"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІН



Pdf көрінісі
бет134/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   372
Байланысты:
thesis114326

 
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ 
 
Баймурат М.М, Өтегенова И.П. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
baymurat.mahabbat@mail.ru
  
                       
Мектеп биология курстарының мазмұнымен  биологиялық ғылымдағы ең үлкен айырмашылық, 
оның  мақсатында,  көлемінде,  құрылымында,  əдісінде  жəне  мазмұндау  формасында.  Биология 
ғылымының  мақсаты-  зерттеудің  нəтижесінде  табиғат  туралы  жаңалықтар  ашу.  Мектеп  пəнінің 
мақсаты  оқушыларға  ғылымның  жинақталған  фактілерімен  заңдылықтарын  жеткізу.  Ал  ол  үшін 
мектеп  оқушылары  санасына  биологиялық  түсініктерді  қалыптастырудың  маңызы  өте  зор.   Мектеп  


91 
 
биология  пəнінен  шақтап  берген  көлемінде,  оқушыларға  артық  ақпаратсыз  күрделі  ғылыми 
проблемалармен ғылым негіздерін хабарлау. 
Негізгі  жалпы  биологиялық  білімдер,  соның  ішінде  мектеп  биологиясы  барысында  енгізілген 
биологиялық  білім  негіздері  жəне  биологиялық  ұғымдарды  қамтиды.  Қолданыстағы  түсініктемені 
анықтау  бойынша  –  бұл  қоршаған  ортаның  объектілері  мен  құбылыстарының  маңызды 
ерекшеліктерін  белгілейтін  дерексіз  ойлау  нысаны,  яғни  онымен  байланысты  заңдар  мен  өзге  де 
үрдістердің орындалуы. Л.С.Выгодскойдың пікірінше, түсінік -  ой-пікір талас  барысында ашылатын  
шындықтың  психикалық моделі. 
Түсініктің  көріністен  негізгі  айырмашылығы  –  көрініс  əрқашан  сурет,  бейнеден  тұрады,  ал 
түсінік  - бұл сөзбен жеткізілетін ой.  
Əр түрлi oқыту тeхнoлoгияcын пaйдaнaлып биoлoгиялық түciнiктeрдi қaлыптacтыру, oл тiкeлeй 
жeкe тұлғaның өзiн-өзi дaмытудaғы шығaрмaшылық қaбiлeттeрiн aрттыруғa қaжeттi icкeрлiктeрi мeн 
дaғдылaрын шыңдaй түceтіні анық. 
Түсінікті  қалыптастыру  нақты  мəліметтерді  талдау  жəне  оларды  жалпылау    негізінде  жүзеге 
асады.  Көбіне  теориялық  түсініктерді    ресми  ─  логикалық  қалыптастыру,  мəселелі    оқыту 
технологиясы үрдісі кезінде сəтті болады. Бұл үрдістің үлгісі: 
1)  Өзекті мəселені ортаға салу; 
2)  Мəселені  шешудің  жолын  іздеу  (талдау,  синтез,  түсініктің  жəне  объекттің  табиғи 
қасиеттерің салыстыру); 
3)  Мəселені шешу ( түсініктің жалпы белгілі қасиеттерін жіктеу); 
4)  Алынған нəжижені түсіну жəне ұғыну (түсінік пен объект арасындағы қатынасты зерттеу). 
5)  Нəтижеге сипаттама беру ( түсінікті қорытындылау). 
Зерттеу мақсаты:  оқушыларға жаңа биологиялық түсініктерді игерту, оларды салыстыру жəне 
қалыптастыру.  
Зерттеу  жұмысы  барысында  М.  Базарбаев  атындағы  №138  мектептің  9  “А”,  “Ə”  “Б”сынып 
оқушыларына биология пəнінің эволюция  бөліміне  байланысты сабақтар жүргіздім. Орта мектепте 9 
сынып оқушыларына эволюциялық даму тақырыбын түсіндіргенде оқушыларға мынандай түсініктер 
ең  алғаш  рет  кездеседі:  табиғи  сұрыпталу,  тіршілік  үшін  күрес,  түр,популяция,  популяциялық 
толқындар,  гендер  дрейфі,  гомологиялық  мүшелер,  рудимент,  атавизм  жəне  т.б.  Сондықтан  осы 
түсініктерді дұрыс қалыптастыру жəне одан əрі қарай дамыту ең басты міндет. 
Зерттеу жұмысы бойынша алынған нəтижелер: əрбір сынып оқушыларының жаңа түсініктердің 
мағынасын  ашып,  оны  меңгеру  дəрежесіне  қорытынды  сипаттама  беретін  болсам,  9  «А»  сыныбы 
оқушылары  жаңа  түсініктерді  игеру  деңгейі  басқа  9  «Ə»,  9  «Б»    сыныптармен  салыстырғанда 
салыстырмалы  түрде  20-25%  жоғары  екендігі,  оқушылар    алғыр,  білімді,  биологиялық  түсініктерді 
жетік  меңгергендігі  анықталды.  Сонымен  түсініктерді салыстыру  жəне  оны  қалыптастыру  дəрежесі 
же  жоғары  болды.  Бұл  оқушылардың  биологиялық  түсініктерді  биология  бөлімдерінің  алғашқы 
кезеңдерінде түсінгендігін аңғартады. 
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., профессор Торманов С.Т. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет