ЖҰМСАҚ БИДАЙДЫҢ ИНТРОГРЕССИВТІ ЛИНИЯЛАРЫНЫҢ ҚОҢЫР ТАТ АУРУЫНА ТӨЗІМДІЛІГІНЕ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ Сейдалы Ж.Ə.
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
janaiym_27_96@mail.ru
Жабайы тетраплоидты эндемды Triticum timopheevii Zhuk түрінің (геномдық формуласы
A
t
A
t
GG) бидайдың көптеген ауруларына төзімділікті қадағалайтын уникальды гендер жиынтығымен
сипатталады. Тат аурулар түріне төзімді эффективті Lr- гендерімен жабайы түрді жұмсақ бидай
үлгілерімен будандастыру арқылы тұрақты линиялар шығарып, республикадағы инфекциялық
ауруларға төзімді дəнді дақылдар қорын кеңейтуге жол ашады. Алайда, жабайы түрмен жұмсақ бидай
арасындағы будандардың біріншіден, ұрпақ беру мүмкіншілігі төмен, екіншіден, цитологиялық
тұрақсыз. Осыған қарамастан, дүниежүзілік əдеби шолуларда кездесетін ғылыми зерттеу
жұмыстарынан T. timopheevii түрінен жұмсақ бидайға қоңыр тат, сабақты тат жəне сары тат
ауруларына тұрақты гендерді алмастыруға болатындығы туралы мəліметтерді көптеп кездестіруге
болады.
Окамото (Окаmоtо, 1957) жəне Райли (Rilei, 1960; Rilei жəне т.б., 1961) бойынша жұмсақ
бидайда 5В хромосомасының болуы тек, гомологты хромосомалардың конъюгациялануына əкеледі,
ал бұл хромосоманың болмауы əртүрлі геном арасында мульти- жəне квадриваленттердің түзілуіне
себепкер болады. Мұндай биваленттердің түзілу механизмі, 5В хромосомасының гомеологты
жағдайына да байланыссыз хромосомалардың жұптасуын қамтамасыз ете алуында. Осы уникальды
моносомды тəсілді қолдана отырып, жабайы түрмен жұмсақ бидай арасында туындаған буданды
ұрпақта ауыл шаруашылығына құнды гендерді сақтап қалуға болады. Мұндай жұптасудың жүруіне
5В хромосомасының ұзын (L) иығында орналасқан ген жауапты.
Бұл зерттеу жұмысы л-344 жəне л-345 интрогрессивті линияларының қоңыр тат ауруына
төзіміділігіне генетикалық талдау болып табылады. л-344 жəне л-345 интрогрессивті линияларының
қоңыр татқа төзімділігі Тэтчер сортының тестерлі изогенді линияларының (Lr9, Lr19, Lr23, Lr24,
Lr26жəнеLr29) көмегімен идентификацияланды.
Ғылыми жетекшісі: PhD Токубаева А.А.