73
жатқызылғанымен кешенді аквальды экожүйені құрайды, бұл аумақ 29 экожүйеге бөлінген, соның
ішінде төмендегідей ретте,бес топқа біріктірілген:1) құрлықтық, табиғи-антропогендік;2)жағалау мен
арал (құрлықтан теңізге); 3)аквальды табиғи антропогендік; 4)табиғи аквальды; 5)құрлықтық,
антропогендік жолмен бүлінген. Өсімдіктер жамылғысы бойынша, келесідей типтерге бөлінеді:
біржылдық, көпжылдық сораңдар мен жусандардың басымдылығы; шалғынды өсімдіктер
жамылғысы
гигро
мезофиттер,
мезофиттердің
шөптесін
өсімдіктерінің
басымдылығы;
гигрофиттердің басымдылығы;Орал өзенінің нулы жерлері,ағашты ярустарға ие
Salix alba,Elaeagnus
oxycarpa,Salix caspica кездеседі.Осындай саналуан өсімдіктер жамылғысы бар,экожүйесі солтүстік
шөлейттенген аймақтармен,Каспий теңізінің жағалауы мен Орал өзенінің дельтасын байланыстыра
келе,сулы-батпақты алқапты қамтиды.Сонымен қатар, резерваттың территориясы Қазақстан жəне
Орта Азия бойынша«Маңызды орнитологиялық территориялар» қатарындағы сулы-батпақты өлкесі
бар аумақ.2008жылы BirdLife International халық аралық ұйымына биоалуантүрлілікті сақтау
ассоциациясы ҚР Орман жəне аңшылық шаруашылығы комитеті қолдауымен жəне шетелдік
серіктестерімен (RSPB),«Дарвиндік инициатива» көмегімен Қазақстанның жəне Орта Азияның
маңызды орнитологиялық аумақтары анықталды. Солардың бірі, «Ақжайық» резерватының 67115га
дельта Орал аймағы А1, А4і критерийлері бойынша осы тізімге енгізілді. Жыл сайын Қазақстан жері
арқылы 50 млн-нан астам жыл құстары қоныс аударатын болса,шамамен 2млн-дай құс осы Ақжайық
резерватының сулы-батпақты алқаптары арқылы өтіп,100ден астамы ұя салады. Резерватта 292 құс
түрі:106 ұшып өтетін түр, 76 түрі қыстайтын, ал оның ішінде 38 түрі Қызыл кітапқа енген. Бұл
аумақтың ерекшелігі Үндістан, Африканың солтүстік-шығысынан ұшып келетін құстар Каспий
теңізінің солтүстік-шығыс жағалауы арқылы Волга мен Оралға көтеріліп, Батыс жəне Шығыс Сібірге
ұшады. Мысалға: 500мың үйрек-қаз 10млн-ға дейін балшықшылар дельта Орал аймағы арқылы
миграция жасайды. Сонымен қатар,бұл жердегі Шалыға аралшығында маңызы зор,осы құстардың ұя
салатын жерінің нақ өзі осы аралшық,халықаралық Қызыл кітапқа енген қарабас өгіз шағаланың 30-
100жұп аралығындағы колониясының тұрақты ұя басатын орны.
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Кеубасова Г.О.
Достарыңызбен бөлісу: