БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
70
«Уақытты басқару» бөлімі
Мақсаты: оқушыларды уақытты басқару бойынша жеке дағдыларын дамытуға ынталандыру.
Қалаулы нәтиже: оқушылар жеке уақытты ұйымдастырудың өз мәселелерін анықтады;
оқушылар уақытты тиімді пайдалану маңыздылығын түсінеді; оқушылар күнделікті
шаруаларын талдады; оқушылар мақсат қою және жоспарлау құралдарын біледі және түсінеді;
оқушылар уақытты басқарудың негізгі құралдарын біледі және түсінеді.
27-сабақ
Тақырыбы: Уақытты басқару.
Ұғымдар: уақытты басқару, мақсат қою.
Сабақтың мақсаты: уақытты басқару – қызықты әрі қажетті нәрсе екенін, шаруаларды
және жалпы өмірді үйлестіру – адамға қажетті дағды екенін ұғыну; мақсат қою мен
жоспарлау құралдарын білу және түсіну.
Әдістері: әңгімелесу, шағын дәріс, ой-талқы, дәптерде жеке жұмыс істеу.
Ресурстар: плакаттар, маркерлер, жұмыс дәптері, поститтер.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы
сұрау, позитивпен бөлісу).
Уақыт: 5 минут
«Уақыт дегеніміз не?» ой-талқысы
Уақыт: 10 минут
Материалдары: плакаттар, маркерлер
Процесі:
Екі шағын топ құрыңыз. Қатысушыларға «уақыт» сөзімен байланысты барлық
ассоциацияларды жазуды ұсыныңыз.
Берілетін уақыт – 5 минут.
Нәтижелердің презентациясын жасау.
Достарыңызбен бөлісу: