"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДАҒЫ АДАМДАРДЫҢ  ҚАНЫНДАҒЫ ЭРИТРОЦИТТЕРДІҢ



Pdf көрінісі
бет179/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   372
Байланысты:
thesis114326

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДАҒЫ АДАМДАРДЫҢ  ҚАНЫНДАҒЫ ЭРИТРОЦИТТЕРДІҢ 
ОСМОСТЫҚ  ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ 
 
Мырзалиева  Д.Б. 
əл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық   Университеті 
dinara-myrzalieva@mail.ru
 
 
Химиялық      заттардың    биологиялық    белсенділігін    зерттеудің    маңызы  –  ағзаның    ішкі  
ортасының  негізгі  құрамды  бөлігі  қан  жүйесіне əсерін  табу  болып  табылады.  Организмнің  ішкі  
ортасының    бұзылуы    нəтижесінде    организмге    əртүрлі    сыртқы    қоздырғыштардың    əсерінен  
бейімделушіліктің  дамуы  мен  резистенттілігі  негізгі  рөл  атқарады. Мембрана  жоғары  таңдамалы  
өткізгіштікке    тосқауылдық    қызмет    атқарады.  Бұл    қасиеті  жасушалық    гомеостаздан    жасуша  
цитоплазмасы    мен  ортасының    химиялық    құрамында    үлкен    айырмашылық    бар    екендігін  
қамтамасыз  етеді. Табиғатқа  зиян  келтіруші  агенттер  осмостық  гемолиз (гипотониялық  ерітіндіде  
эритроциттердің    бұзылуы),  химиялық  (химиялық    қосылыстар:  қышқыл,  сілті,  тұз    жəне    т.б.  
əсерінен    эритроциттердің    бұзылуы),  температура  (температураның    əсерінен    оптимальды  
диапазоннан    ауытқуы)  деп    ажыратылады.    И.А.Терский    мен    И.И.Гительзонның    мəліметтері  
бойынша,  эритроциттегі    гемолиз    процесі    келесі    этап    бойынша    жүреді:  1.  Гемолиз    алды  
стадиясы;  2.  Осмостық    гемоглобинолиз    стадиясы;  3.  Химиялық    гемоглобинолиз    стадиясы;  4. 
клетка    құрылымының    толық    бұзылу    стадиясы,  яғни    өзіне  2  фазаның  –  стромопороз    бен  
стромолиз    фазаларын    қосады.Жұмыстың  мақсаты:  Қазақстан    Республикасының    экологиялық  
аймақтарында    тұратын    адамдардың  қанындағы  эритроциттердің    осмостық    тұрақтылығын  
зерттеу.Жұмыстың мiндеттері: 
 1)экологиялық    қолайсыз  аймақтарда    тұратын    тұрғындардың    қанындағы    эритроциттердің  
осмостық  тұрақтылығын  зерттеу;  
2)  ҚР  экологиялық  қолайсыз    аймақтарында  тұратын  жəне  салыстырмалы  таза  экологиялық 
аймақтарында  тұратын  тұрғындардың  қанындағы  эритроциттердің  осмостық  тұрақтылығын  
салыстырмалы түрде зерттеу. 
Қолданылатын    əдістер:    Эритроциттердің    физика-химиялық    қасиетіне    цитозин    мен  
тиминнің    цитозин,  цианоцитозин  жəне    тетразольді    туындыларының    əсерін    анықтау;    Ғылыми  
маңыздылығы:  Қазақстан    Республикасының    экологиялық  қолайсыз  аймақтарында    тұратын  
адамдардың  қанындағы  эритроциттердің    осмостық    тұрақтылығын    зерттеу.Практикалық 
маңыздылығы:  Қазақстан    Республикасының    экологиялық    қолайсыз  аймақтарында    тұратын  
адамдардың  қанындағы  эритроциттердің    осмостық    тұрақтылығын    зерттеу    жəне  санитарлық 
дəрігерлерге кеңес бойынша кепілдеме беру. 
Қорытынды: 
1)Пиримидин  негізінің  цитозин, цианоцитозин  жəне  тетразольді  туындыларын  жануарларға  
1мг/100г    масса    дозасында    бес    есе    жүргізгенде,  биологиялық    белсенділігіне    зиян    келтіруші  
агенттерге  эритроциттердің  қарсы  тұру  қабілетінің  жоғары  болатынын  көрсетті;  
2)  Цитозинмен    бес    есе    жүргізілген    зерттеу    жұмысында    эритроциттің  бастапқы  
функциональдық  күйіне елеулі  əсер  етпейтіндігі  анықталды;  
3) Тетразольдің   туындылары   цитозин   жəне    тиминмен    жүргізілген   зерттеуде    қызыл   қан  
жасушасының  тұрақтылығын  басқаруға  жəне  оны  төмендетуге  қабілеттілігі  анықталды. 


123 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет