Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан


Теориялық блок. Визуалдық байланыс



Pdf көрінісі
бет31/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   82
Байланысты:
методичка 7-8 (1) авг

Теориялық блок. Визуалдық байланыс 
Уақыт: 5 минут
 
- Тыңдаушыларды тартады. 
- Сөйлеуші және тыңдаушы арасындағы кедергілерді жояды. 
- Үлкен аудиторияны секторларға бөлеміз. Әр секторға бірнеше секунд арнаймыз. Бастан сәл 
жоғары қараймыз. 
- Шағын аудитория – егер көзге қарауға ұялатын болсақ, екі көз аралығына қараймыз. 
 
Оқу қызметін қорытындылау 
Уақыт: 5 минут 
Рефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер: 
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? 
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде? 
 
Үй тапсырмасы: 
Қай саясаткердің қимылдары мен мимикасы естеріңде қалды? Ойланып көріңдер. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
35 
13-сабақ
Тақырыбы: Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары. 
Ұғымдар: сөйлеушінің құралдары: дауысы, интонациясы, тембрі және т.б. 
Сабақтың мақсаты: әсерлі сөз сөйлеу үшін дауыстың, интонация, тембр, кідірістің 
мағынасын анықтау. 
Әдістері: шағын дәріс, жаттығулар, әңгімелесу. 
Ресурстар: теориялық материал, жаттығулар. 
 
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт: 5 минут 
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, 
орындау. 
Уақыт: 5 минут 
«Көзбен тұрғызу» тапсырмасы 
Уақыт: 5 минут
Процесі: 
 
Ерікті(лер) аудитория алдына шығып, жүргізуші болады. Оның міндеті – топпен визуалдық 
байланыс орнату, қатысушылардың әрқайсысына (кезекпен-кезек, жылдам емес) 5 секунд 
ішінде қарау. 
№1 нұсқа: жүргізуші сендерге қараған кезде орындарыңнан тұрып, ол қанша қараса, сонша 
уақыт тұру керек. 
№2 нұсқа: жүргізуші сендерге қараған кезде қол шапалақтау керек. Жүргізуші қарауды 
тоқтатқан кезде шапалақтар да тоқтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет