72
Солтүстік Каспидің жағалау маңы аймағында макрозообентостың сандық көрсеткіші мезгіл
бойынша өзгеріп отырады. 2017 жылы зерттеуге алынған аймақта барлығы 25 түр тіркелді, оның 16
түрі көктемде тіркелсе, 25 түрі жазда тіркелді. Барлық мезгілде түрдің саны бойынша құрттар мен
шаянтəрізділер басым болды, көктемде жалпы түр санының 72,39 %-84,94 % , жазда 58,43 %-72,6 %
құрттар құраса, шаянтəрізділер көктемде 13,34% -25,85%, жазда 22,59%-35,57% құрады.
Шеннон индексі бойынша түр алуантүрлілігінің максималды мəні көктемде 0,78 -2,15, жазда
0,86 дан 2,82 шегінде өзгерген жəне су түбі организмдерінің алуантүрлілігінің төмен жəне қалыпты
деңгейін көрсетті.
Ғылыми жетекші б.ғ.к. доцент Мамилов Н.Ш.
Достарыңызбен бөлісу: