"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


СТУДЕНТТЕРДІҢ ДҰРЫС ТАМАҚТАНУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ



Pdf көрінісі
бет170/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   372
Байланысты:
thesis114326

СТУДЕНТТЕРДІҢ ДҰРЫС ТАМАҚТАНУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
Қапан Л.С. 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университеті  
kapanlaura9797@mail.ru
 
 
Қазіргі  жағдайларда  тамақтану  мəселесі  бірқатар  себептерге  байланысты  бірінші  орынға 
шықты, атап айтсақ: экологиялық ортаның бұзылуы, организмге қажет компоненттердің жеткіліксіз 
түсуі, дұрыс тамақтанбау, сапасы төмен азықтар жəне т.б. 
Студенттер  тамағының  сапалы  құрамын  бағалау  кезінде  бірқатар  негізгі  құрамды  бөліктер 
бойынша  тамақтанудың  теңгерілмегендігі  -  жануарлар  белоктарының,  өсімдік  майларының, 
кальцийдің,  аскорбин  қышқылының  жəне  тиаминнің  аз  болуы  жиі  байқалады.  Студенттерде 
тамақтану режимінің келесідей бұзылуы анықталды: 25-47 % таңғы асын ішпейді, 17-30 % күніне екі 
рет қана тамақтанады, 10 % жуығы түскі асын ішпейді немесе уақытында ішпейді, 22 % кешкі асын 
ішпейді. Ыстық тағамдарды, соның ішінде бірінші асты ішу сирек белгіленген. 
Дұрыс  тамақтану  –  бұл,  ең  алдымен,  дұрыс  ұйымдастырылған  жəне  организмді  дер  кезінде 
жақсы  əзірленген  жəне  тəтті  тағаммен  жабдықтау.  Физиологиялық  ұсынымдарға  сəйкес, 
энергетикалық  құндылық  студент  ер  балаларда  10.8  МДж  (2585  ккал), студент    қыз  балаларда  10.2 
МДж  ккал)  шеңберінде  бағаланған.  Белоктарға  рационның  12  %  жуық  тəуліктік  энергетикалық 
құндылығы  келеді,  сонымен  қатар,  жануарлар  майының  үлесі  олардың  рационындағы  жалпы 
көлемнің  60  %  құрауы  керек.  Осы  талаптың  орындалуы  ауыстырылмайтын  амин  қышқылдарының 
жеткілікті  болуымен  ғана  емес,  сонымен  қатар  рационда  олардың  қолайлы  теңгерілуін 
кепілдендіреді. Майлар студенттердің жалпы рационының жалпы энергетикалық құндылығының 30 
%  құруы  керек.  Сонымен  қатар,  өсімдік  майларының  үлесіне  жалпы  көлемінен  30  %  келеді. 
Студенттердің  негізгі  минералды  заттарды  тəуліктік  талап  ету  организмге  кальцийдің  800  мг, 
фосфордың- 1600 мг, магнийдің- 500 мг, калийдің- 2500-5000 мг, темірдің-10 мг көлемінде түсуімен 
қамтамасыз  етуі  керек.  Студенттердің  теңгерілген  тамақтану  принциптерін  əжірибелік  іске  асыру 
мақсатында тамақтану рационының энергетикалық құндылығы мен сапалы құрамының жəне энергия 
мен азық-түлік заттарын қажет ету рациондарының арасында едəуір толық сəйкестікке ұмтылу керек. 
Іс  жүзінде  қарапайым  оқу  процесі  кезінде  энергия  шығындарынан  ерекшеленбей,  емтихан  тапсыру 
кезеңінде энергия шығындары 5,9 кДж (1,4 ккал/мин) құрайды.  


116 
 
Осылайша  дұрыс  тамақтану  бойынша  ұсынымдарды  сақтау  организмнің  əр  түрлі  қоршаған 
орта  агенттеріне  төзімділігін  жоғарылатудың  жəне  халықтың  ішінде  бірқатар  жұқпалы  емес 
созылмалы ауруларды азайтудың негізгі көзі болып табылады. 
Ғылыми жетекші: б.ғ.к., аға оқытушы Қалиева А.Қ. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет