Тақырыбы: Төрімізге қонған теңдік.
Идеясы: қаншама ғасырлар бойы армандап, аңсап келген азаттығымыздың біз үшін баға жетпес байлық екендігін, сол азаттықтың арқасында бүгінде егеменді ел болғанымызды автор осы өлеңде көрсетіп отыр. Азаттықтың, бостандықтың мәңгілік мұрамыз болып қалуын, ешқашан жоғалтып алмай, көк байрағымыздың тек биіктерден көріне беруін тілейді.
Авторлық ұстаным:болашақ ұрпаққа азаттықтың, еркіндіктің арқасында бүгінде тұғыры биік ел болып отқанымызды көрсету.
Өлеңдегі көңіл-күй: жігерлі.
Жанры: поэзия, әлеуметтік лирика.
СЕНIМ Нұрсұлтан Назарбаевқа Халық деген бiр ұлы қалыпшы бар,
қиналса да, бәрiне налып, шыдар.
Халық аман болса егер, ұл тумай ма
қиын-қыстау күндерден алып шығар?!
Көкiректi тiледi қат-қабат үн,
мәймөңкелер жәйiм жоқ ақталатын.
Ел басына сын туды. Серпiл, аға,
Соқты сенiң көрiнер сәт-сағатың.
Топ алдына шық, қане! Алаңға шық!
Көрiп сенi, сiлкiнсiн ғалам-ғашық.
«Көсемсiген» бiреулер бiлсiн әлiн,
ұясына тығылсын жаман, жасық.
«Әулиелер» сезiнсiн пенделiгiн,
қайтсын жүзi қаталдық шеңгелiнiң.
Түзе бойды, мезгiлге тура қара!
Ашыл, Ойым!
Айтыл, Сөз!
Жөндел, Ұғым!..
Құм құйылсын өсектiң өңешiне,
арман, ақыл оралсын ел есiне.
Алып шығар ғасырдың дауылынан
басшы керек замана кемесiне.
Жаңылдырмай баста алға санамызды,
кеуделерде соқ, жүрек, адал, iзгi!..
Бағыт керек адаспай табатұғын
«Болашақ» деген асыл жағамызды.
Халық деген бiр ұлы қалыпшы бар,
қиналса да, бәрiне налып, шыдар…
Елiм менiң күтуде бiр асылды
қиын-қыстау кездерден алып шығар…
Тақырыбы:Халық үшін туған ұл.
Идеясы: Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың ел үшін туған ардақты ұл екенін, қиын кезеңдерге халықты бірлікке,татулыққа шақырған азаматтардың бірі болғанын көрсету.
Авторлық ұстаным: Нұр ағаның ғасыр дауылынан алып шығатын басшы екенін көрсету.