Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті Факультет: Жаратылыстану-математика
Кафедра: Дене шынықтыру және спорт
Мамандық: Дене шынықтыру мұғалімдерін дайындау
Пән: Волейбол оқыту әдістемесі
Студенттің өзіндік жұмысы, 12-апта Тақырып: Волейбол ойыны кезінде шабуыл тактикасын және техникасын оқыту әдістемесі
Волейбол ойыны кезінде шабуыл тактикасын және техникасын оқыту әдістемесі Ойын техникасы – жарыс нәтижелерін қамтамасыз ететін арнайы амалдар мен орындайтын тәсілдер: тұрыс және ауыстыру, беру, беруден допты алу, шабуыл ұрыс үшін беру, шабуыл ұрыстар мен жалған әрекеттер, блоктау, алаңның түбнде шабуыл ұрыстар мен жалған әрекеттерден допты алу, шабуыл ойыншыларын және қорғаныста серктестерді сақтандыру.
Негізгі техникалық амалдарды ерекшелейді: беру, әрі қарай беру, шабуыл ұрыс, беруден допты қабылдау, болктау, және әртүрлі ойын жағдайларында негізгі амалдардың орындауын қамтамасыз ететін немесе олардың құрамдас бөлігі болып табылатын (секіруде, құлауда, төмен немесе жоғары тұруда, әрі қарай беру, секіруде беру, жүгіру ұмтылысынан секірудегі шабуыл ұрыс) қосымша (ауыстыру, тұрыс, секірулер, құлау).
Шабуыл ұрыстарға арналған әрі қарай берулер. Шабуыл ұрыстарға арналған әрі қарай берулер шалғайлық, доптың ұшу бағыты, траектория және жылдамдық бойынша бөлінеді.
Шалғайлық бойынша допты әрі қарай берулер бөлінеді:
— тар – бр зона аралығында;
— орташа – бір зонадан келесіге;
— кең – зона арқылы.
Доптық ұшу бағыты бойынша әрі қарай берулер айрықшаланады:
— тігінен: торға параллель;
— көлденең – торға қарай 90 градусқа жақын немесе тең бұрышпен;
— диагональ – торға қарай үшкірлі бұрышпен (алаң түбінен әрі қарай берулер де жатады).
Доптың ұшу траекториясы бойынша әрі қарай берулерді айрықшалайды:
— төмен – ұшу биіктігі тор деңгейнен 0,5 м дейін;
— орташа – ұшу биіктігі тор деңгейінен 1,5 м дейін;
— биік — ұшу биіктігі тор деңгейінен 2 м дейін;
Доптың ұшу жылдамдығы бойынша әрі қарай беру түрлері айрықшаланады:
— өлшелінген – мұнда допқа минималды жылдамдық және де шұғыл траектория беріледі;
— жартылай өлшемделген – жоғары жылдамдықпен және жазық траекториямен;
— өлшемделген – тордың жоғарғы шетінен шабуылшы үшн белглі максималды жылдамдылығымен.