Факультеті: стоматология



бет1/2
Дата18.10.2023
өлшемі166,59 Kb.
#118143
  1   2
Байланысты:
Бөж философия


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті.

Факультеті: стоматология


Тобы: стк-204f

БӨЖ
Тақырыбы: Сана философиясы

Қабылдаған: Досалиев Т
Орындаған:Тохтанмурат С

Түркістан – 2023

Мазмұны.

I Кіріспе....................................................................................................................................2


II Негізгі бөлім.........................................................................................................................3
Философиядағы сана мәселесі...............................................................................................3
Сананың философиядағы орны................................................................................................4.
Сананың түрлері..........................................................................................................................6
санасының негізгі қасиеттері.......................................................................................................7
сана-сезім .....................................................................................................................................8
III Қорытынды........................................................................................................................10
VII Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................................11

Сана (ағылш. mind) – өзіне қатысты кез келген нәрсеге бағытталып, оны қайта бейнелей алатын, өз-өзіне айқын менталды феномендерді (mental phenomena) әйгілейтін түрлі қабілеттер кешені. Бұл қабілеттерге ойлау, қиял, жады, ерік және сезім қатарлылар жатады. Олар түйсіну, ауырсыну тәжірибесі, сенім, аңсар, ниет және эмоция секілді түрлі рухани феномендерді әйгілейді.

Менталды феномендердің түрлі қабаттағы өзара байланысты әртүрлі классификациялары ұсынылды. Әдетте олар сезімдік, болжамдық, ниеттенулік (intentional), ар-намыстық және кездейсоқ болуына орай түрлі топтарға жіктеледі. Сана дәстүрлі мәдениеттерде ерекше субстанция ретінде түсіндірілді, дегенмен қазіргі заман перспективасы көбінесе сананы адам мен жоғары деңгейлі жануарларға тән ішкі қасиет және қабілет ретінде қарастырады.

Сана проблемасындағы өзекті сауал ретінде "адамнан басқа болмыстың санасы бар ма?" және "дене мен сананың байланысы қалай болады?" қатарлыларды айтуға болады. Ал, оларға берілген адами анықтама адам таңдауына үлкен әсер етеді.

Сана, немесе діл әдетте адам денесіне, материяға, немесе физикалық затқа салыстқарамалы айтылады. Бұл салыстырмалықтың табиғаты, әсіресе сана мен ми арасындағы байланыс мәселесі - тарихтағы әйгілі пікірталас түйіні болған сана-дене проблемасы деп аталады. Дәстүрлі көзқарастар негізінен зердені бейфизикалық деп санайтын дуализмге, немесе идеализмге көбірек негізделеді. Заманауи көзқарастар көбінесе физикализмге, немесе функционализмге негізделеді, олар бойынша сана мимен қарайлас нәрсе, немесе сананы нейрондар белсенділігі секілді физикалық құбылыстарға редукциялауға болады.Дегенмен дуализм мен идеализмнің жақтаушылары әлі де көп.

Келесі бір сұрақ, қандай түрдегі болмыс санаға қабілетті екеніне қатысты. Мысалы, сана тек адамға ғана тән бе? Кейбір, немесе барлық жануарларда, немесе барша тіршілік түрлерінде тегіс сана бола ма? Сана мүлде қатаң түрде анықталатын сипаттама ма? Сана кейбір адам жасаған машиналардың да қасиеті ме? тб.

Әртүрлі мәдени және діни дәстүрлер зерденің әртүрлі тұжырымдамаларын жиі пайдаланады, әрі түрлі қатысты сұрақтарға әртүрлі жауап береді. Кейбіреулер Сананы тек адамдарға ғана тән қасиет деп санаса, басқалары оны жансыз заттарға, хайуанаттарға және киелі күштерге де ортақ қасиет деп санайды (мысалы, панпсихизм және анимизм).


Философиядағы сана мәселесі–философиядағы негізгі мәселелердің бірі. Философияда сана мәселесіне әр түрлі көзқарастар бар, олар физикализм; солипсизм; объективтік идеализм; материализм деп бөлінеді.

Физикализм –сана жеке субстанция ретінде, сана материяның туындысы және тек физика тұрғыдан түсінуге болатынын қарастыратын, сананың мидағы физиологиялық процестермен байланысты екенін пайымдайтын бағыт. Сана– ми қызметінің жемісі. Бұл көзқарас ғылыми жаратылыстану ғылымдардың нәтижелеріне, соның ішінде мына фактілерге негізделген: адамның миы–табиғаттың күрделі "механизмі", материяның жоғары ұйымдасқан деңгейі; ми болмаса әр адамның санасы өмір сүре алмайды, ми-биологиялық орган; адамзат жасанды интеллект жасауға мүмкіндігін алды, ол материалдық объект - машина (компьютер); дәрілердің адамның организміне әсері санада бейнеленуіне әкеледі (мысалы, психотроптық заттарды қолдану). Физикалистердің негізгі мәселесі— ол идеалдық сана: адам ойындағы образдардың материалдық сипаттамасы жоқ, мысалы - массасы, иісі, өлшемдері, формалары жоқ; сана образарды өзгерте алады — үлкейту, кішірейту, өшіру сияқты, ешбір адам басқа адамның санасын "көрмеген" (миге операция жасаған хирург, микроскоптан тек затты — нейрондерды көреді, бірақ ол операция жасаған адамның образдардарын, не ойларын көре алмайды). 

Материализм теориясы (мысалы, Фохтың пайымдауынша ой мидан бөлініп шыққандықтан ойдың өзі ерекше түрдегі зат). Ой мен материя сапалық жағынан өзара тең ұғымдар. Психикалық құбылыстарды физиологиялық құбылыспен, ойды затпен теңестіру арқылы материализмді идеализммен байланыстырды. 

Солипсизм —индивидтың санасы— жалғыз нақты реалдылық, а материалдық дүние — оның туындысы деп есептейтін бағыт (субъективтік идеализм — Беркли, Юм, Фихт).

Философиядағы сана мәселесінде сананың қалыптасуы туралы әр түрлі көзқарастар бар. Солардың бірі сананың космостан (не құдайдың ақылынан) пайда болды деген көзқарас. Сана барлық тірі организмдерге тән немесе сана тек адамның қасиеті. Сана космостан (құдайдың ақылынан) пайда болғаны туралы көзқарас: монадалар теориясы (монадология) - Лейбниц негізін салды, Даниил Андреев оны ары қарай дамытты. Дүниеде бөлінбейтін және мәңгілік монадалар бар — алғашқы рухани бастамалар,олар сананың негізі; Шарден теориясы, бұл теория бойынша сана— адамнан тыс мән, материяның "ішкі түрі", "миы"; Толбет теориясы, бұл теория бойынша Әлем— гиганттық ақыл, сана—материяны жасайтын өзара өрістердің нәтижесі; Гилозоизм теориясы, бұл теория бойынша барлық материяның (тірі, өлі табиғат) жаны бар, табиғаттың жаны бар болуы — материяның қасиеті.

Сана ұғымына биологиялық көзқарас яғни сана -тірі табиғаттан пайда болуы және барлық тірі организмдерге тән делінеді. Сана — тек адамның қасиеті туралы көзқарас. Сана — тек адам миының жемісі және адамға ғана тән, ал жануарларда сана емес, инстинкт бар. Сана—объективті дүниенің субъективті бейнесі. Ал, бейнелеу- материалдық объектілердің басқа объектілерге өзара қатынастардың арқасында із қалдыру мүмкіндігі. Бейнелеулің қарапайым формалары механикалық; физикалық; химикалық болып бөлінеді.

Сана - биологиялық бейнелеудің жоғарғы түрі. Жануарлардың санасынан адамның санасының айырмашылығы тереңдігімен, еңбекке қабілеттілегімен, абстракциялау мүмкіндігімен, сананы жеткізу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Адамның санасының негізгі қасиеттері: идеалдық; интенционалдық; идеаторлық болып жіктеледі.

Идеалдық —сананың ерекше, материалдық емес мәні. Өзінің табиғаты бойынша идеалдық сана: материалдық дүниеге қарама қарсы ; материядан тәуелсіз; материалдық құралдармен танылмайды;

Интенционалдық - обьектіге деген бағыт. Сана затсыз, обьектісіз болуы мүмкін емес. Интенционалдық сана: сана обьектісі; түрлері. Сананың негізгі түрлері: қабылдау; түсіну; бағалау; еске алу; фантазия; өмірлік тәжірибе. Сананың обьектісі: қоршаған дүние, оның заттары,құбылыстары; ерекше, тәуелсіз рухани әлем.

Идеаторлық сана — идеяларды жасау және жаңғырту қабілеті — қарапайым бейнелеудің шеңберінен шығатын ішкі өзіндік жұмыс. Абстракциялдық идеяларды дамыту қабілеті — адамның санасының жануарлардың санасынан негізгі айырмашылығы.

Сана рухани таза жанға тән, жалпы алғанда сананы үшке бөлуге болады: материалдық болмысқа жататын сыртқы тән сезімі; ішкі ой-өріс сезімі; рухани болмысқа жататын алғашқы таза сана — рухани сана. Сана құрылымына эмоциялық, соның ішінде адамның көңіл-күйлері сезімі,сонымен бірге ерік процестері,ол адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Өзіндік сана –адамның өзін тұлға ретінде түсіну және бағалау, адамның өзінің іс-әрекеттері мен олардың нәтижелерін, өзінің өзге адамдармен өзара әрекетін және өзіне қатынасын құратын, индивидтің өзі туралы шартты түрде тұрақты, азды-көпті ұғынылған түсініктерінің қайталанбас жүйесі. Л.С.Рубинштейн былай дейді: «өзіндік сананың дамуының нағыз қайнар көзі мен қозғаушы күшін - оның айналасындағылармен өзара қатынасының өзгеруінде көрінетін индивидтің шын мәніндегі дербестігінен іздеу керек». Өзіндік сана тұлғаның әрі қарай дамуына әсер етеді, ал өзіндік сананың дамуындағы жағымсыз ауытқулар тұлғаның үйлесімді құрылымын бұзып, мінезінің бұрыс қалыптасуына алып келеді.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет