Факультет: Жалпы медицина


Ауруханаға дейінгі кезеңде мүмкіндіктерді ескере отырып, шоктың əртүрлі дəрежесі мен клиникалық



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата25.11.2023
өлшемі2,05 Mb.
#126969
1   2   3   4
Ауруханаға дейінгі кезеңде мүмкіндіктерді ескере отырып, шоктың əртүрлі дəрежесі мен клиникалық 
белгілерін анықтауға болады.

1-ші дəрежелі шок ( жеңіл шок) АҚҚ 90-100/60мм с.б.б. жəне пульс 90-100 рет мин. (ШИ=1),қанағаттанарлық 
толу болуы мүмкін. Негізінен зардап шегушінің есі аздап тежелген, бірақ қарым-қатынасқа оңай (жеңіл) 
қатысады, ауыру сезімін сезеді, тері жəне көзге көрінетін шырышты қабаттары бозғылт, бірақ кейде қалыпты 
түсті болады. Тыныс алуы жиі, бірақ құсу жəне құсық массаларымен аспирация болмаса, тыныс жеткіліксіздігі 
дамымайды. Жабық сан жарақатында, сан жəне сирақтың біріккен жарақаттарында, жамбастың жеңіл 
сынықтарында жəне басқа да ұқсас жарақаттарда дамиды..

2-ші дəрежелі шок (орташа ауырлықтағы шок) артериалды қысымның 80-75 мм.с.б.б. дейін төмендетуімен өтеді. 
Бұл кезде жүректің жиырылу жиілігі 100-120 рет/мин дейін өседі. ШИ = 1,57 терінің айқын бозғылттығы, 
цианоз, адинамия, тежелу байқалады. Көптеген ұзын түтікті сүйектер жарақатында, көптеген қабырғалар 
сынғанда, жамбас сүйектің ауыр жарақатында дамиды.

3-ші дəрежелі шок (ауыр шок) АҚҚ 60 мм.с.б.б. дейін төмендеуімен сипатталады. (одан да төмен болуы мүмкін), 
жүректің жиырылу жиілігі 130-140 рет/мин дейін өседі. Жүрек тондары өте əлсіз болады, науқастың есі терең 
тежелген, айналасында болып жатқандарға көңіл бөлмейді, терісі бозғылт, цианозды жəне жер түсті өң. Шоктың 
бұл дəрежесіт көптеген қосарланған немесе біріккен жарақаттарда, скелеттің зақымдануында, ірі бұлшық еттер 
мен ішкі ағзалардың жарақаттарында, кеуде клеткасы, бассүйек жарақаттарында жəне күйіктерде дамиды.
Ары қарай науқастың жағдайы нашарласа, шоқтың 4 дəрежесі - терминалды жағдай дамуы мүмкін.


Негізгі диагностикалық шаралар:
1. Шағымдар жинағы, жалпы емдік анамнез.
2. Жалпы емдік (терапевтік) визуальді қарау.
3. Перифериялық артерияда қан қысымен өлшеу (АД).
4. Пульсті анықтау.
5. Жүрек соғудың жиілігін өлшеу (анықтау).
6. Тыныс алу жиілігін анықтау.
7. Жалпы терапевтік пальпация.
8. Жалпы терапевтік перкуссия.
9. Жалпы терапевтік аускульт/я.
10. ЭКГ түсіру жəне оны талдау, тіркеу.
11. Орталық нерв жүйесінің (ОНЖ) патологиясы кезінде сезімталдық жəне қозғалтқыш 
жүйелерін тексеру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет