Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасу алғышарттары



Дата24.09.2024
өлшемі7,63 Mb.
#145357
Байланысты:
Дәріс 2 Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасу алғышарттары


Қазақстан тарихы пәні
Дәріс 2
Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасу алғышарттары
Жоспар:
  • 1. Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі
  • 2. Мал шаруашылығы негізінде өндіруші шаруашылықтың қалыптасуы және оның кезеңдері.
  • 3. Солтүстік Қазақстанның «Ботай мәдениеті»
  • 4. Ерте темір дәуіріндегі тайпалар

Энеолит
ТАС ДӘУІРІ
ҚОЛА ДӘУІРІ
Мыс-тас дәуірі

Өндірісте мыстан жасалған еңбек құралдарын пайдаланумен энеолит (энео-мыс, литос - тас) дәуірі, яғни мыс тас ғасыры басталды. Адам қолдануды үйренген алғашқы металл – мыс болды. Мыс құралдардың өндіріске ене бастауы шақпақтас индустриясының құлдырауына себеп болды.

  • Өндірісте мыстан жасалған еңбек құралдарын пайдаланумен энеолит (энео-мыс, литос - тас) дәуірі, яғни мыс тас ғасыры басталды. Адам қолдануды үйренген алғашқы металл – мыс болды. Мыс құралдардың өндіріске ене бастауы шақпақтас индустриясының құлдырауына себеп болды.

Тұрақтары

  • Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы (б.з.б. 3-2 мыңжылдықтар аралығы), ол 15 га жерді алып жатыр. Ботай мекенінен 158 тұрғын үй, өте көп жылқы сүйектері табылды.
  • Маңғыстау жеріндегі энеолиттік ескерткіш – Шебір мекені. Шебірден табылған ыдыстарда тарақ сияқты өрнектер кездеседі, және ұлу қабығынан жасалған моншақ бұйымдар табылды.

Ботай қонысы

  • Энеолит кезеңіне жататын тұрақтың бірі – Ботай қонысы. Ол солтүстік Қазақстанда орналасқан. 1980 жылы табылған бұл қоныс б.з.д. 3 мыңжылдыққа жатады.

Археолог В.Ф. Зайберт

  • Ботай қонысын 20 жылдай зерттеген археолог В.Ф. Зайберт. Оның экспедициясы Ботайдан шамамен 70 мың жылқының сүйегін тапқан.
  • Ғалымдар тарихи деректерді негізге ала отырып, “б.з.д. 3 мыңжылдықта Солтүстік және Орталық Қазақстан далаларында жылқының бірінші болып қолға үйреткен адамдар тұрған” деген тұжырым жасады.

Ботайдан 158 тұрғын үйдің қалдықтары табылған. Баспаналардың ауданы 20-120 шаршы метр аралығында үшбұрыш немесе төртбұрыш түрінде салынған. Төбесі күмбез тәріздес, бөренелермен немесе шыммен жабылған.

  • Ботайдан 158 тұрғын үйдің қалдықтары табылған. Баспаналардың ауданы 20-120 шаршы метр аралығында үшбұрыш немесе төртбұрыш түрінде салынған. Төбесі күмбез тәріздес, бөренелермен немесе шыммен жабылған.

Қола дәуірі

  • Қола дəуірі - адамзат дамуында еңбек құралдарын жəне қару-жарақ жасауда қола іргелі материалға айналған тарихи-мəдени кезең. Бұл дəуір біздің заманымызға дейінгі 4-1 мыңжылдықтарды қамтиды. Археологияда бұл кезенді "Андронов мəдениетінің" өркендеу дəуірі дейді. "Андронов мəдениеті" біздің заманымыздан бұрынғы 2-ші мыңжылдықтың соңғы жартысы мен 1-ші мыңжылдықтың басында Батыс Сібір, Орал маңы жəне Қазақстан мен Орта Азияның кең алқабын мекендеген тайпалардың тұрмысың бейнелейтін кезең.

Андронов мәдениеті

  • Бұл аймақты тарихи тағдыры ортақ, тегі тамырлас, мəдениеті туыстас тайпалар мекендеген "Андронов мəдениеті" деп аталуының сыры 1914 жылы археологиялық зерттеулер кезінде бұл кезеңнің көптеген жөдігерлері Сібірдің Ачинск қаласыңың маңындағы Андроново деревнясынан табылуында. Біздің дəуірімізге дейінгі 2-ші мыңжылдықта Солтүстік Қазақстан аумағын мекендеген тұрғындардың тұрмыс бейімі осы мəдениеттің сипатына сай болған. Андроновтықтардың негізгі тіршілік бейімі мал шаруашылығымен, балық аулаумен жəне терімшілікпен сипатталған. Мал шаруашылығы тіршіліктің негізгі көзі болғандықтан адамдардың тұрмысында жүн бұйымдар көптеп пайдаланылған.

Беғазы-Дәндібай мәдениеті

  • Беғазы-Дәндібай мәдениеті - қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. 9-8 ғ.) Орталық Қазақстанды қоныстанған тайпалар мәдениеті, өнер түрлері.
  • Бұл тарихи мекенді зерттеп, оның ежелгі тарихымыз үшін маңызын айқындаған ғалым - әйгілі академиктарихшыэтнограф Әлкей Марғұлан болды. Осы ғалым бастаған арнаулы археологиялық топ Бегазы - Дәндібай мекенін 1947-1949 және 1952 жылдары жан-жақты зерттеді.
  • Қарағанды облысындағы аудан орталығы Ақтоғай кентінен 40 шақырымдай жерде орналасқан.
  • еғазы-Дандыбай мәдениетінің ерекшілігі - ескі қола мәдениетінің түрлері өзгеріп, соның негізінде оған ұқсамайтын жаңа мәдениет түрлері қалыптасқан. Көзе сауыттар, құрылыс істерінің түрлері, қауымның әдет-ғұрпымен салт-санасы, рухани тіршілігінің жаңа арнаға ауысқанын айқын дәлелдейді.

Шаруашылығы
Мал шаруашылығы
Егіншілік

Сақтар

  • Сақтар (сақалар) — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттерисседондараландаркаспийлерсарматтардан тұрған.

Үйсіндер

  • Үйсін мемлекеті (б.з.д. VIII ғ. — б.з. V ғасырда) — Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды.

Қорытынды

  • Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары көптеген факторларға негізделген. Бұл факторлар көшпелілердің шаруашылық, әлеуметтік және мәдени дамуына ықпал етіп, олардың ерекше өркениетінің қалыптасуына әсер етті. Негізгі алғышарттар төмендегідей:
  • Табиғи ресурстардың молдығы
  • Металл өңдеу технологиясының дамуы
  • Әскери артықшылық
  • Шаруашылық жүйесінің өзгеруі
  • Тайпалар арасындағы экономикалық және мәдени байланыс
  • Қоғамдық құрылымның күрделенуі
  • Осы алғышарттар көшпелілер өркениетінің дамуына негіз болып, олардың тарихи сахнада маңызды рөл атқаруына мүмкіндік берді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет