Тұлғалық дайындық:
-аффективті-қажеттілік деңгейінің аймағы. Оған танымдық қызығушылықтар енеді. Әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде өзінің ерекше орнын алуға ұмтылу, оқушы деген атқа ие болуға тырысу.
-«Оқушының ішкі позициясы»- баланың оқуға дайындығының көрсеткіші;
-ырықты аймақтың дамуы: ырықты зейін, ырықты ес, үлгі бойынша әрекет ету.
2. Интеллектуалды дайындық:
-қоршаған ортамен бағыт-бағдар ұстану аймағы, білімнің қорлануы;
-қабылдау мен көрнекі- бейнелі ойлаудың даму деңгейлері. Жалпылау, қорыту деңгейлері- заттар мен құбылыстарды қорыту мен дифференциациялау.
- сөйлеу аймағының дамуы(соның ішінде фонматикалық есту).
3. Қимыл-қозғалыс дайындығы:
- ұсақ моторика;
-ірі қимыл-қозғалыстар(қол, аяқ, барлық дене бітімі).
4. Оқу әрекеті дамуының алғышартының деңгейі:
-ересек адамның айтқанын мұқият тыңдау және оны орындау;
- тапсырманы өз бетімен орындау;
-қосымша аладататын факторларға назар аудармай, тапсырманы орындауға бейімделу.
Бала мектепке бейімделуді басынан өткізеді. Бала мектепке келгеннен кейін баланың өмір сүру шарты көптеген өзгерістерге түседі. Балаға алғашқы күннен бастап-ақ оқушы рөлінде көптеген қиындықтар кездеседі. Оған: мектеп өміріндегі жаңа құрылым, жаңа күн тәртібі мен режиміне үйрену,ұжымдағы қарым-қатынастар, отбасында жаңа үйлесімді қарым-қатынастар мен мұғаліммен қарым-қатынасқа түсе білу,т.б. Жағымды жағдайда баланың оқу жағдаятын меңгеру кезеңі 2 айға созылады. Ата-аналар балаларының «оқушы боламын» деген мүмкіндіктерін жоғары бағалап, оқу жағдаяты мен оқу іс-әрекетіне қойылатын талаптарды меңгерулеріне көмектесу керек:
-бала өздігінен жаңа жағдайды меңгеріп кетеді деп ойлауға болмайды. Сонымен қоса балада өзбеттілік,тапсырманы шешуді көрінетін да тұншықтыруға болмайды;
-ата-ананың көмегі баланың оқуға деген қызығушылын қолдаудан да көрінуі мүмкін;
-«Конфоризм көрінісі» барлығын да «мұғалім осылай айтқан» деп орындау баланың жаңа тәртіп пен норманы мойындайтындығын көрсетеді;
-мектеп бағдарламасы мен мұғалімнің жеткіліксіздігі туралы уайымды болдырмау керек;
-баланың қарым-қатынас жасау барысында эмоционалды құндылықтар мен қобалжуға назар аудару керек: «Бүгін саған мұғалім кейіген жоқ па?» - тыңдай білу құндылығы. «Сыныпта тағы да кім «5» алды?» - мәртебе құндылығы. «Терезеден жел соққан жоқ па?»-шаруашылық құндылығы,т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |