"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЫРТҚЫШ ЖАРТЫЛАЙ ҚАТТЫҚАНАТТЫЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет29/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   372
Байланысты:
thesis114326

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЫРТҚЫШ ЖАРТЫЛАЙ ҚАТТЫҚАНАТТЫЛАРЫ  
(HETEROPTERA) 
 
Бокенбай Д.Ə. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті  
dinara_prosto_di@mail.ru
 
 
Жартылай  қаттықанаттылар  (Heteroptera)  –  түрi  мен  мөлшерi  əртүрлi  құрлық  жəне  су 
насекомдары.  Олардың  арасында  жыртқыш  немесе  аралас  қоректі  түрлер  бар,  бірақ  өсімдікқоректі 
түрлер басым. Олар кей кезде көп болып көбейіп, ауыл шаруашылығына зиян келтіреді. Ал жыртқыш 
қандалалар зиянды насеком түрлерін құртады. Тезис жазуға негіз болып отырған 2017 жылы Алматы 
қаласынан жиналған материалдар. Бұрын бұл жерде жыртқыш жартылай қаттықанаттыларға арнайы 
зерттеу  жұмыстары  жүргізілмеген.  Насекомдар  жалпыға  ортақ  энтомологиялық  əдістер    бойынша 
жəне жасанды жарық көзіне жиналды. Зерттеу барысында 3 тұқымдасқа жататын 8 түр анықталды. 


22 
 
Аңшы қандалалар (Nabidae) тұқымдасы: 
Nabis  ferus  (Linnaeus,  1758).  Жасанды  жарық  көзіне  ұшып  келді.  Жартылай  қаттықанаттылар 
арасында ауыл шаруашылығы үшін өте тиімді түр болып саналады. 
Nabis  rugosus  (Linnaeus,  1758).  Өсімдік  биттері,  цикадкалар,  басқа  да  насекомдармен 
қоректеніп, өсімдіктерге көп пайдасын тигізеді. 
Ұсақ жыртқыш қандалалар (Anthocoridae) тұқымдасы: 
Anthocoris nemorum (Linnaeus, 1761). Шөптесін өсімдіктер, бұталар, ағаштарда өсімдік биттері, 
кенелер, сымырлар, күйе көбелек жұмыртқалары жəне жұлдызқұрттарымен қоректенеді. 
Orius  minutus  (Linnaeus,  1758).  Ағаш,  бұта  мен  шөптесін  өсімдіктерде  кездесіп,  кене,  трипс, 
өсімдік биті, əртүрлі зиянды омыртқасыз жұмыртқаларымен қоректенеді. 
Orius niger Wolff, (1804). Ағаш жəне шөптесін өсімдіктерде кездесіп, кене, өсімдік биті, зиянды 
омыртқасыздармен қоректенеді. 
Orius  (H.)  horvathi  (Reuter,  1884).  Ағаш  пен  түрлі  шөптесін  өсімдіктерде  кездесіп,  өсімдік 
биттері, жапырақ бітелері, көбелек жұлдызқұрттары, т.б. қоректенеді. 
Жыртқыш қандалалар (Reduviidae) тұқымдасы: 
Rhynocoris iracundus (Poda, 1761). Ағаштар, бұталар мен шөптесін өсімдіктерде тіршілік етеді, 
жапырақ жегіш қоңыздар, аралар, жұлдызқұрттар, т.б. қоректенеді. 
Rhynocoris  annulatus  (Linnaeus,  1758)  Ағаштарда,  бұталар  мен  шөптесін  өсімдіктерде  тіршілік 
етеді; қоңыздар, аралар, жұлдызқұрттары, т.б. қоректенеді. 
Тіршілік  ету  ортасына  бейімделуіне  қарай  Алматы  қаласы  жыртқыш  жартылай 
қаттықанаттылары  бірнеше  топқа  бөлінеді:  хортобионттар  шөптесін  өсімдіктерде  тіршілік  етеді: 
Nabis  ferus,  Nabis  rugosus;  дендро-хортобионттар  ағаштар  мен  шөптесін  өсімдіктерде  тіршілік  етуге 
бейімделген:  Anthocoris  nemorum,  Rhynocoris  annulatus,  Rhynocoris  iracundus,  Orius  niger;  тамно-
хортобионттар бұталар мен шөптесін өсімдіктерде тіршілік етеді: Orius minutus 
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к. Есенбекова П.А. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет