Шокқа тән симптомдар:
- Суық, ылғалды, бозғылт-цианозды немесе мраморлық тері;
- Тырнақтарында қан айналымының бірден төмендеуі (ақырын
айналуы);
- Бұлыңғыр ес (қараңғұту);
- Диспноэ;
- Олигурия;
- Тахикардия;
- АҚ жəне пульстің төмендеуі.
✓
Клиникалық объективті тексеру белгілері
Жарақаттық шоктың дамуында 2 фазаны ажыратады:
Тез қан жоғалту
;
Суық немесе ыстық
Радиацияның енуі жəне күйік, яғни қосарланған зақымдану.
Қайталамалы жарақат (тасымалдау)
Эректильді сатысы көбінесе жарақаттан кейін басталады жəне қанайналымның орталықтану фонында
науқастың айқын психомоторлы қозуымен (тітіркенуден) сипатталады. Науқастың іс-қозғалысы түсініксіз
болуы мүмкін, оның көзіне елестер көрініп, айқайлайды, эйфориялы, ретсіз əрекеттер жасап, өз-өзін
ұстай алмайды, тексеруге жəне көмек көрсетуге қарсы болады. Олармен қарым-қатынаста болу
қиындықтар тудырады. Қан қысымы бұл кезде қалыпты болуы мүмкін немесе қалыптыға жақын.
Жарақат түріне байланысты, тыныс алудың əртүрлі бұзылыстары болуы мүмкін. Бұл фаза қысқа мерзімді
жəне көмек көрсету кезінде, торпидті түріне ауысады немесе тоқтайды.
Торпидті фазасына тəн бұлыңғыр ес, ступор жəне орталық қан айналымның
бұзылысынан ми гипоксиясының соңғы дəрежесі комалық (коматозды) жағдай
дамиды, АҚҚ төмендейді, жұмсақ жиі пульс, тері жамылғылары бозғылт. Бұл
сатысында ауруханаға дейін жедел жəрдем дəрігері АҚҚ-ның деңгейіне сүйену
жəне жоғалтқан қанның көлемін анықтауға тырысу керек.
Жоғалтқан қан көлемін анықтау пульстің жиілігі мен систолалық қан қысымының
қатынасына негізделген. (П/СҚҚ).
- Шоктың 1-ші сатысында (қан жоғалту 15-25% ОҚК – 1-1,2л) ШИ=1,5 (100/100);
- Шок 2-ші ст (жоғалтқан қан 25-45% ОҚК-1,5-2л ) ШИ=1,5 (120/80);
- Шок 3 ст. (жоғалтқан қан 50% ОҚК -2,5л жоғары) ШИ=2 (140/70);
Жарақат сипатына қарап, жоғалтқан қанға байланысты, қанның көлемдік санын
анықтауға болады. Ересек адамдарда тобық сынған кезде жоғалтқан қан 250 мл-ден
аспайды, иық сынғанда жоғалтқан қан 300-500 мл-ге дейін құрайды, сирақ - 300-
350мл, сан - 500-1000 мл, жамбас - 250-3000 мл, көптеген сынықтар немесе
жарақаттар кезінде жоғалтқан қан көлемі 3000-4000 мл. жетеді.
|