"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ЖҮРЕК-ҚАНТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖҮКТЕМЕГЕ БЕЙІМДЕЛУІ



Pdf көрінісі
бет200/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   372
Байланысты:
thesis114326

ЖҮРЕК-ҚАНТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖҮКТЕМЕГЕ БЕЙІМДЕЛУІ  
 
Төребек А. Т. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
torebek1995@bk.ru 
 
Жүрек-қантамыр  жүйесінің  физикалық  жүктемеге  бейімделуі  –  жүрек  жиырылғандағы 
энергияны  тиімді  жəне  үнемді  жұмсауды  қамтамасыз  ететін  функционалды  жəне  құрылымдық 
өзгерістердің дамуы. Жүрек организміміздегі күшті сорғы екенін еске түсірсек (минутына шамамен 
10  литр  қан  айдайтын),  онда  адаптациялық  механизмдер  жалпыға  мəлім  гемодинамика 
сипаттамаларында    көрініс  береді  –  соғу  көлемі,  АҚ,  уақыт  бірлігіндегі  жүрек  шығарылымы 
(сердечный  выброс),  жүрек  жиырылыстарының  саны,  аймақтық  немесе  жергілікті  қан  ағысы. 
Спорттағы  жаттығу  процессі  организмнің  жылдамдық,  күш  жəне  төзімділік  қасиеттерін  дамытуға 
арналған.  Əрине,  физикалық  жүктемелердің  барлығын  бағалауға  болатын  бірдей  критерийлер 
болмайды. 
Зерттеу  жұмысының  мақсаты:Жүрек  қантамырлар  жүйесінің  түрлі  жүктемелерге  бейімделуін 
анықтау.  
 Зерттеу  объектілері  мен  əдістері.  Зерттеу  əл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-нің  биология  жəне 
биотехнология  факультетінің  1-3  курс  студенттеріне  жасалынды.  Студенттердің  жас 
ерекшеліктерімен  (18-21  жас)  қатар,  антропометриялық  мəліметтерді  де  ескердік  (орташа  ұзындық 
167  см,  салмағы  58  кг  құрады).  Зерттелген  студенттердің  саны  85,  39-ұл,  46-қыз.  Студенттердің 
гемодинамикалық  көрсеткіштері:  жүректің  жиырылу  жиілігі,  артериялық  қысымы  мен  бейімделу 
потенциалы  қалыпты  жағдайда  жəне  физикалық  жүктемеден  кейін  зерттелді.  Студенттердің 
артериалық қысымы Коротков əдісімен өлшенді жəне пульс жиілігі қабылданған əдіспен есептелді. 
Бейімделу  потенциалы    Фокс  əдісі,Руфье-Диксон  жəне  Гарвардтық  степ-бағдарлама  əдісімен 
зерттелінді. 
Зерттеу  нəтижесі:Зерттеулеріміз  бойынша  студенттердің  қалыпты  жағдайдағы  жүрек  соғу 
жиілігі  (ЖСЖ)  жəне  артериялық  қан  қысымы  (АҚ)  келесі  нəтижелерді  берді.  Қыз  балалардың 
систолалық қан қысым (СҚ) – 108,0 ± 2,0 мм с.б.б, диастолалық қан қысым (ДҚ) – 68,2 ± 1,6 мм с.б.б., 
ал  ұл  балаларда  бұл  көрсеткіштер  111,8  ±  1,0  жəне  75,5  ±  1,5мм  с.б.б.  тең  болды.  Экспериментке 


137 
 
қатысқан қыз балаларда жүректің соғу жиілігі (ЖСЖ) – 70,5±0,9 рет/мин., ал ұл балалардың қалыпты 
жағдайында ЖСЖ – 71,3±1,2 рет/мин. сəйкес болды. 
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к. доцент Аскарова З.А. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет