Қазақстан Республикасы білім жəне ғылым министрлігі
Əл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті « География жəне табиғатты пайдалану»
Жерге орналастыру мамандығы
СӨЖ
o
Тақырыбы:
«Әлеуметтану ғылымының қалыптасуы
мен дамуындағы кезеңдердің ерекшеліктері»
Орындаған: Альходжаева Қ.Ж.
Тексерген:
Тексерген: Социология ғылымдарының
докторы, профессор, Қазақстан Республикасы
əлеуметтанушылары Академиясының академигі, əл-
Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия жəне
саясаттану факультетінің социология кафедрасының
меңгерушісі-Мəнсия Сапарғалиқызы Садырова.
Алматы, 2019ж
Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму
заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді,
қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін,
олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың
ұйымдарының институты.
Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау мен топтастырып жіктеудің
алғашқы әрекеттері біз үшін Платонның "Республикасы" мен "Заңдарында"
және Аристотельдің"Саясатында" сақталып қалды, бірақ олардың бәрі тек
алғашқы талпыныстар болған еді.
"Әлеуметтану" сөзін тұңғыш рет Огюст Конт өзінің "Позитивтік
философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын
ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ретінде пайдаланды. Конт бірінші
болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен
әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып
барлық шынында да қажетті элементтерді бір ұғымға біріктірді. Платон
мен Аристотель саясатты этикадан немесе саясат ғылымын саясат
өнерінен ешқашан ажыратқан емес. XVIII ғасырда саясат ғылымы
революциялық рухпен біржола біріктіріліп жіберілді. Гоббс эта, Монтескье
де, экономистер де қоғамды оның барлық түрлерінде зерттеген жоқ, және,
Конт: барынша қарыздар Юмның ықпалына қарамастан, оның себептілік
ұғымындағы ақиқат атаулы әлеуметтік түсіндірмелері әлі едәуір дәрежеде
теологиялық және метафизикалық болып қала берді.
Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана,
жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт
жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуалды ақыл-ойының,
санасының бір ізгілікпен дәйекті дамуының 3 кезеңі яғни теологиялық,
метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы
түсіндіреді.
1. Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандайда бір құбылыс,
процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты,
оларға табиғат пен өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстрактілі
ұғымдарды қолданды.
2. Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс
абстрактілі ұғымдардан бас тартты,ендігі жерде құбылыстарды,
процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы
ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты.Бұл кезеңнің басты
қызметі – ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық,
оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші
кезең адамның интелектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни
позитивизмді дайындайды.
3. Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процестердің,
заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен
бас тартады.Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың
арсындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырады.
О.Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін
нақты фактілерді оқып, үйрену керек.Нақтылы фактілер – бұл әлеуметтік
құбылыстар мен процестер.