Факультеті Бағдарламалық қамтамасыз ету



бет43/60
Дата27.12.2022
өлшемі2,27 Mb.
#59900
түріКонспект
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   60
NOTEBOOK (компьютер-блакнот) – А4 (297х210) стандартты қағаздың бір бетінің өлшеміндей, оның толық емес пернетақтасы (80 пернеге жуық) бар. Оларда ЖҚМД (мысалы, сыйымдылығы – 120 Мбайт дискіжетек) және ЖИМД қолданылады.
NOTEBOOK-пен бір жинақта компьютерге және телефондық желіге кабельмен жалғанған жеке үстелдік блок түрінде орындалған модемі немесе факсмодемді қолдануға болады. Бірақ NOTEBOOK корпусына қондырылғандай және ережедегідей, тек хабар жіберу үшін ғана жұмыс істейтін модемдер мен факс-модемдер де бар. NOTEBOOK компьютерлері іссапарларда қолдануға ыңғайлы. Олар жұмыс үстелінде орын қажет етпейді, қағаздарға арналған жәшікте сақтауға, портфельде алып жүруге ыңғайланған.



Сурет – 19.2. NOTEBOOK компьютерлері.
HANDHELD-ДК - өлшемі А4 стандартты қағаздың бір бетінен кішірек, сондықтан ол әрқашан қол астында (қалтада) жұмыс істеуге дайын күйінде болады. Бұл модельдер электр желісінен тәуелсіз жұмыс істей алады.
Бағдарламалар дербес жұмыс кезінде сыйымдылығы 32,64 немесе 128 Кбайт бағдарламалар жазылған қатты карточкалардың (ROM CARD) көмегімен енгізіледі. Бұл карточкаларды қайта бағдарламалауға болады.
Пайдаланушы жұмыс қортындысын, енгізілген мәтінді, құрылған электрондық кестелерді және басқа жұмыс нәтижелерін сақтау үшін, онда орнатылған батарейкасы бар ROM CARD-ты қолданады. Қажеттілігіне қарай жұмыс нәтижелері кабель арқылы тұрақты компьютерге көшірілуі мүмкін.
Мамандардың болжауы бойынша, таяу болашақта өте кішкене компьютерлер есептеу желілеріне сымсыз (радиотолқындардың көмегімен) қосыла алатын болады, бұл әрине, көп шығын қажет етпейді. Мұндай технология ―өрістік компьютерлендіру деген атауға ие болады. Мұндай технологияны енгізу, қоғамды ақпараттандыруда түбегейлі өзгеріс туғызады. Жүйелік блок, пернетақта және монитор дербес компьютерді құрайды.

Сурет - 6.3. HANDHELD компьютерлері.


Пайдаланылған әдебиеттер
1. А. Б. Медешова, Д. Ғ. Ғадуллаев Компьютер архитектурасы: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011
2. В. Яворский, А. Әміров. Операциялық жүйелер: Оқу құралы. - Астана: Фолиант, 2008
3. О Сейқұлов. Есептеуіш жүйелер, желілер және телекоммуникациялар: Оқу құралы. – Шымкент: «Нұрлы Бейне», 2012
4. Гук М. Аппаратные средства IBM PC Әнциклопедия – спб.:«Издательство Питер», 2011




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет