Факультет: Фмо Топ: 105



Дата22.11.2022
өлшемі28,57 Kb.
#51838
түріСеминар
Байланысты:
Тарих семинар 9

Абылайхан халықаралық қатынастар және тілдер университеті


Факультет:Фмо
Топ:105
Тема 9 (07.11.2022.-13.11.2022) КАЗАҚСТАН КЕҢЕСТІК ӘКІМШІЛ-ӘМІРШІЛ ЖҮЙЕНІҢ ҚҰРАМЫНДА
Семинар 9.
Модуль – 2

4-БЛОК. КАЗАҚСТАН КЕҢЕСТІК ӘКІМШІЛ-ӘМІРШІЛ ЖҮЙЕНІҢ ҚҰРАМЫНДА

9-тақырып. Азаматтық-саяси қайшылықтар
Проблемалық негізгі сұрақтар


  1. Кеңестік тоталитарлық Қазақстанның қалыптасуына өтудің әлеуметтік экономикалық және саяси негіздері туралы ғылыми материалдарды талдау.



  1. ЖЭС жүргізілуінің себептері мен ерекшеліктерін ашу. Жауаптарыңызды негіздеңіз.




  1. Қазақ зиялыларының аштыққа қарсы жүргізген күресін оқып үйреніп, талдау және Қазақстанда жүргізілген жер су реформасының мақсатын ашып көрсету.



  1. Қазақ өлкелік комитетінің «қазақ ұлтшылдығына» қары күресін көрсететін тарихи құжаттарды оқып үйрену. Мысалдар келтіру.




  1. М.Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметін оқып зерттеу, сонымен қатар оның түркі халықтарының рухани өркендеуіне қосқан үлесін талдау

1)Азамат соғысы елге тоқырау мен құлдырауды әкелді. Қазақстанда 250 (307-ң ішінен) ұлттық ұйымдар шара қолданбады. Жезқазған және Успенск кендері суға батырылды, Ембі мұнай шығару орындарының 147-сінен тек 8 ғана қанауға жарамды болды. Ауыл шаруашылығы шығынға ұшырады. 1921 жылы наурызда РК(б)П Х съезі нарық экономикасын құрудың шешуші шарасы қолданылды. Дәл айтқанда Жаңа Экономикалық Саясатқа көшу азық-түлік салығымен алмастырылды, еңбек заңында борыштылық алынып тасталды, сауда жасау еркіндігі рұқсат етілді, жер арендасы, жалдамалы жұмысты және шаруашылық есеп-қисап қолданылды. Мемлекет тек өзіне жеке тармақтар мен үлкенірек ғимараттарды басқаруға қалдырды, қалғандары денационализацияланды – кооперативтерге, жеке тұлғаларға арендаға берілді.

Жаңа экономикалық саясат шеңберінде жасалып, жеделдете жүзеге асырылған аса маңызды шаралар көп ұзамай Қазақстандағы ауыл шаруашылығының жай-күйін жақсартуға игі әсерін тигізді. 1925 жылдың аяғына қарай өндірістік өнімді өндіру деңгейі 1920 жылмен салыстырғанда 5-6 есе өсті және соғыстың алдындағы деңгейге 2/3 жуық мәнге ие болды. 1921 жылғы 17% өндіріс мекемесіне қарсы 60%-дан астамы іске қосылды. Республиканың ауыл шаруашылығының дамуының жағымды жақтары біліне бастады. Егін егу алқабы 3 млн га-ға жетті, астық жинаудың соғыс кезіне дейінгі деңгейі қалпына келтірілді. Мал өсіру саласы дағдарыстан шыға бастады. 1922 жылмен салыстырғанда мал басының саны 1925 жылы екі есе көбейді. Теміржол магистралінің жұмысы қалыпқа келді. Қайтадан теміржол тармақтары іске қосылды: Петропавл-Көкшетау, Славгород-Павлодар және басқалары. Өзен транспорты қалпына келтірілді.

Осылайша елдің шаруашылығы дағдарыстан шыға бастады. Нарықтық, тауар-ақша қатынасының деңгейі қалпына келтірілді, ал жеке меншіктің құрылымы көпукладты сипат алды.

1920 жылдардың ортасында ССР-де социализмді құрудың доктринасын жүзеге асыруға кірісті. Ол өзіне 3 маңызды буынды біріктірді: индустрияландыру, ұжымдастыру және мәдени революция.

Маңызды приоритет болып индустрияландыру болып жарияланды. Қазақстандағы индустрияландырудың негізгі принциптері мен әдістері негізінен бұрынғыдай бүкіл ел үшін бірдей болды. Бірақ басынан бастап Қазақстанның шикізаттық дамуының бағыты анықталды. Негізгі міндеті Қазақстанның табиғи ресурстарын геологиялық зерттеу, теміржолдардың құрылысы, ауыр индустрияның дамуы, ең бастысы оны өндіретін тармақтары: жанармай, көмір, мұнай, қара және түсті металлургия.

Қазақстандағы индустрияның дамуының ерекшелігі өндіріс мұнда басынан қайта басталды. Капитал салымының басым бөлігі ауыр өнеркәсіпке – 83,6%, түсті металлургияға – 44,5%, ал мұнайға – 20%, көмір – 15,3%, химиялық – 4,8%, электр энергетикасына – 8,5% капитал салымының көп бөлігі жұмсалды.

Пайдалы қазбалардың жеке базаларында соғыс жылдарына дейінгі бесжылдық алдында заманға сай ірі мекемелер: Шымкент қорғасын, Ащысай полиметалл, Балхаш мыс балқыту, Ақтөбе химия комбинаты, Кенді Алтайдың түсті металл заводы, Қарағандының көмір шахталары, электр станциялар, тамақ өнеркәсібі салынды. Қазақстан түсті металл өндіру бойынша елде екінші орынға, мұнай өндірісі бойынша үшінші орынға шықты.

Индустрияландырумен қатар жоғары мамандандырылған инженер-техник жұмысшыларының кадрын дайындау үрдісі жүрді. Егер 1926 жылы халық шаруашылығындағы жұмысшылардың саны 10,7%, 1939 жылы олардың саны 33,8% болды.

Сонымен қатар индустрияландырудың жағымсыз жақтары да болды. Ол үлкен қаржыны қажет етті, ол қаражат ауыл шаруашылығы мен ішкі заемнен алу жолымен алынды. Жоспарды сапалы көрсеткіштерге зиян көрсете отырып қандайда жолмен орындау елдің қаржы жағдайына қарсы бағытталды. Өндірістің алдыңғы еңбек озаттары, жарыс, тәртіпті қатаңдатуға күрес тек кейбір қиындықтарды жеңуге мүмкіндік берді, бірақ жалпы толқуды тоқтата алмады.

Социализмді құрудың доктринасының екінші буыны ұжымдастыру болды. Ол қазақ ауылдары мен қыстақтарды біріктіруге күрес түрінде күштеу жолымен дамыды.

Қазақстан ұжымдастыруы 1932 жылдың күзінде аяқтауға міндетті аймаққа жатты. Бірақ ол тұрғылықты тұрғындардың өмірінің ерекшеліктерін есепке алмай жүргізілді, ұжымдастыруды өткізу мерзімі бұзылды, колхозшыларды жаппай маршпен құруды бастады. Егер 1928 жылы Қазақстанда қазақтардың барлығынан 2% ұжымдастырылса, 1931 жылы қазанда 65%-ға жетті. Күштеу шаралары заңсыз тұтқындауға ұласты, сайлау құқығынан айырды, көбісі ату жазасына кесілді. Тек 1931 жылдың өзінде Қазақстанның ОГПУ органдарымен 21 мыңнан аса адам тұтқындалды, 657 ірі байлар елден шығарылды, 1067 бай шаруашылығы жер аударылды, 145 мың мал басы тәркіленді. Мал шаруашылығының көшпелілерін күштеп көшіру болды.

Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру мен көшіру өте қорқынышты жағдайда болды. Ауыл шаруашылығында шаруаларды жерден айырғаннан кейін егін түсімі күрт төмендеді. Дәстүрлі құрылымның бұзылуы мал шаруашылығы үшін апатқа айналды. Ұжымдастыру алдында Қазақстанда мал басының саны 40,5 млн болса, 1931 жылғы 1 қаңтар қарсаңында тек 4,5 млн бас қалды.

1931-1933 жылдар аралығындағы аштық кезеңінде 2 млн қазақ және 200-250 мың басқа ұлт өкілдері өлді. Аштықтан және қуғын сүргіннен 1 млн адам Қазақстаннан қашып кетті. Мемлекеттің күштеу саясаты шаруалардың наразылығын тудырды. 1929-1931 жылдарда 400-ден аса қарулы көтерілістер болды, оған 800 мыңға жуық адам қатысты. Ірі ошақтар ең қатыгез жолмен реттеуші әскермен басып – жаншылып отырды. Көтеріліске қатысқаны үшін ОГПУ органдарымен 5551 адам сотталды, олардың 883-і атылды.

Осылайша Кеңес үкіметі уәде берген молшылықтың орнына ел аймақтың үлкен аштық пен көптеген репрессияларға ұшырады.

30 жылдардың ортасында кеңестік ұлттық – мемлекеттік құрылысының үрдісі аяқталды және 1936 жылы желтоқсанда СССР Конституциясы бойынша Қазақ АССР құрама республикасына ауыстырылды. Республиканың формальді статусы СССР құрамында өзгертілді, бірақ суверенизация жоспары бойынша бұрынғыдай құқықсыз және орталық өкіметке бағынды.

Осы тоталитаризм режиміндегі көптеген репрессияның кезеңі болды, алып концентрациялы лагерълер құрылды: Карлаг (Ерекше режимді Қарағанды лагері), Дальний, Степной, Алжир – «Отанның сатқындарына» арналған арнайы әйелдері мен жанұясының мүшелеріне арналған Ақмола лагері. 1930-1940 жылдарда даму адамдарды күштеп жер аударту (депортация) әлеуметтік жағынан, кейін ұлттық белгілері бойынша жүргізілді. 1939 жылы жазбалар бойынша жаппай депортация алдында Қазақстанда 54,7 мың поляк, 3,6 мың латыш, 808 литвалықтар тұрды. 1941 жылдан 1944 жылға дейін Қазақстанға фашистерге көмектесті деген айыппен 349713 немістер, ингуштар мен шешендердің көптеген мөлшері, және де балғарлар, түрік-месхеттер жер аударылды. 1946 жылы қазанда республикада 8906982 арнайы жер аударылғандар болды. Жалпы алғанда 30-50 жж. Қазақстанға азғантай есептеулер бойынша ГУЛАГ тұтқындарын есептемегенде 1560 мың адам жер аударылды. 1920 жылдан 1953 жылға дейін жуықтап алғанда 110 мың адам саяси репрессияға ұшырады (қазіргі күнде 96 мыңға жуық адам реабилитияландырылды). Сталиндік репрессияның құрбандары барлық Қазақстан халықтары – 80 ұлттан астам өкілдері болды.

«Буржуазиялық ұлтшылдар»-деп аталған Алаш Орданың бұрынғы қайраткерлері А.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Досмұхаметовтар және ұлттық интеллигенцияның физикалық түрлері жойылды. Репрессияға ұшыраған 4297 адам болды, оның 206 адамы ату жазасына кесілді. Жоғарыда аталғаннан басқа көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері Т.Рысқұлов, О.Жандосов, С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, Б.Майлин және басқалары жазаланды. Үкімді жиі «үштік» деп аталатын НКВ органының бөлімдері шығарды. Олар сотсыз тәртіп бұзған адамдарды жазалады.

Сонымен ХХ ғасырдың 30 жылдарының соңында өңірде әлеуметтік, экономикалық өзгертулер, мәдениет саласындағы жетістіктер, ғылым мен білім, тоталитарлық режимнің қатаң бақылауында болған Қазақстан үшін жасалған Кеңес одағының статусы Қазақстанның Кеңес одағының құрамында одан әрі дамуын анықтады.

2)Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа(ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды
Өзгерістер
Экономиканы дамыту үшін ең алдымен ірі өнеркәсіпті қалпына келтіру және қайта құру қажет болды.

Кәсіпорындар сала бойынша ірі тресттерге біріктірілді.


Бірінші дәрежелі кәсіпорындар «Одақтық маңызы бар» тресттерге біріктірілді. Екінші дәрежелі кәсіпорындар Өлкелік трестерге біріктірілді.

Ұсақ кәсіпорындар жеке адамға, шетелдіктерге, кооперативтерге жалға берілді.


Өнеркәсіп, темір жол, көлік тасымалы шаруашылық есепке көшті.
Өнеркәсіптегі өзгерістердің нәтижесінде Риддер қорғасын зауыты 1923 жылы одақтағы өндірілетін қорғасынның 40% -ын өндіре бастады, Доссор, Мақат мұнай кәсіпорындары іске қосылды, Шымкент сантонин зауыты ашылды, 1927 жылы Қарсақбай комбинаты мыс өндіре бастады. Өнеркәсіптегі өзгерістердің оң нәтижесімен қатар кемшіліктері де болды. Мысалы: Қазақстан шикізаттық бағытта ғана дамыды. Тресттердің пайдасы Ресейге кетті.

Әскери коммунизм саясаты кезінде енгізілген салғырт жойылып, оның орнына салық енгізілді (1921 жылы наурызда)


Түтін салығы мен күш-көлік салығының орнына бірыңғай заттай салық енгізілді.
Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда 2,5 есе аз болды.

1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін болды.


Салық үдемелі болғандықтан, оның бар ауыртпалығы байларға және кулактарға түсті.
Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды. Жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді.
Салықтан түскен қаражат халық ағарту ісіне жұмсалды.
Жерді жалға беруге рұқсат берілді.
Несие берілетін болды.
«Қосшы Одағы» құрылды.
1924-1925 жылдары елге тракторлар әкеліне бастады.
Осы өзгерістердің нәтижесінде егіс көлемі ұлғайды, мал саны өсті және кедейлер азайып, орташалар саны көбейді. Байлар, кулактар шектетілді, сайлау, сайлану құқығынан айырды.
Жеке саудаға рұқсат берілді.
** Жаңа экономикалық саясаттың жалпы қорытындысы:
Жаңа экономикалық саясат кезінде нарық енгізілді.
Ауыл шаруашылығы дамымай қалды.
Бұл саясат аяғына дейін жеткізілмеді.
Өнеркәсіп артта қалды, дамымады.
Жаңа экономикалық саясат бұрмаланды.
Саяси өмірде демократия бұрмаланды.
Еркіндік мүлде болмады.
1921-1922 жылдардағы ашаршылық
1921 жылы жазда қуаншылық болып, малдың 80%-ы қырылып қалды. Елде аштық басталды.Ашығушылар саны барша қазақ халқының 1/3 бөлігін қамтыды.
Жалпы жэс әскери комунизм кезіндегі жағдайды түзеу үшін қолданылған саяасат

3) ашаршылық кезең 1931-1933 жыл болып саналады ашаршылық кезінде 4 миллион қазақ қаза тапты қазақ даласында тек қазақтар қырылды 1 миллион қазақ Қытай,Құлжа,Ауған асып кетті. Қазақ зияалылары бұл мәселені шешу үшін көп еңбектенді


Солардын бірі «Бесеудің хаты»
Бесеудің хаты — қазақ зиялыларының БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге жолдаған хаты (1932 ж. 4 шілде). Бастапқыда И.В. Сталинге арналып жазылған. Бесеудің хаты республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды. Хатта қазақ ауылындағы социологиялық қайта құрулар бүкіл халықтық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды — байларды, орташаларды, кедейлерді қамтығаны, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар жұрттың жаппай аштық пен індетке, ауа көшуіне әкеліп соққандығы шыншылдықпен баяндалды. БК(б)П Қазақ өлке комитетінің ауыл шаруашылығын басқару жөнінде жүргізген қатыгез саясаты сынға алынды. Бірақ құжатта жергілікті жерлерде жіберілген “асыра сілтеушіліктерге” солшыл коммунистер айыпты деп көрсетілді. Елді ауыр жағдайдан құтқарудың жолдары ұсынылды. Хаттың авторлары — жазушы Ғабит Мүсірепов (1902—1985), Қазақ мемлекеттік баспасының меңгерушісі Мансұр Ғатаулин (1903—1938), Алматы Комвузының басшы қызметкерлері Емберген Алтынбеков (1904—1954) пен Мұташ Дәулетқалиев (1904 — 1982), Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығы Қадыр Қуанышев (1906 — өлген жылы белгісіз) қуғынға ұшыратылды. Хаттың жазылуына Халком Кеңесінің төрағасы Ораз Исаев түрткі болған. Бесеудің хаты қазақ зиялыларының тоталитарлық тәртіпке наразылығының бір көрінісі болып табылады

4)Ұлт зиялылары 1922 жылы мамыр айынан бастап уездерге шығып, аштарға жәрдем жинауға кiрiстi. Бұл игiлiк iсiне сол уақытта (1921 жылдың шiлде айының орта шенiнен бастап) Семейде губерниялық халыққа бiлiм беру бөлiмiнiң меңгерушiсi және “Қазақ тiлi” газетiнiң редакторы қызметтерiн атқарған Жүсiпбек Аймауытов та белсене қатысты. Губернияларға аштарға жәрдем беру iсiн ұйымдастыруға Орталық Атқару Комитетiнiң өкiлдерi де тiкелей қатысты. Осындай мiндетпен Ақмолаға – Қияқов, Семейге – Тоғжанов, Қостанайға – Сәдуақасов жiберiлдi.


1922 жылдың маусым айында М.Дулатов пен Ж.Аймауытов бастаған ұлт зиялылары республиканың ашыққандары үшiн Семей губерниясынан мал жинау iсiн аяқтады. Барлығы 7000 мал Қарқаралыға жиналды. Бұл жылу малы Торғай уезiнiң ашыққан халқына бөлiндi. Өйткенi орталықтан шеткерi жатқан – Торғай уезiнiң жағдайы өте нашар едi. Сонымен бiрге Қостанай шаруалары (орыстар – автор). Торғай қазақтарына нан босатудан үзiлдi-кесiлдi бас тартты. Олар нанды ашыққан қазақтар үшiн емес, жұмысшы мен қызыл әскер үшiн бергенiн айтты.
Бүкiл Семей губерниясын аралап мал жиып, Сарыарқаны кесiп өтiп, жердiң түбi Торғайға екi мәрте барып, 8 мың мал айдап апарған, ең адал азамат ретiнде жұрт сенiп тапсырған өкiл – Жүсiпбек Аймауытовқа қарсы астыртын арандату әрекетi жүргiзiлдi. Тiмiскi тыңшылар өзi аштықтан ашынған, аш өзегi өртенген адамдардың ашкөзденген сәтiн пайдаланып, арғын мен қыпшақ руларының аштарын бiр-бiрiне айдап салды, сүйекке таластырды. Оны ұйымдастырған жергiлiктi жердегi кеңес өкiметi мен партия ұйымдарының белсендiлерi едi. Сөйтiп бұл жылдары Алаш зиялыларын қудалау кең көлемде басталды.
1923 жылы “Еңбекшi қазақ” газетiнiң 69-санында Файзулла Иманов 1922 жылы Қазақстан аумағында аштық апатына ұшыраған халыққа жәрдем көрсету iсiне белсене қатысқан Жүсiпбек Аймауытовты қаралап мақала жариялады. Ж.Аймауытов оған былайша жауап бердi: “Мен Файзулланың газетке басқанмен қараланып, әлеумет көзiнде азаматтығым жойылды деп ойламаймын. Кiмнiң кiм екенiн бар болсақ, уақыт көрсетер. Жалғыз қынжылатын нәрсе: ауыр қызмет, ақ ниет зая кеткен сықылды “еңбегiң еш, тұзың сор” деген мақалдың тап болуы. Не жақсылыққа жамандық қайту табиғат заңы, болмаса өмiр көрсетер. Тыныш жатып бiреудi мiнеуден, сөгуден оңай қызмет жоқ”. Ұлттық-демократиялық интелигенцияның көрнектi өкiлi болған Ж.Аймауытұлы басына iс түскен, қиын-қыстау кезде де: “Мырзаның күнi кеттi! Халық ойланатын мезгiл жеттi. Қара бұқара! Аш көзiңдi! Кедейлер күнiң туды. Байға жағынып, малын бағып, тамаққа сатылатын заманың емес, алысып теңдесiп тiзерлесе отырып ал сыбағаңды! Теңдiк алатын күнiңде құлқынның құлы болып кетпе!” деп халқының ұлттық сана-сезiмiн ояту, жiгерiн қайрау жолынан ешқашан таймағанын көремiз”. (“Сарыарқа”, 1917, №2).
“Алашордалардың” үстiнен жүргiзiлген “Торғай iсi” Голощекиннiң “дабылымен” тiптен үстемеленiп, қоңыраулатып өтедi. Ашық сот мәжiлiсi “Еңбекшi қазақ” газетiнде (15-26 наурыз, 1926 жыл) жарияланып тұрды. Соттағы сұрақ-жауаптан Қазақстандағы 1921-1922 жылдардағы алапат аштық көрiнiстерi, кезеңнiң, уақыттың шындығы да танылды. Сот кезiнде Жүсiпбек Аймауытов айыпталушыдан айыптаушыға айналды. Оның тергеу барысындағы куәлiгi мен соңғы сөзi сол кездегi кеңес тергеу орындарының арандату әрекетiн әшкерелеген үлкен саяси айыптау болды.
Алаш азаматтарының беделiн қалайда төмендетiп, жек көрiнiштi көрсету үшiн айла-тәсiлдiң бәрiн қолданған ОГПУ тергеушiлерi Жүсiпбек Аймауытовқа:
1. Малды аштарға таратып беретiн комиссияның мүшелiгiне қасақана кiрiп, “Алашорда” Үкiметiнiң туыстарына заңсыз үлес бердi. Кедейлердi үлестен қақты.
2. Үлестiрген малды кiм алғаны туралы қолхат алмады.
3. Өз бетiнше бақташыларға мал үлестiрген, – деген айып тақты.

4)Қазақ революциялық комитеті, Қазревком – Кеңес өкіметінің азамат соғысы жылдарында құрылған уақытша органы. Қазақ өлкесін басқару үшін РКФСР ХКК-нің “Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі уақытша әскери-революциялық комитет туралы” қаулысы бойынша 1919 жылы 10 шілдеде құрылған. Оның алғашқы құрамына: С.Пестковский (төраға), А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин, М.Тұнғашин, С.Меңдешев, Б.Қаратаев кірді. Әр түрлі уақытта Қазақ ревкомының мүшесі болып Ә.Әйтиев, С.Арғыншиев, А.Авдеев, Ғ.Әлібеков, Б.Қаралдин еңбек етті. Қазревком “Өлкені жоғары әскери-азаматтық басқаруды” өз қолына жинақтап, қазақ халқының мемлекеттігін құру мақсатында өлке Кеңестерінің Құрылтай съезін шақыруға жағдай жасады. Шын мәнінде ревком өкіметтің Қазақстандағы осынау төтенше органының әр түрлі саладағы орасан көп жұмысты атқаруына, Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайшы съезін әзірлеп, өткізуіне тура келді. Азамат соғысының қиын да күрделі жағдайы Қазревкомның төтенше жағдайда жұмыс істеуін талап етті. Қазревком қызметінің әскери-азаматтық сипатын осы соғыс анықтап берді. Қазревкомның басқа бір маңызды міндеті – қазақтың байырғы жерін бір қолға жинау, яғни болашақ қазақ кеңес мемлекетінің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету болып табылды


5 Мұстафа Шоқай-Ақпан төңкерісіне дейін Алаш көшбасшысы Ә.Бөкейханмен бірге Ресей Мемлекеттік Думасының мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарады. 1916 жылғы дүрбелең кезінде Түркістан және жалпы қазақ жеріндегі бассыздықтарды әшкерелеп, Мемлекеттік Думаға арнайы құжатты мәліметтер ұсынады. Сөйтіп, осыған байланысты комиссия құруға себепші болады. 1917 жылы төңкерістер тұсында мықты Түркістан мемлекетін құру идеясын ұстанады. Ташкентте «Бірлік туы» газетін ашады. Орынбордағы Алаш қайраткерлерімен тығыз байланыс ұстайды. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ сиезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ сиезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Алғашқы сиезде «Шора-и-ислам» жұмысына қатысатын 8 қазақ өкілінің бірі болып сайланады. Екінші сиезде Алашорда үкіметі – Ұлт кеңесіне Сырдария атынан кіреді. 1917 жылы Жаңа Марғұланда өткен өлкелік мұсылмандар кеңесінде қайраткер Бүкілтүркістандық мұсылмандардың құрылтайын Қоқан қаласына шақыру туралы бастама көтереді. Қарашада Қоқанда Түркістан автономиясын жариялау шарасына бастан-аяқ қатысады
Түркістан аймағы үшін осы ерекше жиын – 1917 жылы 26 қараша күні Қоқанға шақырылған өлке мұсылмандарының ЫВ төтенше құрылтайы еді. Аталған құрылтай 26-27 қараша аралығында өтті (жаңаша ресейлік жыл санау бойынша 9-10 желтоқсан). Бұған Сырдария, Закаспий, Самарқан, Ферғана, Жетісу облыстарынан 200-ден аса делегат қатысты. Олардың ұлттық құрамы да айрықша: қазақ, өзбек, түркімен, қырғыз, әзірбайжан, тәжік, орыс, украин, поляк, еврей т.б. Бұл оның халық деген ұғымды Түркістанның тарихи тағдырымен байланыста қарағанын көрсетеді. Осы жиын делегаттары 27 қараша күні «Түркістан территориялық автономиясын» жақтап, дауыс берді. Өз атымен айтсақ – Түркістан мұхтарияты. Аталған ЫВ құрылтай Түркістан автономиясының немесе Түркістан мұхтариятының «Халық кеңесін» (мұны бүгінгі парламентпен салыстыруға болады) сайлады. Оған 36 түркістандық (Түркістанның жергілікті халқынан шыққандар) және 18 өзге ұлт өкілдері енді. Халық кеңесінің төрағалығына – Серәлі Лапин, кеңес басшылығы құрамына – Мұстафа Шоқай, Убайдулла Хожаев, Махмұтқожа Бехбуди сайланады.
1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясының алғашқы үкімет басшысы М.Тынышбаев өз еркімен жұмыстан босағанда, М.Шоқай осы қызметке сайланады.
Түркия арқылы алғаш Германияға, сонан соң Францияға барып орнығады. Эмиграцияда «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын шығарып, кеңестің озбыр саясаты туралы зерттеулер жазады. Қайраткер 1941 жылы 27 желтоқсанда Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет