Фанфар ойналады,жүргізушілер ортаға шығады І жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ән сүйер қауым! ІІ жүргізуші: Қайырлы күн «Біз біргеміз»



Дата20.04.2022
өлшемі19,45 Kb.
#31663
Байланысты:
СЦЕНАРИИ КОНКУРС


(Фанфар ойналады,жүргізушілер ортаға шығады)
 І жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ән сүйер қауым!

ІІ жүргізуші: Қайырлы күн «Біз біргеміз » байқауын тамашалауға келген көрермен!

І жүргізуші:  «Әрбір шәкірт- бір жұлдыз» тақырыбында өтетін «Біз біргеміз » ән байқауы, Дарынды балаларды анықтап, шығармашылық қолдау көрсету, әншілік қасиеттерін, өнерге деген құштарлығын ояту. Ұстаз , оқушы, тәрбиеші арасында тығыз байланыс орнату.
ІІ жүргізуші: Балаларды көркемдік – әсемдік, адамгершілік - рухани бағытта тәрбиелеу.

Байқауға қатысушы жұп бір оқушы мен бір ұстаз немесе тәрбиешіден тұруы керек,әр жұп көріністелген ән орындау керек;


1-жүргізуші: Біз бүгінгі сайыста ұстаздармен ,тәрбиешілермен балалардың жұптасып  ән айтуларын тамашалайтын боламыз және оза шапқан жарық жұлдыздарды сіздермен бірге анықтайтын боламыз. Өздеріңізге ұнаған жұптарыңызға қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырыңыздар. Әр жұп жарық жұлдыз болуға лайық,олай болса шын жүйрікті бірге анықтайық.
2-жүргізуші: «Әнді сүйсең менше сүй»-деп Абай атамыз айтқандай,

Сұңқылдаған көмейі

Сыбызғының үніндей.

Қалықтатып созғаны,

Сарыарқаның беліндей.

Барша «Дарын» мектебін

Әнімен залға сыйғызған- «Біз біргеміз» байқауына қатысушы жұптарды ортаға шақырайық!

 (Музыка әуенімен байқауға қатысушы жұптар ортаға шығады)

            

1.____________________________________________________

2._____________________________________________________

3.____________________________________________________

4.____________________________________________________

5._____________________________________________________

 

2-жүргізуші:Құрметті көрермендер жұптарымызбен танысып болсақ,бүгінгі сайыста төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтсек
1.________________________________________________________

2. __________________________________________________________

3.________________________________________________________

4.________________________________________________________

 

I-жұп__1-жүргізуші'>I-жұп

1-жүргізуші: 

Орындаушы жұптармен таныс болсақ,біз алғашқы жұпты шақырғанша байқауға қатысушы сайыскерлерімізді қошеметпен өз кезектері келгенше шығарып салайық.



(Музыкамен шығарып саламыз)

 
2-жүргізуші:  

Бүгінгі «Біз біргеміз» ән байқауының алғашқы жұбын таныстырып өтейін .

Алғырлығымен балаларды үйіре білген, қоғамдық жұмыстарға тағы үлгерген:




1-жүргізуші:

 Әнге жаны құмар  әсем де көркем ұстазымыз:

_____________________________________________Әнімен қарсы алайық.

               2 – жүргізуші:

 Құрметті қазылар алқасы жаңа ғана өздеріңіз алғашқы жұбымыздың өнерін тамашалап бағалап отырыңыздар.

II-жұп



2 – жүргізуші: 

Салтанатты сәні бар, адамдық қасиеттердің бойында бәрі бар, ұстаздарды құрметтей білетін, қоғамдық істерде белсеніп  жүретін:

 


1 – жүргізуші: 

өнебойы келбетіне сай түскен, қашпайтұғын тапсырылған бар істен, ренжімей күлімдейтін, ашуы еш білінбейтін, ұжымдастарының  көңілін жақсы істермен тарта алатын,  атқарар ісіне жанын салатын:


_____________________________________________ әнімен ортаға құрметпен шақырамыз

  

.

            III-жұп



 

2 – жүргізуші: 

 Қазақи қалып бойында мүсінделген, тіл табыса білетін кісіңменен, асықпай қадам тастап  жүретін,сүйкімді де инабатты:




1– жүргізуші: өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, баршаға әрқашан мейірімді дос болуға жарайтын,  қалаған ісіне шын беріле істей білетін, үлкен мен кішіні бірдей сыйлап жүретін

_________________________________________ әнімен сахна төріне ду қол шапалақпен ортаға шақырайық.



IV-жұп

2– жүргізуші: Ойлаған ойы мен сұңғақ бойында бір міні жоқ,  асықпай қадам басатын, үн-түнсіз қырдан асатын, иман жүзді, ниеті ізгі:
_______________________________________________________________

1– жүргізуші:  мөлдір шықтай жаудыраған жанары, таудай болған ниеті мен талабы, достарымның сенімін ақтай аламын, бүгінгі сайысқа бар күшімді саламын:

_________________________________________________әнімен сахна төріне құрметпен, қошеметтеп шақыралық. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет