"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ АС ҚОРЫТУ ЖОЛДАРЫНДА ҚУЫСТЫҚ ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет154/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   372
Байланысты:
thesis114326

 
ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ АС ҚОРЫТУ ЖОЛДАРЫНДА ҚУЫСТЫҚ ЖӘНЕ 
МЕМБРАНАЛЫҚ ГИДРОЛИЗІНЕ ТОКСИКАНТТЫҢ ӘСЕРІ  
 
Жантөреева Ж.Е. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
zhan_love.ww@mail.ru
  
 
Токсиканттар – тірі ағзаларға улы əсер көрсететін заттар немесе қосылыстар. Токсиканттардың 
ағзаға əсер ету механизмі өте күрделі. Ағзаның бұл заттармен жəне олардың туындыларымен улануы 
кезінде  тек  қана  гематологиялық  емес,  сонымен  қатар  гистологиялық  жəне  морфологиялық 
ауытқулар  көптеп  орын  алады.  Əлемде  орын  алып  отырған  экологиялық  жағдайдың,  зиянды 
факторлардың,  экологиялық  ахуалдың  күн  санап  ушығып  отырғандығының  өзі,  аталған  мəселенің 
ерекше өзекті екенін айқындайды.  
Зерттеу  жұмысының  тəжірибелері  əл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университетінің 
“Биофизика  жəне  биомедицина”  кафедрасының  зертханасында  жүзеге  асырылды.  Тəжірибе 


105 
 
барысында  ас  қорыту  жолының  қуыстық  жəне  мембраналық  гидролизіне  аланинаминотрансфераза 
(АлАТ) жəне аспартатаминотрансфераза (АсАТ) ферменттерінің белсенділігіне токсиканттың əсерін 
анықтадық.  Қан  сарысуындағы  бұл ферменттердің  белсенділігі  бірқатар  аурулар  кезіндегі  қосымша 
диагностикалық сынама қызметін атқарады. Токсиканттардың əсері көбінесе қан жəне қан сарысуына 
жүргізіледі.  Біздің  зерттеу  жұмысымыз  егеуқұйрықтардың  куыстық  жəне  мембраналық  ас 
қорытуымен  ерекшеленеді.  Жоғарыда  аталған  ферменттердің  белсенділігін  анықтауда,  Райтман  (S. 
Reitman)  мен  Френкель  (S.  Frankel)  ұсынған  жəне  Врублевский  (F.Wro  blewski)  жасап  шыққан  əдіс 
қолданылды. 
Зерттеу  нысаны  ретінде  6-8  айлық,  орташа  дене  салмағы  150-180  г  болатын  зертханалық  ақ 
егеуқұйрықтар пайдаланылды. Егеуқұйрықтарды екі топқа: бақылау жəне тəжірибе топтарына бөлдік. 
Əр топта – 15 егеуқұйрықтан болды. Бақылау жəне тəжірибе топтарындағы жануарларға ҚазҰУ-дың 
биоклиникасында  дəстүрлі  азықтану  рационы  берілді.  Тəжірибе  тобындағы  егеуқұйрықтардың 
кадмий  тұзымен  уландырылуы  1  айға  созылды.  Ас  қорыту  бөлімдерінің  қарын,  аш,  тоқ  ішек 
химусының    жəне    шырышты  қабығындағы  ферменттердің  белсенділігі    А.М.Уголев  əдістемесінің 
негізінде  анықталды.  Биохимиялық  əдістермен  алынған  сандық  мəліметтерге  салыстырмалы 
сараптама  жүргізілді.  Егеуқұйрықтар  рационына  кадмий  тұзын  енгізу  энзимдер  оның  ішінде 
аланинаминотрансфераза, аспартатаминотрансфераза белсенділігіне едəуір əсерін тигізгені байқалды. 
Қуыстық  жəне  мембраналық  гидролизіндегі  ферменттердің  арасында  бірталай  айырмашылықтар 
тіркелді. 
 Зерттеу барысында қол жеткізілген нəтижелер сүтқоректілердің ас қорыту жолының қызметіне 
кадмийдің  əсері  туралы мəліметтер  базасына  кіріп  аталған  мəселені  шешудің  жолдарын  іздестіруге 
ықпалын  тигізеді.  Алынған  нəтижелердің  экология,  медицина,  ауыл  шаруашылығы  салаларында 
тəжірибелік жəне қолданбалы маңызы бар.  
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Мәутенбаев А.Ә. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет