ТӘЖІРИБЕ ЖҮЗІНДЕ МИОКАРДТЫЭЛЕКТРОНДЫ-МИКРОСКОПИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ Даулет К.Ə.
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
dauletova1211@mail.ru
Дені сау адам ағзасының морфофункционалды күйін анықтаушы негізгі факторлар ретінде
оның дене белсенділігі мен тамақтану сипаты қарастырылатыны белгілі. Бұлшықет қызметі адам
ағзасының əртүрлі физиологиялық улануларының ішінде ерекше орын алады, себебі ол ағза
жүйелерінің барлық түрінің табиғи ынталандырушысы болып табылады жəне тұрақты түрде
болғандықтан қалыптасудың барлық деңгейінде күрделі морфофункционалды өзара байланысты
өзгерістерді түзеді. Ағзаның жүйелік қызметтік жүктелуінің негізгі маңызды салдарының бірі
ретінде жасуша ішілік физиологиялық қалпына келтіру үдерісінің жаттықтыруы қарастырылады.
Нəтижесінде адамның тіршілік əрекетінің əртүрлі қырлары өзгеріс табады, оның ішінде зат алмасу
үдерісінің қарқындылығы, иммундық деңгейі жəне қалпына келтіру қабілеттері бар, сонымен қатар
ағза үшін тағы маңызды фактор ретінде трофика, қоректену анықталған.
Зерттеу ақ түсті үш жастағы бастапқы дене массасы 160-180 г болатын, 30 аналық
егеуқұйрыққа жүргізілді. Электронды-микроскопиялық зерттеу нысаны ретінде бүлінбеген жəне
тəжірибелік егеуқұйрықтардың миокард жасушаларының негізгі түрлері алынды. Ультражіңішке
кесіктер LKB-3 ультрамикротомда дайындалды. Ультражіңішке тін бөлшектерінің зерттеуі мен
фототүсірілімдері ЭВМ-100Л электронды микроскобында жүргізілді.
Егеуқұйрықтардың миокардын электронды-микроскопиялық зерттеу, тар жасуша аралық
жолдармен бөлінген, бұлшықетті талшықтарының қарапайым құрылымын көрсетті. Зерттелетін
жануарлардың жүрек жасушаларындағы деструктивті өзгерісін жəне ультрақұрылымды
компенсациялық бейімділігінің байланысын қамтитын, функциялық белсенділік режімін таңдау
негізінде жүрек төзімділігінің жоғарылауына төменгі жəне жоғарғы калориялы диетаның əсері
болды. Калориялылығы бойынша зерттелетін екі түрлі жануарлардың жүрегіндегі жүрек
жасушасына салыстырмалы ультрақұрылымды əсер ету анализі миофибриллді жəне саркоплазмалық
ретикулумның ультрақұрылымын екі топта да сақталатынын көрсетті.Сонымен қатар компенсация
үдерісінің қарқынды құлдырау шегінде, яғни жасушаішкілік ісіктің микроошақтарының жəне
миоциттің пайда болуы деп жорамалдауға болады, ол сөзсіз, миокардтың жиырылғыштық
функциясына əсер етуі мүмкін. Жоғары калориялы май диетасына тəжірибелік егеуқұйрықтарды ұстау олардың физикалық
жүктемеге бейімделуін төмендетеді, жүрек жасушадағы деструксивті өзгерістерін күшейтеді. Төмен
калориялы дəруменделген диетада тəжірибелі егеуқұйрықтарды ұстау, мөлшерлі физикалық
жүктемемен шақырылған, жүрек жасушасындағы деструктивті өзгерісті төмендетіп компенсациялық
бейімділігін күшейтеді.
Жетекші: м.а. профессор Есимсиитова З.Б.