"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет100/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   372
Байланысты:
thesis114326

 
 
 
ІЛЕ ӨЗЕНІНІҢ ҚАПШАҒАЙ СУ ЭЛЕКТРОСТАНЦИЯСЫНАН ТӨМЕНГІ 
АҒЫСЫНЫҢ ӨСІМДІКТЕР ЖАБЫНЫ МЕН ФЛОРАЛЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ 
ТРАНСФАРМАЦИЯЛАНУЫ 
 
Сулейменова Н., Елепбай Г. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
gulaiym2020@mail.ru 
 
         Қапшағай су электростанциясының салынғанына 48 жыл болды.Осы жылдар аралығында 
Іле  өзенінің  төменгі  ағысында  экологиялық  жағдай  елеулі  өзгерістерге  ұшырады.  Ол  Іле  өзені 
суының деңгейінің жыл сайын төмендеуімен тікелей байланысты. Нəтижесінде Іле өзені бойындағы 
үлкенді- кішілі көлшіктердің суы тартылып,ол жерлер алдымен батпаққа, кейіндеу тақырға айналған. 
Бұл  саз  жоқ  су,  су  жағалық  жəне  батпақты  жерлердің  өсімдіктерінің  елеулі  өзгеріске  ұшырауына 
алып  келген.  Өзен  жағалауындағы  тоғайлардың  өзен  жайылмасындағы  шалғындықтардың  алып 
жатқан жерлерін су баспайтын болды. Осыған байланысты өзен жайылмасында, одан жоғары жатқан 
бірінші жəне екінші терассалардың жер асты жəне суының да деңгейі төмендеген.  
        Қазір Іле өзені бойынан қамысты – қоғалы қопаларды кездестіре алмайсын. Шөлге төзімді 
Populus  dibersitolia  Schrenk,  Elagnus  oxyodon  Sohlecht,  Populus  pruvosa  Schrenk,  Populus  Litwinowia 
Dode  секілді  ағаштардың  көп  жерлерде  қурап  жойылуға  жақын  тұрғанын  байқаймыз.  Ал  талдар 
туысының шөлді аймаққа тəн  Salix Caspica Pall., Salix mishelsonii Nas. деген түрлерін тек Іле өзенінің 
негізгі арнасының жəне оның су жүретін қолтықшаларының жағалауынан ғана кездестіреміз. 
         Тіптен нағыз шөлдің өсімдіктері Tamarix ramosissima Ledeb, Tamarix leptostachys Bge. Іле 
өзені жайылмасында, жайылмадан жоғары терассасына қурап,нашар жағдайда өсіп тұрғанын көреміз.  
Ал су өсетін Potamogetan gramineus L.,Potamogeton matanus L., Zannichellia palustris L. басқада 
су  өсімдіктері  мен  батпақты  жерлердің  өсімдіктерінің  сандық  көрсеткіштері  кеміген.  Жалпы  өзен 
жайылмасының суы тартылған жерлерінің көктемгі фонынан Lappula patula(Lehm.)Aschers, Aspergua 
procumbens  L.,жазғы  жəне  күзгі  фонында  –  Snaeda  altissima  (L.)  Pall.,  Salsola  foliosa  (L.)  Schrad 
өсімдіктері  жербетін  тұтастай  жауып  жатады.  Олардың  арасынан  Chenopodium  glaucum  L., 
Chenopodium album L., Sisymbrium loselii L.,    Theaspi arvense Goebilia alopzuzoides(L.) Bge. секілді 
мал  жемейтін  арамшөптердің  қаулап  өсіп  тұрғанын  көреміз.  Нəтижесінде  көптеген  малазықтық, 
дəрілік өсімдіктердің сандық көрсеткіштерінің азайғанын көрерміз. Сондықтанда Іле өзенінің төменгі 
ағысының  экологиялық  жағдайына,  өсімдіктер  жабынына  жəне  өсімдіктердің  түрлік  құрамына 
тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отыруды ұсынамыз. 
Ғылыми жетекші: б.ғ.к, доцент Аметов Абибулла  
 
 
 
 


69 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет