Сонымен, білім мен тәрбие беру - бұл республика азаматтарының құзыретін және адамгершілік, ақыл-ой, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз педагогикалық процесс. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық дәстүр салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Республикада "Білім туралы" Заңды жүзеге асырудық маңызды жолының бірі - болашақ мұғалімдерді мектепте халықтық педагогика негізінде жүргізілетін тәлім-тәрбие ісіне даярлау. Бұл бағыттағы басты мақсат - оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады.
Әр мемлекеттің ұлтының тіршілік ету құрылымының жоғарылығы, экономикалық қуаты, әлемдік қауымдастықтағы салмағы және орны сол мемлекеттің технологиялық даму деңгейімен белгіленбек. Негізінен жаңа технологияны енгізу мен қоғам дамуы сапалылығы аталған мемлекеттегі оқыту желісінің алға қойылғандығы, сонымен қатар осы саланы информацияландыру деңгейіне әкеледі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 . Білім туралы. - Об образовании: Қазақстан Республикасының Заңы. - Алматы: Литера, 2000.- 96 б.
2. Г.Қ. Нұрғалиева, С.Мусин. Салыстырмалы педагогика. -Алматы: Ғылым, 1999.
3. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. - Алматы: Сана, 1995.
4. Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев. - Астана, 1998.
5. Е.Сағындықұлы. Педагогика. - Алматы, 1999