Ғаламдық интернет желісімен және


Интернеттiң негiзгi қосымшалары



бет2/2
Дата25.10.2022
өлшемі19,39 Kb.
#45240
1   2
Байланысты:
Ғаламдық интернет

Интернеттiң негiзгi қосымшалары
E-mail (Electronic Mail) –электрондық почта.
Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Олар арнайы почта программалары көмегімен жүзеге асырылады, мысал ретінде, Outlook Express программасын атауға болады. Оның көмегімен сіз санаулы минуттар ішінде хабарды жеткізе аласыз. Ол үшін клавиатурада тиісті хабар мәтінін теріп, белгілі электрондық адреске жіберсеңіз болғаны. Осынау тәсілдеме арқылы достарыңызбен, әріптестеріңіз бен араласуға болады. 
E-mail адрестікқұрылымы:
есім@ мекеме.домен 
Мысалы: 
common@pushkinlibrary.kz 
dina_m@mail.kz 
 Usenet - бір-бірімен жаңалықтар алмасып отыратын бейкоммерциялық, бейформалдық, дәлірек айтқанда анархиялық жүйелер тобы. Белгілі бір серверде кездеседі. 
Usenet – тегі жаңалықтар тобы – дүниежүзіндегі адамдардың пікірлесетін, яғни ақпарат алмасуына арналған электрондық пікіртала стоптары. Мұндай жаңалық топтарында белгілібір тақырыпқа арналған көптеген мақалаларды оқуға болады, олар әртүрлі тақырыптарды талќылауға да арналады. Usenet-тегі жаңалыќтар ретінде оќыған маќалаңызға жауап беруге және өз ойларыңызды маќалар етінде жариялауға болады (таќырыптар түрлі) 
FTP (File Transfer Protocol) – Файлдарды жіберу протоколы– бұл көбінде үлкен көлемдегі файлдарды жіберу кезінде қолданылатын Интернттің қосымшасы. FTP көмегімен кез келген файлдарды жіберуге және қабылдауға болады. 
Чат (IRC –Internet Real Chat) –Интернеттің тағыда бір қосымшасы, желіде нақтылы уақытта интерактивті сұхбаттасу. Әңгімелесушілер бір-бірімен өз компьютерлеріндегі клавиатурада сөздерді теріп жібереді және ол сөздер бірнеше секундтардан кейін сұхбаттасушыларға монитордан көрінеді, осындай тәсілмен әңгімелесулеріне болады.
World Wide Web (WWW немесе Web) – гипермәтіндік құжат 
Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді.
Web- тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме белгілері бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кітапхана деуге болады. Бір тораптық компьютерде орналасқан мәліметтер Web кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестетеді. Бұл беттердегі мәліметтер дүниенің кез келген нүктесінде орналаса береді. Солар арқылы жер шарындағы барлық серверлік компьютерлердегі ақпараттар көз алдыңызда орналасады, мұнда қашықтағы-қымбат, жақындағы-арзан деген ұғым жоқ, олардың бағасы тек мәліметтің көлеміне немесе сіздің байланысып отырған уақытыңыздың ұзақтығына байланысты. 
Түйінді компьютерлердегі мәліметтің бірінші беті кітаптың мазмұны тәрізді, әрбір беттің URL (Universal Resorse Locator) форматында берілген өзіндік адресі болады. Ол беттердегі мәліметті оқу «көру жабдықтары» деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады. 
Бақылау сұрақтары:
  1. Ғаламдық интернет желісі

  2. TCP/IP – Интернет желісі

  3. IP (Internet Protocol)

  4. E-mail (Electronic Mail)

  5. Usenet

  6. FTP (File Transfer Protocol)

  7. Чат (IRC –Internet Real Chat)

  8. World Wide Web (WWW немесе Web)

  9. URL (Universal Resorse Locator)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет