"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ ҮРДІСІ КЕЗІНДЕГІ ВЕГЕТАТИВТІК КӨРСЕТКІШТЕРІН



Pdf көрінісі
бет184/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   372
Байланысты:
thesis114326

СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ ҮРДІСІ КЕЗІНДЕГІ ВЕГЕТАТИВТІК КӨРСЕТКІШТЕРІН 
АНЫҚТАУ 
 
Нұрлан Ф.Н. 
əл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
fako_n@mail.ru
  
 
Жоғары  оқу  орнына  бейімделу  университет  табалдырығын  алғаш  аттаған  суденттер  үшін 
айтарлықтай  оңай  емес.  Орта  мектеп  кезіндегі  оқу  үрдісінің  құрылымымен  жəне  шарттарымен 
салыстырғанда  қиындай  түсетіні  анық.  Қабылдауға  тиісті  білім  мөлшерінің  артуы,  ой  еңбегі 
белсенділігінің  жоғарылауы,    бақылау  мен  емтихан  кезінде  жүктеменің  артуы  ағзаға  кері  əсерін 
тигізері  сөзсіз.  Оқу  үрдісін  бағалау  жəне  бақылау  формасы  өзгереді,  оқушының  мінез-  құлығында 


126 
 
біршама  өзгерістер  пайда  болады.  Бүгінгі  таңда  бірінші  курс  студенттерінің  шамамен  30%  -ы 
денсаулық  жағдайы  бойынша  белгілі  бір  ауытқуларға  ие.  Сонымен  қатар  соңғы  жылдарда  жүрек-
қантамыр  жүйесі  мен  асқазан-ішек  жолдары  ауруларының    таралуы  күшеюде.  Мұндай  аурулардың 
пайда  болу  себебі  студенттерге  шамадан  тыс  жүктеменің  түсуіне  байланысты  туындайды.  Соңғы 
жылдары  ұсынылған  деректер  жас  студенттердің  денсаулығының  жай-күйіне  қатысты  қолайсыз 
жағдайды көрсетіп отыр жəне жеке денсаулық жағдайларынының қазіргі функционалдық жағдайын 
бағалауды, оның деңгейінің өзгеруін бақылауды жəне аурулардың дамуының алдын алуды талап етіп 
отыр.  
Зерттеудің  мақсаты  студенттерге  оқу  жүктемесі  түскен  кездегі  вегетативтік  көрсеткіштерді 
зерттеу.  Қойылған  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  зерттеу  объектісі  ретінде  əл-  Фараби  атындағы 
Қазақ  Ұлттық  университетінің  Биология  жəне  биотехнология  факультетінің  биофизика  жіне 
биомедицина кафедрасының қазақ жəне орыс топтарынан 1-2 курс студенттері  алынды. Вегетативтік 
көрсеткіштердің  өзгерістерін  зерттеу  мақсатында  жүректің  жиырылу  жиілігі  мен  артериялық  қан 
қысым  деңгей  анықталды.  Зерттеулер  сабақ  барысында,  бақылау  кезінде  жəне  емтихан  алдында 
өткізілді. Зерттеу нəтижелері бойынша студенттердегі рубеждік бақылау кезіндегі артериялық қысым 
күнделіктісабақ  кезінде  алынған  көрсеткіштермен  салыстырғанда  төмен  деңгейде.  Ал  жүректің 
жиырылу  жиілігі  күнделікті  сабақ  кезінде  алынған  көрсеткіштермен  салыстырғанда  рубеждік 
бақылау кезінде жоғары болды.  
Əр  түрлі  оқу  жүктемелерінің  əсерінен  студенттер  ағзасында  өзгерістер  туындайды.  Əсіресе 
жоғары  оқу  орнын  енді  аттаған  студенттер  үшін  бірден  оқу  жүктемесінің  ауырлай  түсуі  ағзаға  өз 
əсерін тигізетіні анықталды.  
Ғылыми жетекшісі: к.б.н., доцент  Аскарова З.А.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет