Факультет: «География және табиғатты пайдалану» Кафедра: «Картография және геоинформатика»


Карталардағы жазу және географиялық атаулар



бет5/6
Дата10.12.2023
өлшемі89,61 Kb.
#136428
1   2   3   4   5   6
5. Карталардағы жазу және географиялық атаулар

Бұрын картаға барлық жазулар қолмен жазып белгіленді, сондықтан әрбір карталар бір-бірінен ерекшеленіп тұрды, бiрақ қазіргі кезде картографтар суреттелетiн объекттердiң сипатына лайық стандартты шрифттерді таңдайды. Кейбір шрифт түрлері дәстүрлі түрде нысандар тобы үшін қолданылады, мысалы, өзен, көл, теңiздiң нысандарын әдетте курсивтермен жазып қояды, жер бедердiң элементтерiн түзу шрифтпен белгiлейді. Шрифттік жазулар ол картографиялық таңбалар үшін ең негізгі роль атқарады. Осы жазуларға нысандардың саны және сапасы жатады. Шрифттер сонымен қатар, формасына қарай: көлеміне, түсіне, құрылымына, әріптердің жазу үлгілеріне қарай ажыратылады. Шрифттердің көлемдері сол жердің, яғни халықтың санына қарай таңдалады. Ең негізгі картаны түсіргенде жазулар қатесіз болуға тиіс.


Әрiптердiң өлшемi объекттiң маңыздылығына (немесе өлшемдеріне) тәуелдi болады. Әрiптер мен сөздердiң атаулары арасындағы қашықтықтар берілген картадағы объектінің ауданына байланысты өзгере алады. Картаның шрифттiк белгіленуіне картаның мазмұны мен оған жататын аумақты көрсететін тақырып жатады, ол үшiн iрi шрифт қолданылады. Географиялық атаулар маңызды рөл атқарады оны таңдау және оның саны картаның сипатына байланысты болады (мысалы, қаланың планы көптеген көшелердiң атауларын белгілесе, өсімдіктер картасы аз ғана керекті атауларды белгілейді). Картаны шығарған ұйымды белгілеу, жылын, пайдаланылған әдебиеттерді көрсету қабылдалған. Географиялық картадағы жазулар мына бөлімдерді қамтиды:
1-ші бөлім бұл нысандардың орны және аты беріледі (түбектер)
2-ші меншікті аттары беріледі (Рязань, Хуанхэ).
3-ші бөлім мемориалдық аттар (шығанақтар, жеке аралдар).
4-ші көрсеткіш нұсқаулар немесе аттар (Севастопаль бухтасы)
5-шы титул аттар (АҚШ, ТМД-қысқартылған сөздер).
Әртүрлі топтағы жазулар бұл түсініктемелік қолтаңбалар, яғни бұларға сипаттама беріліп отырады. Түсініктемелік қолтаңбаға мыналар жатады:
Жалпы есім терминдері бұл географиялық нысандардың түрін анықтайды (теңіз, мұхит).
2. Нысандардың сапалық ерекшеліктерін көрсетеді (түрлі-түстер арқылы ажыратылады, мысалы, орман жамылғысы).
Нысандардың сандық сипаттамасы (өзеннің ұзындығы, орташа тереңдігі, халықтың орналасуы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет