Факультет: «География және табиғатты пайдалану» Кафедра: «Картография және геоинформатика»



Дата05.12.2023
өлшемі85,62 Kb.
#134365
Байланысты:
Дизайн карты



Қазақстан Республикасы ғылым және Жоғарғы білім министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультет: «География және табиғатты пайдалану»
Кафедра: «Картография және геоинформатика»

БӨЖ

Тақырыбы: Гипсометриялық шкаланы құрастыру принциптары

Орындаған: Байден Олжас
Тексерген: Тумажанова С.
Алматы, 2023 ж.
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................3 1.Гипсометриялық карталарды құрастыру əдістемесі ………..................4 2.Гипсометриялық карталардағы гидрографиялық тор ............................8 3.Гипсометриялық карталардағы бедер .....................................................14
Қорытынды..............................................................................................................16
Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................................17

Кіріспе

Гипсометриялық шкала (грек тілінен ὕψος – биіктік және...метрия), картада рельефті биіктік қадамдары бойынша бояу үшін қолданылатын түс реңктері мен реңктерінің масштабы. Көбінесе Г.ш. Олар принцип бойынша салынған: неғұрлым жоғары, соғұрлым қараңғы немесе керісінше. Көптеген карталарда ойпаттар сұр-жасыл түстермен, аласа және орта таулар - сары-қоңыр, биік таулы жерлер - сарғыш-қызыл түстермен бейнеленген; мұхиттар мен теңіздердің тереңдігі көгілдір реңктер. Шағын масштабты гипометриялық сынақтарда. Түсінікті болу үшін карталар рельефті кеңістіктен көрінетіндей бояйды. Гипсометриялық әдіс, әйтпесе биіктік сатысында қабатты бояу немесе бояу әдісі деп аталады. Оның мәні мынада: изогиптер арасындағы Бос орындар бір немесе бірнеше түстердің реңктерімен боялған, бұл картадағы рельефтің кескініне көрнекілік, жақсы оқылым береді. Изогипстермен шектелген биіктік аймағы, оның ішінде түсі де, қарқындылығы да өзгермейді, биіктік сатысы деп аталады.

1.Гипсометриялық карталарды құрастыру əдістемесі


Бедерді бейнелеуде қойылатын талаптар. Бедерді бейнелеудің гипсометриялық əдісі əртүрлі масштабтағы жəне əртүрлі міндеттегі карталарда, соның ішінде топографиялық, топографиялық-шолу жəне жалпы географиялық анықтамалық карталарда кеңінен қолданылады, бірақ гипсометриялық карталар термині тек негізгі басты мазмұны горизонтальдармен жəне биіктік сатысы бойынша қабатты бояулармен бейнеленген бедер болып табылатын карталарға ғана қолданылады. Мазмұнның бедерден басқа негізгі элементіне бедермен берік байланысқан гидрографиялық тор жатады. Мазмұнның қалған элементтері қосымша бағдар (бағыт) ретінде бедерді оқу үшін қолданылады жəне аз мөлшерде жүргізіледі (түсіріледі).


Мазмұнды бұлайша шектеу кезінде бедер толық жəне айқын көрсету мүмкін, сондықтан тап осы гипсометриялық карталар мысалында біз бедерді құрастыру (жасау) əдісін жан-жақты қарастырамыз. Гипсометриялық карталарда акваторий ауданында теңіз түбінің бедері бейнеленеді, бірақ мұхиттар мен теңіздердің акваторийлері үшін арнайы құрастырылатын карталарды батиметриялық деп атайды, олар зерттеудің басты нысанымен жəне құрастырудың кейбір əдістерімен ерекшеленеді жəне мұнда қарастырылмайды. Гипсометриялық карталар көптеген инженерлік міндеттерді (есептерді) шешу үшін, мысалы, жаңа жолдың трассасының жалпы бағытын таңдағанда немесе бастапқыда жобалау үшін, канал жүргізудің (салудың) мүмкін болатын нұсқаларын анықтау үшін, гидростанция салу үшін орын таңдау кезінде өзен бассейнімен (алабымен) тұтастай танысу үшін жəне т.б. қолданылады. Осы жұмыстардың барлығы қима (профиль) құрастырумен, алдын ала есептеулер жүргізумен байланысты қолданады. Осыған байланысты гипсометриялық карталардың дəлдігіне, жалпылау кезінде дəлдіктің белгілі бір талаптарының сақталуына аса назар аударылады. Гипсометриялық карта инженерлік-географиялық, көптеген баға беру типіндегі карталар құрастыру үшін негізгі материал болып табылады. Гипсометриялық карталарды құрастырудың екінші мақсаты (міндеті): – карта масштабына байланысты əртүрлі рангтегі жер бетінің пішінін зерттеу: – мегаморфоқұрылымдарды (немесе планетарлық пішіндер) – тау жүйелері мен қыраттар, таулы үстірттер, ойпаттар; ал теңіз түбі үшін – қайраңдар, континенттік беткей, мұхиттық ойпаттар, суасты тау жүйелерімен қыраттар, терең суасты науалары; – макроморфоқұрылымдарды, оларға жоталар, сілемдер, тауаралық аңғарлар мен қазан шұңқырлар, жанартаулық конустар, қыраттардың жекелеген бөліктері, үстірт, қырқа, ойыстар, ірі өзен аңғарлары жəне тектоникалық құрылымымен анықталатын басқа да макроформалар; – мезоморфоқұрылымдарды, біз бұларды жер бетінің тілімдену түрлерін жəне оның денудация, аккумуляция, беткей процестері əсерінен күрделенуі деп түсінеміз; сондай-ақ жекелеген құрылымдық пішіндер (жарылымдармен байланысты кертпештер, жарықшақ бойындағы (сызығындағы) аңғарлар, лайлы жанартаулар жəне т. б.); суасты пішіндері (коньондар, суастындағы оқшауланған төбелер, қырқалар жəне т. б.). Бедер типтері картада аудан (геожүйе) шегінде мезопішіндердің дамуының ортақ бағыты жəне бірдей құрылымы мен байланысының заңды қайталануынан көрінеді. Гипсометриялық карталар бойынша жер беті пішіндерін зерттеу оларда бірнеше сипаттаманың суреттелуіне (бейнеленуіне): орфографиясының – ірі пішіндердің негізгі бағыттарының орналасуына; олардың салыстырмалы жəне абсолюттік биіктіктеріне; беткейлердің салыстырмалы тік жарлығына; тереңдігімен ойлы-қырлы сипатына негізделеді. Гипсометриялық карталарда бедердің ірі пішіндерінің бейнеленуі бедердегі геологиялық құрылымның айқындығын ескеру негізінде геологиялық жəне тектоникалық құрылымдар үшін қолданылады. Гипсометриялық картаның анализі (талдауы) бет пішіндерінің шығу тегі мен оның даму тарихы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді (мысалы, террассаланған жəне сатылы беткейлердің тегістелу беттерін, тау қырқаларының беттерін зерттеу үшін жəне т. б.). Гипсометриялық карталар биіктік жəне орографиялық байланыстардың (əртүрлі компоненттердің табиғи шекараларының) бейнеленуін жеңілдете отырып, табиғаттың тақырыптық карталарын құрастыру үшін, кешенді картографиялау үшін негіз болады.
Гипсометриялық карталар бойынша шешілетін аталған міндеттер (инженерлік жəне ғылыми) бедерді бейнелеуде:
1. Қима шкаласын (межелік) таңдау талап етілетін өлшеу дəлдігін қамтамасыз ету керек;
2. Басты нүктелерде жəне негізгі орографиялық линияларда горизонтальдар (генерализация кезінде) құрастырудың дəлдігін сақтау;
3. Бедер пішінін горизонтальдармен бейнелеудің көрнекілігі;
4. Денудация сипатымен жəне құрылымымен анықталатын бедердің негізгі типтерінің оқылуы (типтік айырмашылық бөлшектігі карта масштабына байланысты);
5.Бедерді бейнелеу дəлдігі дəрежесін табиғи ойлы – қырлылық дəрежесіне сəйкес сақтау;
6. Бедердің ірі пішіндерінің абсолюттік биіктігінің көрнекілігі мен оқылуы, орографиялық құрылымының бояуымен безендіру арқылы айқын көрінуі сияқты талаптарды анықтайды. Қойылған талаптардың орындалуы бедерді зерттеуге шығу тегі əртүрлі пішіндердің суретіне тəн ерекшеліктердің айқындалуына негізделеді. Бұл кеңістік картографияның гипсометриялық мектебінің негізі.
Бедер пішіндерінің географиялық дəлдігі мен айқындығы – біздің карталардың негізгі артықшылығы. Көптеген шетелдік басылымдарда (карталарда жəне əдебиеттерде) гипсометриялық карталардың міндеті биіктік пен бедердің ірі пішіндерін бейнелейтін карталар ретінде ғана беріледі. Дөңестік, мүсіндік талаптар тек бейнелеудің құрама əдістері арқылы ғана көрсетіледі (гипсаметриалық бояудың немесе бедер үлгісі фото суретімен үйлестірілуі арқылы). Гипсометриалық бейнелеудің көрнекілігін арттырудың басқа да əдістері белгілі. Бұл – тік беткейлерде горизонтальдардың жуандауы, солтүстік батыс жарықтандыру ұстанымы бойынша горизонтальды жарықтандыру жəне қоюлау. Олар бедердің салыстырмалы қарапайым суретіне ғана əсер береді, кейде қабырғаға ілуге арналған карталарға да қолданады.
Түрлі елдердің гипсометриялық карталардың талдауы бедерді гипсометриялық бейнелеуі əдісіндегі үш негізгі бағыт туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
1. Қиманың салыстырмалы түрде сирек шкаласында (межеліктерінде) горизонталь сызығын жүргізудің үлкен дəлдігі мен егжей-тегжейлігі (мұндай типтегі карталарды гипсометриялық астылар карталары деп атауға болады). Бедер пішінін көрсету (айқындау) үшін бұл карталар бояуымен толықтырылады (мысалы, 1972 жылы шыққан АҚШ-тың Ұлттық атласындағы бедер карталары). Биіктіктің жақсы оқылуы биіктік сатыларының ашық бояуымен қамтамасыз етіледі. Бұл карталарда бір артықшылық бар: гаризонтальдар автоматты түрде ірі масштабты карталардан бұларда бейнелене алады.
2. Қима интервалдары аз өте қатты талданып қорытындыланған кескіні (сурет) өте айқын, бірақ ірі пішіндердің сызбалы кескіні. Мұндай кескін (сурет) қабырғадағы оқу карталарында ойдағыдай қолданылуы мүмкін. Оның дəлдігі анықтамалық типтегі карталар үшін горизонтальдардың жасанды салынуына байланысты жеткіліксіз болады. Бұған халықаралық миллиондық карталардың көптеген беттері мысал бола алады.
3. Кеңістік карталарға жақын бедердің бейнеленуін біз Польшаның гипсометриялық карталарынан, Венгрия мен ГДР-да құрастырылған 1:2 500 000 масштабтағы халықаралық карталарының беттерінен көреміз.

2.Гипсометриялық карталардағы гидрографиялық тор




Гипсометриялық карталарда бедердің құрылуы биіктік мəліметтері (ірі масштабта құрастырылған горизонтальды карталар, қосымша биіктік анықтамалар, қима жəне т.б.) мен алдын ала жалпыланған гидрографиялық тордың қорытындысына негізделеді. Бедер пішіндерімен гидрографиялық тордың арасында тікелей байланыс болады. Əрбір өзен аңғар түзеді, ал ол картада бейнеленеді, əрбір көлдің ойпаңы болады, ал ол горизонтальдардың қабылданған қимасына байланысты көл қазан шұңқырын кескіндейтін горизонтальдардың тұйық пішінімен немесе иілімімен бейнеленуі мүмкін. Өзеннің негізгі иіндері (бұрылмалары), ағыс бағыттары, бассейннің (алаптың) сипаты бедердегі геологиялық құрылымға негізделген. Аңғарлардың даму дəрежесі, олардың тереңдігі, ойылу сипаты неотектоникалық қозғалыстардың бағытымен жəне қарқындылығымен жиі байланысады. Жаңа көтерілімдер кезінде эрозияның күшеюімен, шөгу кезінде аккумулияцияның дамуымен. Сондықтан бедерді құру үшін əртүрлі типтегі бассейндерге (алаптарға) тəн ерекшеліктерді сақтайтын жеткілікті толық гидрологиялық тордың болуы маңызды. Гидрологиялық тордың суретіндегі айырмашылықтар бассейндердің (алаптардың) жəне олардың өзен аралығын бөлетін бірнеше типтерінен мəлімет бере алады. Ағаш тəрізді (дендритті) сурет горизонтальді (көлденең) немесе аз ғана еңістеу жатқан шөгінді жыныстардан құралған қыратты жазықтарға тəн. Өзендердің тармақталған салалары əдетте, жас 110 эрозиялық тиімденудің табиғи суретін көрсетеді. Өзендердің ағаш тəрізді суреті типіне жақын беткейдің бірыңғай құрылу шегіндегі таудың тілімденуі де жатады. Өзендердің іріктелуіне (ал сонан соң өзендердің жалпылауына) өзен аралығының сипаты елеулі əсер етеді. Бұл – тек маусымдық су ағыны бар тілімденбеген жəне суайрық сызықтары ирек тəрізді пішінге айналған өзен торларымен өте қатты тілімденген өзен аралықтары. Соңғы жағдайда жалпылау кезінде аңғарлардың суреті күрделенеді, ал қысқа өзендердің дұрыс іріктелуі бедердің бейнеленуін жеңілдетуі мүмкін. Ағаш тəрізді суреттегі өзендердің іріктелуі негізінен белгіленген ценз (өзеннің минималды ұзындығы) бойынша жүргізіле алады, бірақ міндетті түрде суайрық сызығының сипатын ескеру қажет – оның ирелеңдігі қысқа салаларға негізделуі (себепші болуы) мүмкін. Өзен торының параллельді суреті көбінесе, еңісті жазықтарға, бірақ кейде ағын судың бірыңғай жағдайындағы жəне өте əлсіз эродирленген өте жайпақ ойыстарға да тəн. Бұл жағдайда едəуір (біршама) ұзын төменгі қатар салалары ұзындық цензасы бойынша емес, параллель өзендердің арасындағы қашықтықты ескере отырып шығарып тасталады. Кейде ұсақ масштабты картада 1,5 см негізгі цензада ұзындығы 2-3 см саларды шығарып тастауға тура келеді, əйтпесе, өзен аңғарларын кескіндейтін горизонтальдардың суретін ретімен орналастыру мүмкін емес. Өзендердің параллельді суреті ұзына бойғы аңғарлармен бөлінген параллель қырқалы таулы қатпарлы облыстарға да тəн. Сонымен қатар өзен бассейнінің суреті көлденең салаларымен (жоталардан тау аралық аңғарларға қарайғы су ағыны) күрделенеді. Бұл жағдайда көлденең су ағынының негізгі элементтерін іріктеу кезінде цензаны сақтау үшін өзгеруі қажет. Өзендердің параллельді созылулары олардың тік бұрышында (аңғарлардың көлденең учаскелері) күрделенеді. Мұндай сипат таулардың керегеленіп тілімденген өзен торларына тəн. Аңғарлардың көлденең учаскелері көбінесе, жарылымдар сызықтарына жəне айқын қайталанған бағыттарға сəйкес келеді. Вулканды (жанартаулы) облыстарда, интрузифті массивтерде, жекелеген көтерілім блоктарында жəне желпуіштерде болуы мүмкін. Іріктеу кезіндегі кейбір қысқа өзендерді сақтай отырып, желпуіш шегіндегі бағыттарды көрсету (айқындау) қажет. Өзендердің желпуішті бағыты тау жоталарының тау түйіндерінен (торап) айырылатын жерінде де байқалады. Сонымен қатар қырқа сызықтарын қиып өтетін, карларда (қырқа астында) аяқталатын салаларға назар аудару қажет. Желпуішке ұксас суреттің басқа типі құрғақ дельталар мен ысырынды конустардың гидрографиясына тəн, онда бір ағыннан суландыратын каналдар мен арықтар тобымен күрделенген, көбіне, лықсыма сулардың көлдерімен аяқталатын тармақтарында болады. Құрғақ дельтаны іріктелген ұсақ каналдармен жалпылау кезінде оның жалпы конфигурациясы сақталады, суландырылатын аудандары көрінеді, қарама-қарсы бағыттағы ағынның тартушы радиалды суретіне ағынсыз қазан шұңқырға жиналатын өзен торлары қосылады. Əртүрлі типтегі өзен бассейндердің суретін талдау кезінде біртекті (тұтас) тектоникалық сызықпен байланысқан өзен мен салалар учаскелердің қайталанған бағыттары байқалады. Мұнда жалпы бағытты қамтитын қысқа салаларды сақтау маңызды. Өзен учаскелерінің бағыттары тек сызықты ғана емес, сондай-ақ доғалы жəне сақиналы құрылымдарданда көрінуі мүмкін. Осылайша өзен алаптарының суреті бедерді құрушыға кішігірім пішіндерді іріктеу тəсілін, көзқарас бойынша болмашы ірі орографиялық бірліктердің айқындалуын жиі ойға салады яғни ескертеді. Сондай-ақ гидрографиямен бедердің тікелей байланысы ірі пішіндердің жалпы сипатына тəн емес аңғарлық немесе қазаншұңқырлық тілімденудің ұсақ бөлшектерін сақтауды міндеттейді. Гидрографияның шамадан тыс дəлдігі бедердің талдап қорытылуын күрделендіруі, кішігірім көл қазан-шұңқырларын білдіретін эрозиялық бөлшектерді немесе ұсақ тұйықталған горизонтальдарды ірі пішіндерде майдалауы мүмкін. Осыған байланысты бедердің гипсометриялық бейнесін құрастыру кезінде гидрографиялық тордың дəлдігін шектей отырып, бірақ тілімденудің жалпы сипатын сипаттайтын элементтерді сақтай отырып жеңілдетуге тура келеді. Өзен торларын іріктеу ұстанымдары екі негізгі көрсеткіштердің есебіне негізделеді: өзеннің ұзындықтары мен көршілес салалар арасындағы қашықтық, əртүрлі типтегі алаптар үшін өзгеретін екі ценза анықталады. Өзендерді іріктеу кезінде, сондай-ақ келесідей пікірлер ойда болады, табиғатында эрозиялық аңғарлардың барлығында да ағын сулы арналар бола бермейді, мысалы, жыралыбөренелі бедерде, аридті (құрғақ) аудандардағы құрғақ аңғарлар, таулардағы тасты өзендер жəне т.б. Ұсақ масштабқа сəйкес картада гаризонтальдармен берілген эрозиялық аңғарларға қарағанда өзендерді сақтауға мүмкіндік болады делінеді. Соған сəйкес қазаншұңқырларымен немесе орасан кең ортақ қазаншұңқырда жатқан ұсақ көлдер шығарып тасталуы мүмкін. Ұсақ өзендердің санының азаюы талданған түрдегі бедерді құрастыру үшін үлкен кеңшілдік береді. Гидрографиялық торды жалпылаудың екінші жағы жекелеген өзендер ағысының сипатын сақтау əдістеме бойынша топографиялық карталардағы жалпылаумен көп ұқсастықтары бар; тек масштабта көрсетілетін тік бұрылысты өзендер ғана азаяды, ал аралдар, салалар, дельталар жəне арнаның басқа да элементтері тек жоғарғы қатардағы өзендер үшін сақталуы мүмкін. Ұсақ масштабты карталарда өзендердің көп бөлігі үшін тек негізгі бұрылыстар (орографиялық айналма) ғана орнының жеткілікті дəлдігімен анық көрінеді, ал гидрографиялық айналма сипаты шартты түрде арнаның əлсіз, орташа жəне қатты ирелеңдеген бөлімімен бейнеленеді. Бұрмалау шектері бағдарламаларда анықталады. Гипсометриялық карталарды құрастыру практикасында гидрографиялық тор оның бедерімен мақсаты (нысаналы) іріктеу үшін келесідей технология қолданылады. Гидрографиялық торды егжейтегжейлікпен жеке түпнұсқада құрастырады. Содан кейін осы бастапқы түп нұсқадан гипсометриялық картаның құрастырушы түпнұсқасы үшін көгілдір белгі (таңба) дайындайды. Гидрографиялық тор баспаға қалдырылатын нысандарды іріктеуде қара тушпен немесе жасыл бояумен сызылады. Қалған кішігірім өзендер мен көлдер көгілдір түспен қалдырылады. Бедерді құрастыру кезінде олар суретке пайдаланылуы мүмкін, қажет жағдайда олардың кейбіреулерін қосымша сызуға болады, бірақ гаризонтальдарды талдау кезінде оларды ескермеуге де болады. Сипатталған тəсіл бедер мен гидрографияны бейнелеудің бірлігін қамтамасыз етеді. Қима шкаласын таңдау. Гипсометриялық карталарда жергілікті жердің бедерін толықтай шындыққа (ақиқатқа) жақын жəне көрнекті түрде бейнелеу үшін ғылыми негізделген (дəлелденген) қима шкаласын таңдау қажет. Бұл міндет тек топографиялық жəне топографиялық шолу карталарында өте оңай шешіледі, мұндағы ірі масштаб жергілікті жердің еңістік бұрышы мен масштабтың шекті дəлдігіне мақсатқа сəйкес (орынды) қима шкаласын есептеуге мүмкіндік береді. Мұндай карталарда парақ шегінде теңдей арақашықтықтағы тұрақты бір бедер қимасы бар шкалалалар қолданылады. Əртүрлі аудандар үшін екі-үш қима пайдаланылады. Масштабты кішірейткеннен, міндет күрделене түседі. Карта бетіне бедердің əртүрлі пішіндегі жəне вертикаль тілімденудің əртүрлі сипаты бар жергілікті жер түсіріледі. Ұсақ масштабты гипсометриялық карталардың міндеті аумақтың морфологиялық ерекшелігін жеткізу үшін тығыз қима шкаласын қолдануға мəжбүрлейді. Бедердің тұрақты қимасы бар шкалаларды пайдалану тиімсіз, себебі мұндай шкалалар бір картада ойпаттың бедерін толықтай бейнелей алмайтыны сияқты, таулы аймақтардың бедерін толық бейнелеуге мүмкіндік бермейді. Горизонтальдар арасындағы кішігірім интервалдарда ойпатты бедер мезопішіндері жақсы суреттеледі, бірақ тауларда горизонтальдар бірігіп кетеді; сұйытылған шкалада ойпатты жерлердің бедері бейнеленбеген болып шығады.Сондықтан гипсометриялық карталарда айнымалы шкалалар қолданылады, оларға биіктікпен горизонтальдар арасындағы интервалдарды жоғарлату тəн. Айнымалы шкалаларды құрастыру бедердің əртүрлі типтері мен пішіндерін бейнелеу үшін бірегейлікті сақтау үшін туындаған бір қатар қиыншылықтармен жəне жекелеген аудандардың бедерін өзіндік бейнелеу кезінде барлық картографияланатын аумақ шегінде карталарды салыстырумен байланысты. Сонымен қатар карта көрнекті де оқылатын болып қалдырылуы керек. Айнымалы шкалаларды жасау гипсометриялық картамен жұмыс істегендегі шешуші сəттердің бірі болып табылады. Əрбір карта үшін бірыңғай шкала пайдаланылады; Биіктікпен арақашықтықтың өсуі жергілікті жердің (ойпат, қырат, үстірт, аласа тау, орташа тау, биік тау) типінің өзгеруімен байланысады. Сонымен қатар картада биіктігімен жергілікті жердің еңіс бұрыштарының өсуінің, яғни көршілес горизонтальдар арасын қамтуды азайтудың визуалды (көзбен көру) əсер етуі сақталу керек. Жақсы құрастырылған айнымалы шкала интервалдардың заңдылықты өсуінен түрады, жергілікті жердің морфологиялық ерекшеліктерін дұрыс бейнелейді (жазықтықты-эрозиялы, таулы жəне т.б.), бедердің негізгі пішіндерін көрсетеді, вертикальді жəне горизонтальді тілімденудің дəрежесін анықтайды жəне көрнекті түрде жеткізеді, құрлық жəне теңіз түбі бедерінің салыстырмалы түрде бейнеленуін қамтамасыз етеді. Карта шкаласын таңдау белгілі бір теориялық зерттеулермен жəне тəжірибелік жұмыстардың жүргізілуімен байланысады. Ұсақ масштабты карталардың барлығы дерлік (жалпы географиялық карталарды қосқанда) белгілі бір дəстүрлі горизонтальдардан тұрады (200, 1000, 1500 м жəне тағы басқа) Бұл жер бедері үшін жергілікті жердің сатылары, мəліметтерінің тұтастай таралуы тəн екенділігімен түсіндіріледі. Мұндай заңдылық гипсографиялық ирекпен жасы беріледі. Оны құрастырудың мəні мынаған келіп тіреледі: ординаталар осінде жергілікті жердің биіктігі километрмен кейінге қалдырылады, ал абциссалар осінде биіктіктің жекелеген сатыларымен өтетін миллион шаршы шақырымдық аудандар кейінге қалдырылады. График нүктелері бір қалыпты ирекпен қосылады, оны талдай отырып жердің биіктігінің негізгі сатыларын бөліп қарастыруға болады (ойпат – 0-ден 200 м-ге дейін жəне т.б.). Гипсографиялық ирек жеке материктер немесе аудандар үшін де құрастырылуы да мүмкін. Ол бедердің негізгі сатыларын айқындауға жəне əртүрлі типтегі бедерді бейнелеуде шкаланың биіктік интервалдарын дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Осы мақсаттар үшін басқада картометриялық жұмыстар атқарылуы мүмкін, мысалы, шектік жəне басым емес бұрыштарын айқындай отырып жергілікті жердің профильдер жүйесін құрастыру. Ол үшін жергілікті жердің типтері бойынша картографияланатын аумақта алдын ала аудандастыру жүргізіледі (салыстырмалы биіктіктің амплитудалары бойынша) жəне əрбір ауданның шегінде соларға тəн профильдер құрастырылады. Əрбір аудан үшін соларға тəн горизонтальдар анықталады, бірақ олар əдетте, биіктігі бойынша жақын болып келеді. Мысалы, Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауының тау етегі 600-700 м биіктікте, солтүстік Кавказ бен Оралдың көп бөлігі – 500 м биіктікте жатыр жəне т.б. Осы мəліметтер бойынша картографияланатын аумақтың көп бөлігін жақсы бейнелеуді қамтамасыз ететін негізгі горизонтальдар таңдап алынады. Бір уақытта жергілікті айырмашылықтардың кескінделу мүмкіндіктері ойластырылады. Мұндай мүмкіндіктер екеу, қосымша горизонтальдарды пайдалану жəне жекелеген учаскелерде негізгі горизонтальдарды алып тастау. Қосымша горизонтальдарды (жартылай горизонтальдар) негізгі шкала бедерге тəн пішіндерді (жоталар, тау етегі немесе тау басының жүйелері, үстірттің тілімденуі) түсіндіре алмаған жағдайда ғана қолданады. Горизонтальдардың ерекшелігі жергілікті жердің ерекшеліктерін айқындау үшін, егер таулар теңізге немесе тау аралық қазан шұңқырға қарай тік төмендейтін болса, беткейдің күрт бүгілуін айқындау үшін (осындай мақсатқа сəйкес жағдайында) жəне т.б. қолданылады. Негізгі кеңістік гипсометриялық карталар шкаласын салыстыру кезінде миллиондық масштабты картада қима шкаласының үш интервалы (50, 100 жəне 200 м) ал 1:2 500 000 масштабты картада алты интервал (50, 100, 150, 200, 250, жəне 500 м) қолданылады. Интервалдар санының артуы масштабтың кішіреюімен байланысты. Бұрынғы КСРО-ның еуропалық бөлігінің гипсометриялық картасында бес интервал қолданылған (25, 50, 100, 200, 250 м), бірақ бұл картографияланатын аумақтың региональді (жергілікті, өңірлік) ерекшеліктер мен байланысты. Жекелей 25 интервал (горизонтальдары 150,170,200 м) картада Орта орыс қыраты мен Орыс жазығын, басқа да қыраттарын дұрыс кескіндеуге мүмкіндік береді. Осылайша картаның масштабы мен бедердің региональді ерекшеліктері қима шкаласын таңдауда тікелей əсерін тигізеді.

3.Гипсометриялық карталардағы бедер


Қиманың айнымалы шкаласының үлкен бір құндылығы – əрбір жергілікті жердің бедеріне тəн негізге назар аударуының концентрациясы болып табылады. Сондықтан ол ұсақ масштабты шолу карталарының міндетіне жақсы сəйкес келеді. Гипсометриялық карталардағы бедердің жекелеген пішіндері. Ұсақ масштабты карталарда бедердің мезопішіндерін бейнелеу көп жағдайларда шартты болып келеді. Тіпті, ені 2-3 киллометр болатын үлкен өзен аңғарлары террасалардың өндірілген жүйесінде ені айтарлықтай ұлғайтылған горизонтальдардан көрінеді, ал кішігірім өзендердің көптеген аңғарлары тек тілімденудің шартты түрі ретінде ғана көрініс береді. Гипсометриялық карталардағы картаграфиялаудың негізгі нысаны геологиялық құрылымына (морфоқұрылым) негізделген бедердің ірі пішіндері болып табылады, бірақ əрбір ірі пішін үшін экзогендік процестер (денудация жəне аккумуляция) əсерінен құралған бедер элементтері-«мүсін» бейнеленеді. Бедерді құрастырғанда картограф ылғи да бөлшектерді бейнелеу кезінде көптеген қиындықтарды бастан кешіреді. Бөлшектерге картаның ұсақ масштабында құрылымдық пішіндерде жатуы мүмкін, мысалы денудация əсерінен қатты бұзылған бірыңғай қатпарлы облыстардағы параллель жоталар, онда тау жыныстарының əрбір қабаты ерекше қырқа, жекелеген блоктарға бөлшектенген массивтер, куэстілі кертпештердің күрделі жүйесі жəне тағы басқалай ерекшеленеді, бірақ əрбір құрылымдық пішін (қырқаның бөлігі, массив) тағы да тілімдену бөлшектеріне күрделенеді. Денудация кезінде үгілу процестері, сызықты жəне бүйірлі эрозия, беткейлік шаю (шайылу), аккумуляция, жел процестері өзара тығыз байланысқан. Олар бедер пішіндерінің біртұтас кешенін құрайды, ал əрбір процесс жеке-жеке, дəлірек оның басымдауы өзіндік бір сипатты суретке негіз болады. Сондықтан бейнеленген учаскені (аймақты) зерттеу оның құрылымын жəне денудацияның басым сипатын егжей-тегжейлі талдауды талап етеді. Зерттеу негізінен топографиялық карталар бойынша жүргізіледі жəне сонымен қатар пішіндердің белгілі бір үйлесімінің қайталануы бойынша бедер типтері айқындалады. Гипсометриялық бедер суретін нақтылауға аңғарлық тілімденудің күрделі жүйесін құра отырып, су эрозиясы процестері көп əсерін тигізеді. Топографиялық карталарға арналған аңғарларды бейнелеудің негізгі ережелері ұсақ масштабтылар үшін үлкен маңызға ие, əсіресе бойлық профиль (қима) бойынша горизонтальдардың орналасуы, көлденең профиль бойынша горизонтальдардың тұйықталу сипаты, аңғарлардың ирелеңденуі (қатпарлануы). Ұсақ масштабты карталарда аңғар жиектерінде горизонтальдарды біріктіруге, тар аңғарлар үшін – тальвег сызығы бойынша жиі, жүгінуге тура келеді (35-сурет). Аңғарлардың жоғарғы жəне ортаңғы бөлігінің айқын суреті картада ағынның жалпы бағытын оқуға көмектеседі. Ағын бағыты дұрыс оқылмайтын суретті картографтар парықсыз деп атайды.


Қорытынды


Рельефті бейнелеудің гипсометриялық әдісін дамыту, шағын масштабты гипсометриялық карталарды құру оларды құрудың әртүрлі принциптеріне негізделген түрлі түсті шкалалардың дамуына әкелді. Гипсометриялық шкала-бұл белгілі бір принциптерге сәйкес құрылған түстер қатары. Барлық түс шкалалары біртекті және аралас қатарларға бөлінеді. Біртекті түс қатарларының шкалалары түс реңі мен жарықтығына сәйкес жасалады. Түс реңі бойынша шкаланы құру-суық түстерден жылы түстерге ауысу, қадамдарда тұрақты жарық пен қанықтылық. Мұндай шкала алғаш рет XIX ғасырдың соңында жасалды. Оның түс схемасы көкшіл-жасыл, ақшыл-сары, қызғылт сары және қызыл түстердің аз қаныққан қатары. Масштаб өте жеңіл және рельефтің хиароскуро дизайнымен жақсы үйлеседі. Бұл шкалада ХХ ғасырдың басында. көптеген елдерде карталар шығарылды. Жеңілдік бойынша өзгеретін шкалалар қанықтылықты арттырмай, биіктікпен (неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қараңғы) және керісінше биіктікпен жарықтандыруды (неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жеңіл) біртіндеп төмендету принциптері бойынша құрылады. Сары-қоңыр, қоңыр және қара-қоңыр түстерден тұратын биіктігі бар күңгірт шкаланы қолдану қабатты бояумен рельефтің ғылыми негізделген дизайнын бастады.


Жарықтандыратын шкалалар тұрақты қанықтылықпен биіктігі бар қадамдарды жеңілдету принципі бойынша құрылады. Аралас түс қатарларының шкалалары екі немесе үш түс параметрлерін өзгерту арқылы жасалады. Бұл жағдайда сіз әртүрлі гипсометриялық шкалаларды ала аласыз. Отандық және шетелдік карталарда ең көп таралған және жиі қолданылатын шкалалардың келесі түрлері. хиароскуро пластикалық рельеф картасы Жасыл-қоңыр шкалалар (суретті қараңыз. 30) көптеген картографиялық жұмыстарда, атап айтқанда КСРО-ның 1: 5 000 000 масштабтағы гипсометриялық картасында (1938), әлемнің үлкен кеңестік атласының гипсометриялық карталарында (1937), 30-шы жылдары шығарылған бірқатар оқу қабырға карталарында және т. б.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Берлянт А.М. Картография: Учебник для вузов. - М.: Аспект Пресс, 2001. - 336 с.


2. Картография с основами топографии. Под ред. Грюнберга. Москва, изд. Просвещение - 1991 год.
3. Салищев К.А. Картоведение. 3-е изд. - М.: Изд-во МГУ, 1990. - 400 с.
4. Сваткова Т.Г. Атласная картография. - М.: Аспект Пресс, 2002. – 203



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет