ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ МИКРОКАПСУЛДАУ МҮМКІНДІГІН ЗЕРТТЕУ Кусманова А.
Семей қаласының Шəкəрім атындағы Мемлекеттік Университет
kusmanova_aidanka@mail.ru
Туберкулез өлімге əкелетін 10 себептің бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымының хабарлауынша, 2015 жылы туберкулезбен ауыратын науқастар саны 10,4 миллионға тең
(соның ішінде 1 миллионы балалар) жəне науқастардың 1,8 миллионы (соның ішінде 170 000
балалар) туберкулездің əсерінен дүниеден өткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясымен
мақұлданған, 2016 – 2035 жылға дейін туберкулезды толық жоюға арналған Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымының стратегиясы бойынша 2015 жылдың салыстырмалы көрсеткіштерін 2030 жылға
дейін туберкулезден туындаған өлім санын 90 % - ға, ал туберкулезбен ауыратын науқастар санын
80% - ға төмендету болып келеді. Қазақстан Республикасында да туберкулездің эпидемиялық
жағдайы күрт қызуда. Емделу жолдары ұзақ (2-8 айдан 2-3 жылға дейін), қиын жəне дəрі – дəрмекке
төзімді туберкулез түрінің көрсеткіштері жылдан жылға өсуде. Сонымен, туберкулез ауруына қарсы
қолданылатын инновациялық дəрілік түрлерін əзірлеу, алу жəне енгізу фарминдустрияның ең
маңызды міндеттерінің бірі болып келеді.
Өткізілген əдеби шолудың арқасында, микрокапсулдау – инновациялық жəне ұзақ əсер ететін
дəрі – дəрмек жасаудағы ең тиімді жол болып саналады. Бұл жұмыста туберкулезді емдеу ұзақтығын
қысқарту жəне аурулардың тұрмыс сапасын арттыру мақсатында туберкулезге қарсы препараттар
енгізілген полиэлектролитті микрокапсулалар алынды жəне олардың қасиеттері зерттелді.
Туберкулезге қарсы препараттардан микрокапсулалар алыну барысында полимерлі матрица ретінде
3% биоыдырайтын геллан жəне натрий альгинаты пайдаланды. Гельді микрокапсулалар көп
қолданылатын ионотропты гель түзу əдісімен алынды.
Препараттардың микрокапсулаларға ену тиімділігі зерттелінді. Орташа ену тиімділігі
изониазид үшін – 22%, пиразинамид үшін 25%, моксифлоксацин үшін 50% құрайды. Алынған
микрокапсулалар полиэлектролитті мультиқабаттармен қаптау үшін LbL (Layer by Layer) техникасы
қолданылды. Құрғатылған капсулалардың суреттері «JEOL» фирмасының «JSM-6390LV»
микроскопы арқылы алынды.
Капсулалардың еруі зерттеу нəтижелері бойынша полиэлектролитті микрокапсулдеу
туберкулезге қарсы препараттардың қатты дəрілік заттар түрінде пероральды қабылдау үшін
ұзартылған формасын жасауға болатынын көрсетті.
Шығарылған ұзақ мерзімді формалар терапиялық концентрацияны ұзақ уақыт қолдауының
арқасында дəрі – дəрмекті тұтынуды азайтуға жəне препараттардың кері əсерін төмендетуге
мүмкіндік береді.
Ғылыми жетекшісі: х. ғ. к, доцентДинжуманова Р.Т.