"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕ МАҚСАРЫ ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет110/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   372
АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕ МАҚСАРЫ ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
 
Шүкір М.Қ. 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университеті 
 
a.g.m.67@mail.ru
 
 
Қазақстанда  соңғы  он  жылдықта  майлы  дақылдарды  өсіру  жақсы  жолға  қойылған, 
өйткеніқазіргі  нарықтың  экономика  жағдайында  майлы  дақылға  деген  сұраныс  күшейген. 
Қазақстанда  мақсарының  2009  жылға  дейін    егістік  көлемі  148  мың  га  дейін  болған  болса,қазіргі 
таңда  бұл  көрсеткіш  278  мың  га  ға  дейін  жеткен.    Соңғы  2000  жылдан  бері    мақсары  өсімдігі 
Қазақстанда майлы дақыл ретінде өсіріліпдүниежүзілік бестік мемлекеттердің  қатарына кірген. 
  Мақсарының халық шаруашылығындағы маңызына  келетін болсақ  қазіргі кезде  мақсарыдан 
май 
алуда, 
бояғыш 
заттар 
алуда,медицинада,мал 
шаруашылығында 
кең 
түрде  
қолданылады.Мақсарының    тұқымының  құрамында    27-30%  -ға  дейін  май  болып,      оны  тағам  
ретінде, маргарин алуда қолданылады.  Мақсары майының  ерекшелігі сонда,яғни құрамындағы адам 
ағзасындағы  қандағы  қантты реттеп, холестеринді төмендетуші,  май қышқылының болуы  жəне де 
олеин қышқылының жоғары концентрацияда болуымен зəйтүн майынан қалыспайтындығы ғылыми 
жақтан дəлелденген. Батыс елдерінде  мақсары майын «ең жоғарғы адам ағзасын жақсартушы өнім» -
деп бағалайды. 
  Батыс 
Қазақстанда 
мақсарымен 
ХХ 
ғасырда 
(УСХОС-Д.И. 
Бертенов 
1958 
ж.,С.Г.Чекалин1997ж) айналыса бастаған. Мақсары өзінің құрғақшылыққа төзімділігімен, сондай-ақ 
топырақ  талғамайтын  қабілеттілігімен  күнбағыстан  қалыспайтын  өсімдік  болғандықтан  соңғы 
жылдары Қазақстанның Батыс, Шығыс өңірлерінде өсіріле бастады. 


75 
 
Мақсарыны  негізі  Қазақстанның  Оңтүстік  өңірлерінде  кең  көлемде  өсіріліп  келеді.  Ақтөбе 
өңірінде  2001  жылдан  бастап  жаңа  майлы  дақыл  ретінде  өсіріле  бастаған.  Сондықтан  мақсарыны 
өсірудің негізгі агротехникасы əлі толық зерттелмеген. 
 
 
Мақсары  құрғақшылыққа 
төзімді  дақыл  болғанымен  топырақта  қосалқы  ылғалдылықты  қажет  етеді.  Мақсарының  тамыр 
жүйесі өте мықты дамыған болып, топырақтың терең қабатында орналасқан, ылғалдылығын тартып 
алу қабілеті жоғары. Қазіргі таңда Ақтөбе өңірінде майлылығы 27-35% дейін болатын «Ахрам» сорты 
кең түрде өндіріске енгізілген. Ахрам сорты осы өңірге бейімделген, жоғары өнім беру қабілеті бар 
сорт болғандықтан болашақта мақсарының Ахрам сортын Қазақстанның басқа өңірлерінде, сондай-ақ 
Ресейде,  басқа да аймақтарда өсіру мүмкіншілігі жоғары. 
Ғылыми жетекшісі: Атаева Г.М.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет