Блоктау техникасы. Жалғыздық блоктау. Ойыншыға шабуылшы ұрыс үшін допты қарсыластың лақтыру бағыты мен биіктігін анықтап, блоктаушы шабуыл зонасына жылжиды: 2 метр қашықтыққа – секіріп барады, 3 метрге дейін және одан көп қосымша қадамдармен. Соңғы қадам секіріліп және бөгеліп тұрып орындалады, сонымен брге, бөгелу қимылы өкшенің ішкі жағымен жүзеге асырылады. Тіреусіз фазаға көз бақылау доптан шабуылшының қимылына ауысады. Шабуылшының дайындық әрекеттері бойынша ұрыстың бағытын анықтап, блоктаушы қолдарын түзейді және оларды бір уақытта тор арқылы өткзіп доптың болжалды ұшу бағытына қарай ауыстырады, сонымен қатар білек торға қарай біршама түсіріледі, қолдардың саусақтары ашылған және тиімді ширатылған. Доп жақындағанда қолдар шынтақ буында түзеледі және алдыға- жоғары қозғалады. Бір уақытта білезіктер нұрбілек буындарда бүгіледі: саусақтар алға-төмен қарсчылас алаңына қозғалтылады. Блок аяқталған соң жоғары көтеріледі, ойыншы бүгілген аяққа отырады. Блоктың басты элементтері секіру үшін орынды және уақытты таңдау және сетканың үстінен қолдарды қою болып табылады. Қағида бойынша, блоктаушымен секіру сәтін таңдау шабуылшының әрекеттерімен анықталады: — сеткадан алшақ лақтырудан жылдам ұрыс кезінде – шабуылшы қолының ұру қимылының басы; — төменнен лақтырудан жылдам ұрыс кезінде (жартылай өлшемделген) – аяқтардың тіреуден алу сәті немесе қолдарды шабуылшының басынан (итерілгенде) шығару; — шабуылшымен бір уақытта төменнен лақтырумен (жартылай өлшемделген) жылдам ұру барысында; — жоғарыдан лақтырумен жылдам ұру кезінде – шабуылшы қолдарының ұру қимылының басы. Бұл бағдарлар, егер шабуылшы немесе блоктаушының басты бірдей болған жағдайда секірудің басы үшін тиімді болатынын атап өту керек. Аса төмен бойлы блоктаушы біршама ертерек секіру қажет, аса биікке- кейін.
Топтық блоктау. Топтық блоктау, ең біріншіден, бр уақытта блоктауды орындайтын екі немесе үш ойыншылардың арасында әрекеттердің келісімділігн ұйғарады. Блокты нақты ұйымдастыру үшін блоктаушылардың арасында қызметтердің бөлу қажет: — негізгіі блоктаушы – аса қауіпті ұрыс бағытын блоктау тапсырылатын немесе қорғалатын алаңның аса осал жерін қорғайтын ойыншы; — қосымша блоктаушы – қарсыластың шабуыл әрекеттерінен кейін доптың ұшуының аз қауіпті, екіншілік траекториясын, жабатын ойыншы. Қосымша блоктаушылардың қызметі негізгі блоктаушының әрекеттері соңғы сәтте анықталған кезде өз қолдарын оның қолдарына тығыз қосуда болады. Осыған байланысты қосымша блоктаушыда тіреусіз фазада қимыл техникасы біршама өзгереді. Бұл қосымша ойыншы немесе ойыншылар соқтығыспай үшін негізгі блоктаушылардан біршама қашықтықта секіру тиістігінен және кейін тіреусіз фазада қолдарын соза отырып, серктестің қолдарына қосумен туындайды. Егер ұрыс үлкен қашықтықта жасалса, онда қолдарды жылжыту орынды болмауы мүмкін. Өйткені доп саусақтардың фалангаларын жарақаттауы мүмкін, ал білезіктің сыртқы бөлігіне түсіп қорғаушылардан және сақтандырушы ойыншылардан өте алыс жерге ұшып кетуі мүмкін. Сондықтан, блоктаушылар тордан алшақ жерден ұру кезінде нұрбілек буындарында білезіктерін (өзіне қарай) бүгеді. Торға жақын жерден ұру кезінде қарсыласқа қарай блезіктермен қоса білектерде жылжиды. Ұру қимылында білезктер ұшып кету күшін күшейту үшін және допқа үлкен жылдамдық және қолдардан аса үшкір бұрыш көрну үшін допқа қарсы қимыл жасайды. Тордың шетінен орындалатын шабуыл ұрыстарды блоктау кезінде бір қол (шеткі сол немесе оң, 2-ші немесе 4-ші зоналардан шабуыл жасағанда) супинирленеді және доптың алаңның шетіне секіріп, ұшып кету бағытын жабады.