Фактіні білу, хабардар екенін анықтау, сенімі мен пікірін білу және сезімін байқау мақсатында құрылады. Мысалы



Дата25.11.2023
өлшемі14,09 Kb.
#126548
Байланысты:
жоба тапсырма


Сұхбат жүргізу арқылы мәлімет жинау
Сұхбат алғанда қойыйлатын сұрақтар (мәліметтер жинауға қатысты) қарапайым не күрделі болуы мүмкін.
Сұхбат сұрақтарының құрылымдары: фактіні білу, хабардар екенін анықтау, сенімі мен пікірін білу және сезімін байқау мақсатында құрылады.
Мысалы:
Жалпы фактілер:

  • Жасыңыз нешеде?

  • Спортпен шұғылданасызба ?

  • Қандай авто көлігіңіз бар?

Өткен оқиғалар туралы фактілер:

  • Өткен аптада сабақтан неше рет қалдыңыз?

  • Өткен аптада спорт залға неше рет бардыңыз?

  • Шетелде болдыңызба?

  • Қазіргі автокөлігіңізді қашан сатып алдыңыз?

Сұхбат алушының хабардар екенін білу:

  • Қызпуда неше студенттің білім алатынын білесізбе?

  • Magnum супермаркетінен азық-түлік алатын көршіңізді білесізбе?

  • Қазақстанда қандай универлер қосдипломды білім беру бағдарламасымен жұмыс жасайды?

Сенімі мен пікірін білу жөніндегі сұрақтар:

  • Дінге сенесізбе?

  • «Тоқсан тоғыз пайыз- еңбек, бір пайыз -талант» деген пікірмен келісесізбе?

  • Қазақстандықтар үшін орыс тілін білу міндетті ме?

Сезімін байқауға арналған сұрақтар:

  • Сіздің сырт келбетіңізге сын айтқанда қалай қабылдайсыз?

  • Көңіл –күйіңіз шынайы шешім қабылдауыңызға қаншалықты әсер етеді?

  • Сабақтан шаршап келуіңіз анаңыздың үй шаруасына көмектесуіне қандайда бір әсерін тигіземе?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет