Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет33/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82
Байланысты:
методичка 7-8 (1) авг

«Грузин хоры» жаттығуы 
Уақыт: 5 минут 
Процесі: 
 
Бүкіл сынып бір уақытта «а» дыбысын айтады. Мұнда тынысты үнемді пайдалану маңызды. 
Дыбыс біркелкі, қаттылығы бойынша бірдей, өшпейтін болуы керек. Соңғы кім болып 
аяқтаса, сол жеңеді. 
Теориялық блок. Дауыс және интонация 
Уақыт: 3 минут 
Интонация 
Дауыстың икемділігі туралы айтатын болсақ, ең алдымен интонацияны, дауыстың өзгеру 
қабілетін меңзейміз.
Интонация – бұл біздің сөзімізде естілетін эмоциялардың негізгі көрсеткіштері. Егер 
интонацияны басқару білмесеңдер, сұхбаттас сендердің «әлсіз» екендеріңді сезініп, барлық 
әрекеттерің зая кетеді. Бірақ бізге көбінесе интонациялық әртүрлілік жетіспейді, бұл сөзімізді 
мәнерлі, көркем қылып, қабылдау үшін қызықты етеді.
Интонация бойынша жаттығу 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
37 
Уақыт: 7 минут 
Процесі: 
Әрбір оқушы «иә» сөзін барынша көп интонациямен айтуы, ал тыңдап отырғандар оларды 
санауы тиіс. Тренер төменгі шекті белгілейді, ол топтың даму деңгейіне байланысты кемінде 
5, 8, 10 түрлі интонация болуы мүмкін.
Сынып екіге бөлініп, «Бері кел» сөйлемін түрлі интонациямен айтуы тиіс (ашу, қуаныш, 
таңғалу, ойға бату және т.б.) 
Теориялық блок. Сөйлеу қарқыны және кідірістер 
Уақыт: 5 минут 
 
Сөйлеу қарқыны. 
Уақытқа 100 метр жүгіру керек болғанда біз баяу жүріп, айналадағы пейзажға 
қызығушылықпен қарамаймыз. Жоқ, біз жүгіреміз. Және керісінше, егер біз ешқайда 
асықпасақ, өз ырғағымызға сәйкес жүреміз. 
Біз көбінесе өзімізге ыңғайлы қарқынмен сөйлейміз. Уайымдаған кезде тезірек сөйлейміз. 
Күмәнданған кезде баяу сөйлейміз. Сапалы сөз сөйлеу үшін қарқын өте маңызды. 
 
Кідірістер. 
Интонацияда паузалар ерекше орын алады (лат. pausa, грек. рausis – тоқтату, тоқтау). Тілде де, 
музыкада да кідіріс – үнсіздіктің белгісі. Кідірістер қажет, өйткені олар сөйлеу ағынын бұзады 
және мағынаны қабылдауды жеңілдетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет