Сұхбат жүргізу арқылы мәлімет жинау Сұхбат алғанда қойыйлатын сұрақтар (мәліметтер жинауға қатысты) қарапайым не күрделі болуы мүмкін.
Сұхбат сұрақтарының құрылымдары: фактіні білу, хабардар екенін анықтау, сенімі мен пікірін білу және сезімін байқау мақсатында құрылады.
Мысалы: Жалпы фактілер:
Жасыңыз нешеде?
Спортпен шұғылданасызба ?
Қандай авто көлігіңіз бар?
Өткен оқиғалар туралы фактілер:
Өткен аптада сабақтан неше рет қалдыңыз?
Өткен аптада спорт залға неше рет бардыңыз?
Шетелде болдыңызба?
Қазіргі автокөлігіңізді қашан сатып алдыңыз?
Сұхбат алушының хабардар екенін білу:
Қызпуда неше студенттің білім алатынын білесізбе?
Magnum супермаркетінен азық-түлік алатын көршіңізді білесізбе?
Қазақстанда қандай универлер қосдипломды білім беру бағдарламасымен жұмыс жасайды?
Сенімі мен пікірін білу жөніндегі сұрақтар:
Дінге сенесізбе?
«Тоқсан тоғыз пайыз- еңбек, бір пайыз -талант» деген пікірмен келісесізбе?
Қазақстандықтар үшін орыс тілін білу міндетті ме?
Сезімін байқауға арналған сұрақтар:
Сіздің сырт келбетіңізге сын айтқанда қалай қабылдайсыз?
Көңіл –күйіңіз шынайы шешім қабылдауыңызға қаншалықты әсер етеді?
Сабақтан шаршап келуіңіз анаңыздың үй шаруасына көмектесуіне қандайда бір әсерін тигіземе?