Факультетінің деканы п.ғ. к



бет64/127
Дата06.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#13498
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   127
Байланысты:
кіші мектеп ,даму психологиясы

3.Таңу,байлау теориясы

Негізін салған-Джон Боулби мен Мария Эйневорт.Мұнда да психоанализ теориясындағы сияқты баланың ересектермен ерте нәрестелік кезеңдегі мінездемелер, қарым-қатынастар сипатталады.Баланың ата-анасын алғашқы кезеңдегі тануы,тығыз қарым-қатынас психикалық дамуға әсер етеді.Алайда,психоанализден ерекшелігі баланың анаға деген байланысы тек материалдық қанағаттануға (тамақ ішу,т.б.) байланысты емес,негізгісі ана өмір қауіпсіздігін, қорғаныш қызметін атқарады.Дж.Боулбидің пікірінше,ана адамдарда да,жан-жануарларда да ең алдымен ортаның қолайсыз жағдайынан ұрпағын қорғайды.Байлану туа біткен,генетикалық механизмдер нәтижесінде болады.Эволюция барысында белгілі бір түйсіктікті механизмдер жасалады да,бала қауіп қатер кезінде анасымен байланысты іздей бастайды.Егер анасы баланың алғашқы күнінен қамқорлық,жақсы көру ілтипаттарын білдірсе,балада тұрақты байлану пайда болады.Егер анасы суықтық,салқындылық танытса,баланың байланысы тұрақсыз болады да,ол өзін қорғансыз,әлсіз сезінеді.Ол амбивалентті-қобалжу деңгейінде болады.Байлану сапасын М.Эйневорд өзінің «бейтаныс жағдаят» атты тестінде қарастырады.Тесте кішкентай баланың бейтаныс адамдарға байланысты жағдаяттар анасының көмегімен өтіледі.Тұрақты байланысы бар балаға анасының келіп-кетуі жаңа жағдайға байланысты іздену белсенділігін арттыруға ықпал етеді.Бала бейтаныс адамнан қорықпайды,анасын көрген кезде қуанады.Балада,Боулби пікірінше,ішкі жұмысшы модель қалыптасады.Бала өзін өзінің жақын адамы арқылы қабылдайды.Егер балада тұрақты байланыс болса,бала өзін-өзі өте жоғары бағалайды,жақсы көреді,ақылдымын деп ойлайды,ал ересек адамды қорғаныш,сыйлы адам деп бағалайды.Егер байланыс тұрақсыз болса,онда бала өзін жиіркенішті,қолынан ешнәрсе келмейді деп ойлап,қорқыныш,өз-өзіне деген сенімсіздік жағдайында болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет