124
Іріңді немесе флегмоналы гастритте
асқазанның қабырғасы қалыңдап, оның шырышты қабығы
қып-қызыл болып көрінеді. Шырышты қабықтың қатпарлары ісініп, оны қолмен басқанда іріңді
экссудат бөліп тұрады, кейде сол жерге қан құйылады. Микроскоппен тексергенде негізгі өзгерістер
шырышты қабықтың астындағы қабатта екені анықталады. Негізінен лейкоциттерден туратын
экссудат бұлшықет қабатына, одан сыртқы қабатқа тарап флегмоналы гастрит асқынып, перигастрит,
перитонитке
айналады.
Некрозды гастриттің
дамуы асқазанның шырышты қабығының күшті қышқыл, сілтілердің
тікелей əсерінен күйіп қалуына байланысты. Мысалы, өлу мақсатында адам сірке қышқылын ішіп
қойғанда. Ол жерлер қошқыл-қоңыр түсте көрінеді.
Микроскопта некроз ошақтары, эрозиялар немесе
жедел жаралар
табылады, кейде асқазан қабырғасы тесіліп кетеді.
Асқазан эпителиінің тез өз қалпына келуіне байланысты жедел гастриттің басым көпшілігі
ешқандай із қалдырмайды. Флегмоналы гастрит асқынып сепсиске айналуы мүмкін. Көбінесе
флегмоналы жөне некрозды гастриттерден кейін асқазан шырышты қабығы жұқарып, қабырғасында
склероз құбылысы дамиды, осыған байланысты асқазанның өз формасын жоғалтып алады. Кейде
асқазанмен оның айналасындағы ағзалар арасында жабыспалар пайда болады. Созылмалы гастриттер
ересек адамдардың арасында ең көп тараған сырқат. Созылмалы гастриттер асқазан шырышты
қабығының созылмалы қабынуымен, оның физиологиялық регенерациясының бұзылуына
байланысты дамитын атрофиясымен, секреторлық жөне моторлық қызметтерінің өзгеруімен
сипатталады. Сыртқы əсерлерге
тамақтың жақсы шайналмай жұтылуы, ас қабылдау тəртібін
сақтамау, тамақты "құрғақ" күйінде жеу, салынып арақ ішу, шылым шегу, көптеген дəрі-
дəрмектердің, кəсіптік ортаның зиянды əсерлері кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: