дегенде, кемпірдің нұры тайған қызыл 
кӛзінен  жас  тамып  кетті.—  Сүйіп  алған  Шолпаныма  опа  қылмаған  Әлібек, 

53 
Sauap.org
 
сені  қай  оңдырар  дейсің,  ӛзің  біл.  Біз  де  басқа  жарыған  жан  емес  едік, 
қаламыз да қурап. Тек сен ренжімесең болады. Шолпанның кӛзіндей болған, 
кӛзіңнен айналайын, мӛлдіреген. Ал, әйтеуір кетпек болсаң, нағашың келмей 
кеткенің  жақсы.  Әлібек  те  соны  ойлап  отырған  шығар.  Шолпанымды  алған 
соң,  мұның  бұл  босағаны  аттап  отырғаны  осы.  Менсінді  ме  бізді.  Шалдың 
одан кӛңілі қалған... 
— Рас, нағашым кӛкемді жек кӛреді. Жамандап маған кӛп сӛздер айтқан. 
Бәрі есімде. Апам марқұм да айтушы еді... Бірақ әже, сізден жасырайын ба, ӛз 
басым әлі түңілген жоқ. Аталық ақы бар ғой. Анада бір ермей қалдым. Тары 
да  ермей  қалсам,  екі  еледі  ғой  сорлы.  Ӛзім  қатты  аяп  тұрмын  осы  жолы. 
Сіздерді де қимаймын. Білмеймін қайтерімді. Әже, ӛзің айтшы, не істеймін? 
— Тіпті алысқа әкете ме, бұл? 
— Алыс болу керек. 
— Ӛзің біл, қарашығым, отау иесі болып қалдың... 
Самауыр тасып тӛгілді. Дастарқан үстінде үшеуінің басы қосылып, бірер 
шыныаяқ шай ішкенше тым-тырыс отырысқан еді. Кемпір шәшкесін қолынан 
түсіріп алғанда, сӛз басталды. 
— Қолы  құрғыр  неге  жиди  қалды,—деді  кемпір  кейіп.  Әлібек  оған 
алакӛзімен бір қарап, шайын іше берді. Ардақ кемпірдің шыныаяғын алып,— 
бұйырмаған шығар дегенде, кемпір күрсініп қойып тағы бір күңк етті: 
— Тәңір салған соң одан да зорға кӛніп отырмыз. 
Әлібек  қалтасынан  алып  ақша  санай  бастады.  Санаған  ақшасын 
кемпірдің алдына ысыра салды. 
— Бес  жүз  сом.  Балама  да,  ӛзіме  де  аналық  ақыңызды  кешіңіз.  Бір 
баланы сізден алмас едім, қайтейін, бары біреу-ақ. 
— Шырағым,  мен  ақшаға  зәру  емеспін.  Қалтаңа  салып  қой,  шалдың 
табысы  да  жетеді.  Тек  бір  жиын  болса,  ударник  деп  үйге  отырғызбайтын 
болған  оны.  Әрі  серігім,  әрі  Шолпанымның  кӛзі  болған  соң,  осы  баланың 
тілеуін  тілеп  отыр  едік,  амал  бар  ма!—деп  кемпір  кӛзінің  жасын  бір  сығып 
тастады.—  Тап,  білгендей  шалдың  жоғында  келермісің.  Апыр-ау,  шалға  не 
бетімді айтам? Ол қияңқы шал. 
Әлібек  әңгімені  кеп  созған  жоқ.  Дастарқан  жинауға  да  қарамастан 
жүруге  қамдана бастады.  Ардақ  кемпірдің  ыңғайына қарап,  қозғалмай отыр 
еді.  Кемпір  бұлаудай  болған  кӛзін  сүртпестен,  Ардақты  екі  бетінен, 
маңдайынан, бетінен шолп-шолп сүйді де: 
— Рұқсат жаным, жаным,— деп аузын кемсең-кемсең еткізді. Ардақтың 
да кӛзінен жас тамшылап тұрды... 
 

54 
Sauap.org
 
 

 
Кешегі  ақсүйек,  бүгінгі  «жұмысшы»  Әлібек  кӛп  жиылған  Қарағандыға 
осылайша  келіп,  елеусіз  жүрген.  Ардақтың  уыздай  ӛңінде  жастық  шаттығы 
ойнап  тұрса  да,  ауық-ауық  баса  беретін  әкесінің  осы  қара  кӛлеңкесі  еді. 
Жасӛспірім  Ардақ  ӛмірдің  ащы-тұщысын  ерте  татты.  Ана  зары,  ел  лағнаты 
есінде,  сонда  да  әкеден  жүрегі  суыған  жоқ  әлі.  Бай,  беделді  әке  ерекше 
мұғалім  жалдап,  жалғыз  қызын  алты-жеті  жасар  күнінен  оқытты. 
Конфискеленіп,  жер  ауып  бара  жатқанда  қанша  жалынса  да,  қызы  ермей 
шешесінің қасында қалып қойды. Ауру шеше тӛркініне келе қайтыс болған. 
Тӛркіні  кедей,  еті  тірі  адамдар,  кейінгі  жылдарда  орыс  арасына  сіңіп, 
поселкенің  малын  бағатын.  Жетім  Ардақты  жетелеп  әкеліп,  орыс  мектебіне 
енгізді.  Ардақ  мектептен  бұрын  да  орысша,  қазақша  бірқыдыру  оқып 
тастаған.  Енді  орта  дәрежелі  білімі  бар  ойлы  қыздың  Мейрамды  кӛргеннен 
кейін жабыңқы кӛңілі жарқ еткендей болды. Ол кетсе де бейнесі тӛр алдында 
қалып  қойыпты.  Жай  сӛйлеп,  жан-жағына  байыппен  қарап,  кӛзін  Ардаққа 
кӛбірек  тастайды.  Отты,  ойлы  кӛз  қадалған  сайын  жас  Ардақ  жалындай 
түседі.  Қазір  оңаша  үйде,  осы  халде  ойға  батып  отыр  Ардақ.  Ой  түйіндері 
тіпті  кӛп.  Әлі  бірін  шешкен  жоқ.  Ең  қиыны  тұңғиық  әке,—  түбіне  қашан 
жеткізер? Одан соң ӛз басы — оқи ма, ӛрге шыға ма? Мейрам неге толқытты 
осынша?  Кім  ӛзі?  Ӛмірлік  жар  ма,  әлде  кездейсоқ  па?  Мынау  астан-кестен 
дүниеде Ардаққа деген орын қайсы? Толып жатқан қауіп, үміт. Бірі — басып, 
шым батырады, бірі — қанат байлап ұшырады. Ӛмір сырын алмаған жастық 
алдында,  ӛмір  теңізі  осылайша  терең  тұнжырап,  біресе  кӛбік  шаша  тулап 
жатты. 
Ойына  берілген  Ардақ  қолындағы  «Анна  Каренинаны»  әлдеқашан 
жауып  тастаған.  Есіктен  жаңа  енген  Майпаға,  сәл  бұрылып,  күлімсірей  тіл 
қатты: 
— Тамақ апарамыз ба? 
— Апарайық. 
Екі  қыз  тамақ  алып  шахтаға  бет  түзеді.  Ӛңдеріңде  қызараңдап  күлкі 
ойнайды. Не күлкі екені ӛздеріне де белгісіз. 
Ӛзге түгіл бір-бірінен қымсынады. Шахта басында бұлар бұрын болған 
емес. Бар жігіт сонда сияқты. Тақала келе бұл елес ӛзгере берді. Қыр басынан 
етекке қарай, болат арқан тартып, он шақты жұмысшы жүр. Қолдарында бір-
бір  қышқаш.  Арқандары  шірік,  сыртын  аршып,  ішіндегі  ӛзегін  ғана  алады. 
Ӛзектерді  жалғап,  үш  тіл  жасаған,  ұзындығы  бірнеше  жүз  метрге  кеткен. 
Енді сол ұзын тілдерді әр жерде тұрып саумалап, бенттеулі темір таяқтармен 
бұрай бастап еді, екі қыз таңырқап арқанның қасына отыра қалды. 
— Кәдімгі жіп арқанша еседі екен! 

55 
Sauap.org
 
— Мынау  біздің  де  қолымыздан  келеді  екен,  а!—деп  шұқылап 
отырғанда,  шертіп  тұрған  шеткі  тіл  дыр  етіп,  серіпті  де  қыздардың  етегін 
орап алды. Сонау баста, Жанабілдің сақылдап күлген даусы естіледі. 
— Бәйтен, байла-байла! Түсті тұзағыңа! 
Бәйтен  бұраған  тіл  екен.  Қапелімде  оның  тай  шығымындай  ғана 
қарқыны  болатын.  Қарқыны  басылған  соң,  еріне  бұрап,  есіней  отырғанда 
бұрау таяқ қолынан шығып кетіп, кейін серпіпті де, бір ұшы ӛзін дәл ауыздан 
соғыпты. Еріндері дүрдиіп ice қалған, етегін сым орап, Бәйтен ӛзімен-ӛзі әлек 
болып жатыр. 
— Он  сегіз  жылдық  стажыңа  болайын!—деп  Жанабіл  келді  қасына. 
Шырмаудан босатпай күліп тұрды біраз. 
— Жай жүрмейтін ауызға осы лайық! 
— Әй, оттамай помогать ет!— деді Бәйтен. Ӛңінде бұрынғы ызбар жоқ, 
жалыныш бар. Ызбары да ұзаққа бармайтын. Жанабілге ден қойған сияқты, 
арқаннан босаған соң: 
— Дәрігерге барам,— деді де жӛнеле берді. 
— Ау, осыған-ақ па? 
— Е, бәрібір күн жазады. 
— Жұмыс жазылмайды бірақ? 
— Қазынаның мойны жуан, уайымдама! 
— Он сегіз жылдың үйреткені осы ғой!— деп сақылдап күлді Жанабіл. 
Ажуа  күлкімен  түйрей  түсті.—  Бұндайда  біз  байдың  да  малый  тастап 
кетпеуші едік. Кӛрсеткен үлгің, осы болса бара бер. Сӛйлесерміз жиналыста. 
Жанабіл  соны  айтып,  қыздарды  босатуға  жӛнелді.  Бәйтен  кетіп  барып 
қайта оралды. Ӛзінен-ӛзі сӛйлеп тұр: 
— Тауы шағылмаған неме, түк білмейді! Қазына жұмысы бір күнде біте 
ме. Қарашы пәлесін! Жиналысқа салмақ мені. 
Бәйтен  жұмысқа  қайта  кірісті.  Амалсыздан  кірісті.  Бұрын  завод 
жұмысын  «бай  жұмысы»  деп  атайтын.  Ағылшындар  жұмысшыны  алдап, 
арбап,  жеп  жатқанда,  Бәйтен  сияқтылар  кезі  келіп  қалса,  оларды  да  жейтін. 
Талай  жылдар  үйренген  бұл  әдет,  қырсаулық,  кӛз  алдаушылық  Бәйтеннің 
бойына  мықты  орнаған.  Қазір  тек  жиналыс  талқысынан  жасқанып  қайтты. 
Қайтса да селсоқ істеп отыр. Бұл жұмыста әлі басыбайлы норма жоқ. Тұтас 
берілген,  табыс  бәріне  тең  бӛлінетін  жұмыс.  Сондықтан  Бәйтенге  тасалар 
толып жатыр. 
Арқанға оралған екі қыз қанша бұлқынса да, Жанабіл барғанша босана 
алмады.  Асыл  сымдардан  жасалған,  жуандығы  шынашаққа  жақын  арқан 
түйіліп-түйіліп,  кӛйлектердің  етегін  қоса  түйіп  алыпты.  Қыздарды  тырп 
еткізбей ұстап тұр. 
— Біздің  тұзақ  осылай  болады,—  деп  қалжыңдай  келді  Жанабіл. 
Қысқашымен  қайта  бұрап,  әуелі  Ардақты  босатты.  Майпаға  келгенде  ілік 
шығарды.— Сұрамасаң босатпаймын. 
— Сұраймын, босат. 

56 
Sauap.org
 
— Шын сұрайсың ба? 
— Шын сұраймын. 
— Танып кетпе. Сіз куә болыңыз,— деді Жанабіл Ардаққа. Содан кейін 
Майпаны босатып жатып арқанын мақтады.— Бұл шіркін шахтаға салуға да, 
қыз матауға да жарады,— дегенде бағанадан үндемеген Ардақ та үн қатты: 
— Қызды тегі темір тұзақпен ұстайсыздар ма? 
— Жібек тұзағымыз да бар. Ол темірден де берік. 
— Екеуі де жүректі ұстауға әлсіз ғой. 
— Жүрегіңіз  мықты  болса  кӛрерміз!—  деп  сақ-сақ  күлді  Жанабіл.— 
Оның да тұзағын жасап жатыр. 
— Кім? 
— Жігіттер де. 
— Қай  жігіт?—  деп  ежіктей  түсті  Ардақ.  Майпа  арқылы  Жанабілдің 
Мейраммен  жақын  екенін  сезетін.  Мейрам  туралы  сӛз  болса  елемегенсіп 
жүріп, құлағын тігетін. Жанабіл бірақ бұл құмарын қандырмады: 
— Осы  жігіттер  арқан  ғана  тоқи  ма?  Қыз  жүрегіне  тұзақ  та  тоқиды,— 
деп  сӛзінің  ақырын  қалың  шарындыға  апарып  соқты.  Сол  шарындыдан 
Мейрамның ізін табуға ерінбей тыңдады Ардақ. 
Бұдан  бір  жұма  бұрын  партия  бюросының  сайлауы  болып  ӛткен. 
Хатшылыққа  бірауыздан  Мейрам  сайланған.  Содан  кейін  коммунистер  мен 
комсомолдар  жиналысында  алдағы  міндеттер  туралы  баяндама  жасады. 
Мейрамның  сӛзін  алғаш  естіген  Жанәбіл  қазір  аузының  суы  құри  айтып 
отыр. Щербаковке де ырзалығын білдіріп қояды: 
— Сергей  Петрович  мехцехқа  мені  ӛзі  ертіп  апарып  орналастырды, 
Лапшинға қадағалап тапсырып кетті. 
— Ол  кім?-деді  Ардақ.  Жанабілдің  аузынан  шыққан  бір  сӛзді  қалт 
жібермей отыр. 
— Лапшинді  білмейсіңдер  ме?  Ондай  жігіт  кемде-кем  кездеседі. 
Донбастан  келген  коммунист,  ӛз  ісіне  маман  адам.  Ескі  заводтың  бір 
түкпірінде  қалып  қойған  шірік  арқандарды  тауып,  сыртының  шірігін 
сыдырып  тастады  да,  ішкі  ӛзегін  алды.  Осы  жұмысқа  он  шақты  қазақ 
жастарынан  бригада  құрып,  ӛзі  үш-тӛрт  күн  басы-қасында  болып  үйретті. 
Айналасы бір жұмада мені арқан мастері етіп шығарды. 
Жанабіл қыздармен әңгімелесіп тұрғанда Лапшин ӛзі келіп қалды. Жасы 
отыздың ішінде, жаурыны қақпақтай, арықтау, мінезі ауыр, түсі суық, шикіл 
сары жігіт екен. Қыздармен қысқа амандасты да Жанабілмен болып кетті... 
— Арқан керек. Қашан бітіресің? 
— Как пойдем кушайт, так будет катоп. 
Ардақ  бетін  қолымен  тасалай  күліп  жіберді.  Жанабіл  орысша  тіпті  аз 
білетін,  әрі  олақ  сӛйлейтін.  Бірақ,  онысынан  ӛзі  именер  емес,  жетпеді-ау 
деген  ойын  ыммен  жеткізіп  тұр.  Арқанның  тоқылған  жағынан  селпі  қалған 
бір тілді Лапшинге кӛрсетіп, Бәйтенге жұдырығын түйеді: 
— Это он крутил, он. 

57 
Sauap.org
 
— Бұл  жерін  тарқатып,  қайта  тоқы,—  деді  де  Лапшин  Жанабілдің  ӛз 
ісіне бір мін тақты — анау екі кӛтергіштің арасы неге алдық? 
— Ағаш жетімсіз болған соң сирегірек қойдым. 
Кӛтергіштер  сирек  болса,  бұрау  ауырлайды.  Жиі  болса  жеңілдейді. 
Солай дейді физика. 
— Ол кім? 
Ардақ күлкі қысып, теріс айналып кетті. Лапшин де бір мырс етті. 
— Ғылым ол. 
— Ғылым?!—деп  Жанабіл  қарындашын  ала  сала  бір  жапырақ  қағазды 
тізесіне.қойып,  жазып  жатты.  Жазып  болсаң  соң  Лапшин  оның  сӛлекет 
жазуын сұрап алып, қайта түзетті: 
— Пизика емес, физика. 
— Солай-ақ болсын. 
— Арқанды тоқып болған соң дереу мехцехқа жеткізіңдер. «Гербертке» 
түсеміз,— деді де Лапшин қайтып кетті. 
Жанабіл оған иегімен мегзеп, сыртынан қыздарға мақтап тұр. 
— Шіркін,  Мейрам,  Лапшиндер  жігіт  қой!—  дегенде  Ардақ  бір  сұрау 
берді: 
— Екеуінің жігіттігі осы арқанда ғана ма? 
— Арқансыз  кӛмір  жоқ,  кӛмірсіз  енді  ӛмір  жоқ.  Мендей  батырақтан 
маман  жасау,  шірік  сымнан  арқан  жасау,  аз  ӛнер  ме!  Олардың  іші  терең 
жатыр.  Менің  әзір  бойлағаным  осы  ғана.  Сіз  сүңгіп  кӛріңіз,  одан  да  асыл 
табарсыз. 
— Су болса сүңгір едім. Адам іші қиын ғой. 
— «Оңай  әркімнің  қолынан  келеді.  Бәрінен  қиынды  жеңу  қызық»,— 
дейді Мейрам; Бұған қалай қарайсыз? 
— Қалай айтты екен ол кісі,— деп Ардақ ақырын ғана жымиды,—Қиын 
қинамай ма? Қиналу қызық па? 
— Қинағыш деп қорықпаңыз. Ол рақымды да жігіт. 
— Сіз  ылғи  сол  кісіні  маған  тақай  сӛйлейсіз-ау,—  деп  Ардақ  тағы 
жымиды.— Себебі не? 
— Себебі — тақау тұрсыздар, ӛздеріңіз. 
Үшеуі  бірден  күлді.  Екі  қыз  «отырып  қалдық»  деп  орнынан  тұрды. 
Бұйығы Майпа былай шыға беріп бой жазып, езу жимай күле сӛйлеп келеді: 
—...Ӛзі қызық жігіт: оңаша кездессең қытықтап, жұлмалап әуре қылады. 
Құдық басында бір кездесіп, азар жіберді. Сақинамды тартып әкетті... 
— Тартып алушы ма еді. Ӛзің бердің де. 
— Құдай біледі тартып алды. Саусағым ауырып қалды. 
— Онда араз екенсің ғой? 
— Соған-ақ па? Ол маған иіссу әкеп береді. 
Ардақ ақырын ғана күрсінді. Күрсінгенін сездірмесе де, «маған әкеп кім 
берер?» деген арманы ендігі сӛзінен сезіліп тұр: 

58 
Sauap.org
 
— Сендер бақыттысыңдар, Майпа! 
— Сендер ше? 
— Сендерің қалай? Менің кімім бар еді? 
— Мейрам ше? 
— Сендер  теңсіңдер,  біз  теңбіз  бе.  Тең  болсақ  түсіндік  пе?  Теңін 
таппаған аналарды кӛрдім. Соның бірі ӛз анам еді...— деген Ардақтың кӛңілі 
босап  кетті.  Сұлу  анасы,  сорлы  анасы  елестеп  тұр  алдында...  Үні  ӛшіп  аз 
мүдірді  де,  аржағын  айтпастан  шолақ  түйді  сӛзін.—  Мейрамды  мен  әлі 
білмеймін. Ол мені де білмейді. 
Білсем  екен,  кӛрсем  екен  деген  үмітпен  Ардақ  шахтаға  жетті.  Мейрам 
жоқ. Бұрын кӛрмеген жаңа дүние кӛрінеді... 
Бала  жігіт  екі  атты  божылап  айдап,  барабан  айналдырып  тұр.  Дәу  екі 
шелек  жер  астына  кезек  түсіп,  кӛмір  алып  шығып  тұр.  Шыққан  кӛмірді  екі 
жұмысшы тәшкемен тасып, жоталай үйіп жүр... 
— Осы ма шахты?— деді Ардақ. 
Жігіттер күліп жіберді. 
— Жаңа келгенсіз бе, дүниеге? 
— Сіздер дүниемен бірге келдіңіздер ме? 
Жігіттердің  аузына  құм  құйылды.  Барабанға  сілейе  қарап,  ӛзімен-ӛзі 
болып тұрған кӛк тұқыл, аласа қарт ашық, кішіпейіл адам екен, Ардақты кӛре 
сала мұқыл саусақтарын ұсына келді. 
— Саумысың, қызым. Механик Козлов. 
— Мырзабекова. Іске сәт. 
— Қала тәрбиесіндегі қазақ қызын кӛргенім осы. Қайдан келдің, балам? 
Не іздеп жүрсің? 
— Елімнен, ата. Әкемізге тамақ әкеліп тұрмыз. 
— Шын қазақсың ба, шырағым? 
— Қимайсыз ба, әлде. Қазақпын. 
— Жо-о-жоқ. Әншейін анықтағаным ғой,— деп абдырап қалды Козлов. 
Енді  сақтана  сӛйледі.  Қуанышты  екен,  жұмыс  жайын  айтып  жатыр... 
Щербаков пен Мейрам берген сроктен атбарабанды екі күн бұрын бітіріпті. 
Смена  сайын  тӛрт  жігіт  тұрып  бұрайтын  бадья  қалған.  Олардың  ісін 
қаршадай  бала  жігіт  екі  атпен  атқарады.  Шелектер  бұрынғысынан  бес  есе 
үлкейген.  Кӛмір  үйіндісі  енді  кепене  емес,  маяға  айналып  барады.  Козлов 
сонда  да  мұның  бәрі  мешеу  әдіс,  уақыт  шара,  дейді.  Таяуда  атбарабанды 
қалдырып, бу күшін пайдаланбақ. Ол да уақытша. Электрге кешпей күн жоқ. 
Электр, темір жол керек дей келе, ӛзінің зор қуанышын айтты: 
— Біз  Донбастан  келгенде,  мынау  аттардың  қызметін  адам  атқарып 
тұрған.  Маңайдағы  анау  ауылдардың  бірі  жоқ-ты.  Қара  жұмысшылардың 
басы құралып қалды. Қазақтың енді маман жұмысшылары да шыға бастайды. 
Саған жаңа «қазақпысың?» деп қуанғаннан айттым, балам. Қазақтың сендей 
қызын, Мейрамдай ұлын, Ермектей жұмысшысын кӛру қандай қуаныш! 
— Біз тек ұшқыны шығармыз, ата. 

59 
Sauap.org
 
— Білем, білем! Ұшқын тек қызулы оттан ұшады. 
Әлібек  пен  Жұмабай  жер  астынан  шықты.  Қыздар  әкелеріне  үйірілді. 
Козлов Әлібектің қолын ұстап: 
— Мына бала, сіздікі ғой. Бақытты екенсіз дегенде: 
— Мен орысша білмейді,— деп Әлібек қолын сермеді. 
Ол  орысша  білетіндігін  де  жасыратын.  Ӛңін  де  ӛзгерткен.  Қырма 
сақалын  бетімен  жіберіп,  тығыз,  күйек  сақалды  адам  болып  алыпты.  Ардақ 
әкесінің  бұл  мінездерін  ұнатпаса  да  кӛп  ішінде  ӛз  қасында  болғанын  медеу 
етеді.  Қызының  кӛңілін  кӛрген  Әлібек  «бұрынғы  мінезді  тастадым»  деген. 
Соның сеніміне күрек ұстап, кӛмір күреп жүр. Ардақ қазір әке ӛзгерістерінің 
біріне қорлана, біріне мақтана қарап тұр еді. 
— Балам,  ӛмірге  аралас,  ӛмірге!—  деді  Козлов,—  мына  трубаның 
астында  кӛл  жатыр.  Сол  кӛлдің  суын  мынау  сусаған  елге  жеткізгелі 
жатырмыз.  Кӛріп  кет.  Мехцех  та  осы  трубаның  түбінде,  оны  да  кӛр. 
Жастықта кӛргенің болмаса, ӛскенде кісілігің де болмайды. 
— Барам, кӛрем, ата. 
Козлов  қайтып  кетті.  Әлібек  шахтыдан  аулағырақ  барып,  үй  орнындай 
қазоты  кӛгалға  отырды.  Екі  қыз  әкелгендерін  әкелерінің  алдына  жайды. 
Жұмабай майлы жамбасты Әлібектің алдына жапырақтай турап: 
— Алыңыз, алыңыз,— деп қояды... 
— Жер  астының  тараулары  ұзап  барады,—  деді  Әлібек,  бүйтіп  жер 
үстінде тамақ ішуден де қалармыз. Шіркін, кең дүние! 
Әкесінің кейінгі сӛзі Ардаққа ӛте ауыр естілді. «Бұрынғысын әлі кӛксей 
ме,  әлде  шаршап  шықты  ма?»  деген  күдікпен  қараса  да,  тұңғиық  әкенің 
түрінен біле алмады ештеме. Жұмабай етке толы аузы қомпаңдап, уайымсыз 
кӛңілін білдірді. 
— Несі бар, тамақты ала түсеміз онда. 
— Жер астында тамақ бата ма?— деді Әлібек. 
— Құданың  құдіреті,  маған  тамаша  батады!—  деп  ӛзіне-ӛзі  таңдана 
қалды  Жұмабай.—  Күйеу  боп  барғанымда  тамақсау  күйеу,  дейтін  еді 
жеңгелерім. 
Ардақ күліп жіберді. Әлібек те бір мырс етті. Тамақ ішілген соң екі қыз 
тамашалауға трубаға қарай жӛнелді. 
Труба  түбіндегі  жапырық  тас  үй  —  мехцех.  Бұл  әншейн  келешегіне 
қарай  қойылған  ат,  әйтпесе  нобайы  түзу  бір  механизм  жоқ.  Темір 
дӛңгелектер,  шестернаның  сынығы,  тот  жеген  кішкене  вагонеткалар, 
винттер,  бірен-саран  локомобильдер  тағы  осылар  сияқты  ескі-құсқылардан 
ӛзге іліп алар ештеме табылмайды. Ағылшын заманынан қалған мұралардың 
сиқы осы. 
Жырым-жырым болып есік алдында үш локомобиль тұр. Слесарь Иван 
Потапов  ертеден  қара  кешке  осыларды  шықылдатып  жатқаны.  Иванда  сасу 
да, жалығу да жоқ. Ешкімге жанаспайтын сӛз сүймейтін томырық адам. Оны 
сӛйлету үшін сӛзді тек локомобильдерден бастау керек. Сонда ғана балғасын 

60 
Sauap.org
 
былай қояды. Жанындағы адамға тура қарамай, қырындай түседі. Саусақтай 
қылып  ораған  шылымын  тұтатқан  соң,  бір  қолын  аузынан,  бір  қолын 
қолтығынан  алмай,  кӛзін  сығырайта  алдыңғы  локомобильге  қарап,  біраз 
тұрады.  Мұның  бәрі  сӛйлер  алдындағы  дайындығы.  Козлов  екі  қызды  әкеп 
тапсырып кеткен соң, Иван осы әдетін тапжылтпай орындады. Ардақ оның әр 
қимылын, әр мінезін тамашалай бақылап, түтін сарғайтқан ақ сақалынан кӛз 
алмай  тұр  еді.  Қазақшылап  күңгір-күңгір  етті  Иван..  Қазақша  жақсы  біледі. 
Алғашқыда  сӛзі  анық  естілмейтін.  Тіссіз  ауыз  одан  әрі  құлдыратты  сӛзін. 
Ардақ  түк  те  түсінбеді.  Қайталап  сұрауға  кәрлі  қарт  бірдеме  деп  тастар  ма, 
деп қаймықты. 
— Бұл локомобиль Керегекӛздікі,— дегені еді Иванның Керегекӛз Бұқпа 
поселкесіндегі  от  диірмен  ұстаған  орыс  кулагі.  Керегекӛзді  Иван  ӛзі  жақсы 
білген  соң,  жұрттың  бәрі  біледі  деп  түсінік  берген  жоқ.  Одан  арғы  сӛзіне, 
аузы қомпаңдай бастағанда, құлақ тоса қойған Ардақ анық түсінді: 
— Он  бес  жыл  жолдас  болдым,—  деді  локомобильді  нұсқап  қойып. 
Содан  кейін  жүріңкіреп  кетті  де  екінші  локомобильге  келді.—  Бұл 
Резановтікі,— деп, шылымының қалдығын табанымен нығарлай ӛшіріп тұр. 
Резановтың  кім  екенін  де  айтқан  жоқ.  Резанов,  бір  заманда  Қарағанды, 
Спасск,  Нілді  заводтарының  қожасы  болған,  орыс  капиталист  Бертін  келе 
заводтарын  жӛндеп  жүргізе  алмай  ағылшындарға  сатқан.  Оның  баласы 
жиырманшы  жылдарға  дейін,  Бұтақара  поселкесінде  диірмен  ұстап  тұрды. 
Сондықтан  Иванның  ойынша,  Резановты  да  жұрттың  бәрі  біледі.  Ол  тек 
локомобильдердің тарихымен таныстырмақ. 
— Бұл маған отыз жылдан бері таныс. Кемінде отыз рет түзетіп берген 
шығармын,—  дейді  шылымын  тастаған  соң  қолын  қусырып,  локомобильге 
қарап тұрып. 
Үшінші  локомобильдің  дӛңгелегіне  дейін  шоқпыт,  құр  сілімтірі  ғана 
қалыпты. Иван бұған келгенде ыржия күлді: 
— Бұл кемпір менімен құрдас. Түу, арсыз, ӛлсеңші енді,—деп жерге бір 
түкірді  сонсоң.  Локомобильдің  жасын  шамалау  үшін  Ардақ  Иванға  қарады. 
Шашы,  сақалы  аппақ,  аузында  тіс  некен-саяқ,  бет  терісі  бүрме-бүрме,  орта 
бойлы  ызбарлы  шал,  кӛріп  ал  дегендей  аз  кідірді  де,  үндеместен  тартып 
тұрды. 
Ардақ  аң-таң,  Ескі  жұмысшы  осылай  болар  ма?—  деген  оймен,  ескі 
жұмысшының  бірі  —  Антон  Лавченкоге  келді.  Антонның  мінезі,  тұлғасы 
Иванға  қарсы  жаралған  тәрізді.  Қаршығадай  ғана  шап  етер,  күйгелек  адам. 
Бригадасында  тӛрт-бес  жұмысшы  бар.  Бірдеме  жоғалтқандай  ескі 
темірлердің  арасын  тінтіп  жүр  екен.  Қолдарында  сымға  тізген  пинт,  болт... 
Ардақ: 
— Не  іздеп  жүрсіз,  ата?—  дегенде,  жауапты  тілінен  бұрын  Антонның 
қозғалысы берді. Кӛзін тас жұмып, басын шайқап-шайқап қалып, қосқолдап 
қысып  тұрып,—  жоқ  іздеумен  уақыт  ӛтеді,  балам!—  деді.  Сол  жоғын  іздей 
берді. ІІІалдың мінезіне жымия күліп Ардақ та қарап тұр жан-жағына... 

61 
Sauap.org
 
Козлов,  Лапшин,  Шәйкен,  Жолтайлар  бір  тесікке  үймелей  тӛніп,  абыр-
сабыр  болып  жатыр.  Ол  тесік  «Герберт»  шахтасы.  Ағылшын  тұсындағы  ең 
күшті, тік шахта болатын. Октябрь революциясынан кейін ағылшындар кетіп 
тоқтап қалған. Астын су басқан. Сусыз Қарағандыға қазір соның суы керек. 
Жанабіл тоқыған темір арқан сынға түскелі тұр. Пірақ тереңдігі тоқсан метр, 
су басқан ескі шахтаға түсуге ешкімнің батылы бармай тұр. 
— Ӛзім  түсемін,  ӛзім!—  деген  Лапшиннің  дауысы  естіледі.  Екі  қыз 
жүгіре басып сонда жетті. 
Лапшин маңдай терін жеңімен сүрте салып, ағаш клеткеге мініп алды да: 
— Кім ереді маған?— деді. 
— Мен  ерем,—  деп  Жанабіл  қоса  мінді.  Темір  арқанға  байлаулы  ағаш 
клетка  түпсіз  шыңырауға  тӛніп  теңселе  түсті.  Тілсіз  шыңырау  жұтқалы 
тұрғандай, арқан үзіліп бара жатқандай сезілді Майпаға. 
— Түспе, Жанабіл,— деп қалғанда, Жанабіл қарқ-қарқ күлді. 
— Менің жүрегім қыздың жүрегі ме сонша! 
Лапшин  команда  бере  бастады.  Жолтай,  Шәйкендер  леветканың 
тұтқасын мықтап ұстап, құлақтарын тігуде. 
— Жібер!  Тоқтат!  Жібер!  Тоқтат!—  деп  тереңге  батып  бара  жатқан 
Лапшинның даусы әрі-беріден соң тіпті алыстап кетті, азар естіледі. Бір кезде 
мүлде үні ӛшті. Козлов қобалжиын деді. 
— Неге үндемейді? Газ болу керек. Лапшин бірақ сақтана білетін... 
Ардақ  қатерлі  үңгір  екенін  жаңа  ғана  сезді.  Жүрегі  дүрс-дүрс  соғып 
барады. 
— Ата-ау, ондай болғанда неге түсірдіңіз?! 
— Кӛп тілегі кӛндіреді, балам. Жұмысшы адам қатерден қорықпайды. 
Әлден  уақытта  «тарт!»  деген  дауыс  талып  естілді.  Қырдағылардың 
бетіне  қан  ойнап,  қуаныш  енді.  Лапшин  мен  Жанабіл  аман-есен  қайта 
шықты. Бәрі жапырлап екеуінің аузына қарады. 
— Су терең екен. Мына шырыш бойламады,— деді Лапшин. Ала түскен 
шырыштары  тіпті  ұзын.—  Бірақ  камерон  қоюға  қорқынышты.  Стволды 
шегендеген ағаштардың борсығаны, шірігені бар. 
Бұл хабарды естіген соң жұмысшылар біраз дағдарып қалды. Суды тарту 
үшін,  суға  жеткізбей,  шыңырау  түбіне  тиянақ  (иден)  жасау  керек  те,  сол 
тиянақтың  үстіне  камерон  орнату  керек.  Камеронның  қасында  жұмысшы-
машинист  отырады.  Стволды  шегендеген  ағаштар  осал  болса,  машина  да, 
машинист те тиянағымен қоса суға батады. Соны ойлап әркім әртүрлі ұсыныс 
айтып  жатыр.  Пікір  бір  жерге  құйылған  жоқ.  Үміттен  қауіп  басымырақ. 
Осының үстіне бас инженер Орлов келді. 
Анада, Мейрам мен Щербаков әңгімелесіп отырғанда келген осы Орлов. 
Ешкі бас, кӛзінде сабақсыз кӛзілдірік, тұжыра қырыққан шоқша сақалы бар. 
Арық,  ұзын,  еңкіштеу  денесі  әлі  ширақ.  Ешкімге  қарамайды.  Тек  тӛмен 
қарап,  екі  қолы  қалтасында  Козловты  үнсіз,  түсін  жылытпай  тыңдап  тұр. 
Козлов жағдайды әбден айтып болғанда, жӛнеле беріп бір-ақ ауыз сӛз айтты: 

62 
Sauap.org
 
— Мен рұқсат етпеймін. 
Ол кеткен соң бұл сӛзді жұмысшылар әрқилы жорыды. 
— Ызалы ғой мынау!— деді Жанабіл. Жазалы адам екенін біліп қапты. 
Басқалары бірі қостап, бірі қорғап жатыр: 
— Қорыққаны шығар. Жазым болса, сонан кӛрмегенде кімнен кӛреді. 
— Кім біледі! Қауіпті сылтау қылып, судан қаңтарып жүрмесін, жұртты? 
— Щербаковтың  ӛзіне  айтам,—  деп  Козлов  орнынан  тұрды.  Бағанадан 
бері ойын қорытып, бір байламға келген екен.— Камеронды орнатуға әбден 
болады.  Екі  басын  қабырғадағы  ағаштан  әрі  жіберіп,  жерге  енгізе  қашап, 
темір арқалық саламыз. Соның үстіне тақтай жайып, камеронды орнатамыз. 
Қауіпсіз  болу  үшін  камеронды  тағы  темір  арқанмен  тартып,  қыр  үстінен 
бекітіп тастаймыз. Қайда барады?! Осылай, жолдастар, тек осылай. 
Козловтың  пікірі  бәріне  ұнады.  Дауылдасып  тарай  бастады 
жұмысшылар.  Ардақ  пен  Майпа  да  қайтты.  Бірақ,  Мейрамды  кӛре  алмай 
қайтты. 
— Мейрам қайда!?—деп Ардақтан сұрайды Майпа. 
— Мен  қайдан  білейін?—  деп  күмілжиді  Ардақ.  Ӛзімен  ӛзі  болып 
келеді.  Бүгін  кӛрген  завод  ӛмірі  жаңа  ой  салды.  Алуан  адам,  алуан  мінез, 
алуан  жұмыс.  Тұрыс  жоқ,  тұтас  қозғала  тура  беттеп  бара  жатқан  сияқты 
жұрт. «Соның ішінде сен не бітіріп жүрсің?» деген сұрақ Ардақтың алдында 
тұрды  да  қойды.  Үйіне  келіп  бүктүсе  жатқанда  да  осы  сұрақ  кетпей  тұр 
алдынан..» 

63 
Sauap.org
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет