20-Дәріс
Тақырыбы: Арнайы ЭЕМ-дер.
Жоспар:
Мәліметтер қоры машиналары, обьектілі-бағытталған архитектура
Мәліметтер қоры машиналарының архитектурасы
Көбінесе қарапайым мәліметтер базасы бір компьютердің дискісінің бір немесе бірнеше файлында орналасады. Мұндай мәліметтермен бір адам жұмыс істей береді.
Ал егер мәліметтер базасы үлкен компания үшін құрылған болса ше? Ондайда бұл мәліметтерді бір мезетте екі- үш адам пайдалануына тура келеді.
Ал, ол компаниялардың филиалдары әр жерде және бір-бірінен қашық орналасса ше? Мұндай да мәліметтер базасын қажет еткендер уақтылы қалай пайдалана алады? Әрине мәліметтерді курьерлер арқылы жеткізіп отыруға болатын шығар, оны көзіңізге елестетіп көріңізші, оңай жұмыс деп айта қоймаспыз.
Сол компьютерлерді бір компьютерлік желіге біріктіріп мәліметтер базасын серверге орналастыру керек. Желінің жұмыс станциялары зерделі терминал рөлін атқарып, қажетті мәліметтерді керек кезінде мәліметтер базасының басқару жүйесі орналасқан серверден сұрап, оның дискісінен алып отырады.
Мәліметтер базасының басқару жүйесі орналасқан серверге сұраныс түскен соң, керекті жұмыс мәліметтер станцияларына жіберіліп отырады. Мұндайда база орналасқан сервер құрамында дисплей мен пернелік тақта болғанымен, олар әдеттегідей жұмыс тәртібінде пайдаланылмайды.
Серверлік компьютер әр жерде орналасқан компьютермен (яғни мәліметті пайдаланатын адаммен) тек желілік байланыс арқылы ғана мәліметтер алмаса алады.
Сурет – 20.1 Мәліметтер қоры машиналарының архитектурасы
Терминал (енгізу/шығару құрылғысы) рөлінде дербес компьютер тұрғандықтар сервер қорларын көптеген жұмыстардан босатып, мәліметтерді қосымша өңдеуді терминалдарда орындауға мүмкіндік бар. Бұлай мәлімет өңдеу тәсілі терминалдар саны көбейген сайын бүкіл жүйенің жұмыс өнімділігін арттыруға үлкен себебін тигізеді.
Екі компьютерді бір-бірімен байланыстырудың тағы бір тәсілі-мәліметтерді тізбекті түрде жеткізу порты арқылы оларды кабельмен біріктіру. Бірақ мұндай байланыс өте жәй жұмыс істейді және оның басқа да кемшіліктері бар.
Желідегі бір компьютер почталық сервер рөлін атқарады. Ол хаттарды қабылдап, оларды адресаттар «почта жәшігіне» салады немесе әркімнің сұрауы бойынша келген хат беріледі және де қабылдап алынған почта басқа желілерге жөнелтіледі.
Техникалық бүге-шігесін айтпай-ақ, мұндай электрондық байланыстың әрбір хат иесіне оған тиеслі почтаны, ол кезекті демалыста жүрсе де, жеткізе алатынын айтқан жөн. Ол демелыстан жұмысқа шығып, компьютерін іске қосқанда, өзіне хат келіп күтіп жатқаны жөнінде бірден хабардар болады. Әртүрлі компьютерлер мен жергілікті желілерді телефон арқылы байланыстыра отырып, электрондық почтаны жер шарының кез келген нүктесіне жіберуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |