Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет78/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
 
Үй тапсырмасы
Дәптерлеріңе өз эмоцияларыңды сезіну және өзгелердің эмоцияларымен жақсы өзара 
әрекеттесу үшін не істеуге болатыны немесе өздеріңе қалай көмектесуге болатыны туралы 
кеңестер жазыңдар. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
86 
«Мамандықтар» бөлімі
 
Мақсаты: оқушылардың болашақ мамандықты таңдау маңыздылығын ұғынуы. 
Қалаулы нәтиже: оқушылар болашақ мамандықты таңдау маңыздылығын ұғынады; болашақ 
мамандыққа дайындалу бағытын анықтай алады; болашақ мамандықтарының өзектілігін 
біледі; жоғары оқу орнына түсу үшін дайындалудың маңыздылығын ұғынады. 
31-сабақ 
Тақырыбы: Мамандықтар. 
Ұғым: мамандық. 
Сабақтың мақсаты: болашақ мамандықты таңдау маңыздылығын ұғыну; мамандық 
таңдауда қандай критерийлер бар екенін түсіну. 
Әдістері: ой-талқы, дәптермен жұмыс істеу, әңгімелесу-пайымдау, шағын дәріс. 
Ресурстар: тест, жұмыс дәптері, плакаттар, маркерлер. 
 
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт: 5 минут 
Сергіту сәті. Мамандықтар тізбегі 
Уақыт: 5 минут 
Оқушылар шеңбер бойынша «Қалалар» сияқты ойын ойнайды, тек соңғы әріпке мамандық 
немесе кәсіп атау керек. 
Тапсырманы қиындатуға болады: оқушылар айтқан мамандықтарға нақты белгілері немесе 
өзара тәуелділігі бойынша түсінік береді. 
Мұғалім-тренерге арналған ақпарат 
Бұл – мотивациялық сипаттағы сабақ. Оқушылар қандай қызмет саласын таңдағылары 
келетіні жайлы ойлансын. Бұл сұраққа бір тренинг аясында жауап беру мүмкін емес екенін 
білеміз, бірақ осы сабақ арқылы қалаған мамандық туралы көп білуге, өз бетінше зерттеуге 
шабыттандыруға болады. Сыныпта ашық, жағымды атмосфера құрып, қазіргі әлемде түрлі 
мамандықтар мен мүмкіндіктердің бар екенін, оқушылар қалауынша кез келген жерде жұмыс 
істей алатындарын айту қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет