Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет63/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   82
Байланысты:
методичка 7-8 (1) авг

Оқу қызметін қорытындылау 
Уақыт: 5 минут 
Рефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер: 
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? 
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде? 
Үй тапсырмасы: 
Алдағы тақырыптар жайлы тағы бір рет ойланыңдар. Біз айтпаған, бірақ талқылағыларың 
келетін тақырыптар бар шығар. Ойланып келіңдер. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
70 
«Уақытты басқару» бөлімі 
Мақсаты: оқушыларды уақытты басқару бойынша жеке дағдыларын дамытуға ынталандыру. 
Қалаулы нәтиже: оқушылар жеке уақытты ұйымдастырудың өз мәселелерін анықтады; 
оқушылар уақытты тиімді пайдалану маңыздылығын түсінеді; оқушылар күнделікті 
шаруаларын талдады; оқушылар мақсат қою және жоспарлау құралдарын біледі және түсінеді; 
оқушылар уақытты басқарудың негізгі құралдарын біледі және түсінеді. 
27-сабақ 
Тақырыбы: Уақытты басқару. 
Ұғымдар: уақытты басқару, мақсат қою. 
Сабақтың мақсаты: уақытты басқару – қызықты әрі қажетті нәрсе екенін, шаруаларды 
және жалпы өмірді үйлестіру – адамға қажетті дағды екенін ұғыну; мақсат қою мен 
жоспарлау құралдарын білу және түсіну. 
Әдістері: әңгімелесу, шағын дәріс, ой-талқы, дәптерде жеке жұмыс істеу. 
Ресурстар: плакаттар, маркерлер, жұмыс дәптері, поститтер. 
 
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт: 5 минут 
 
«Уақыт дегеніміз не?» ой-талқысы 
Уақыт: 10 минут 
Материалдары: плакаттар, маркерлер 
Процесі: 
Екі шағын топ құрыңыз. Қатысушыларға «уақыт» сөзімен байланысты барлық 
ассоциацияларды жазуды ұсыныңыз. 
Берілетін уақыт – 5 минут. 
Нәтижелердің презентациясын жасау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет