150
Түраралық будандастырудың маңыздылығына қарамастан дəн байлауға кедергі болатын түрлі
аномалиялардың (тұқымның толық қалыптаспауы, алғашқы будандық ұрпақтың стерильділігі, оған
себеп болатын мейоз үрдісіндегі бұзылыстар т.б.) шешілу жолдарын іздестіру қажет. Осындай
мəселелерді шешу түраралық будандастыру тəсілін қолдана отырып, рекомбинантты формалар алуға
мүмкіндік береді. Берілген бітіру жұмысында кафедраның бидай генетикасы мен селекция ғылыми
зерттеу лабораториясының қызметкерлерімен алшақ будандастыру негізінде алынған материалдарға
зерттеулер жүргізілді.
Кафедраның гендік қорында сақталған интрогрессивті 340-шы линияны қысқа сабақты сары тат
ауруына тұрақты к-48196 донор үлгісімен будандастыру нəтижесінде, интрогрессивті линияның
екінші компонентке бере алатын донорлық қасиетерін: буданды ұрпақтағы негізгі масақтың
ұзаруынан, масақтағы масақшалар санының артуынан, негізгі масақтағы дəн санының көбеюінен,
1000 дəннің салмағының артуына байланысты анықталды. Керісінше, к-48196 бидай үлгісінің
қатысуымен алынған интрогрессивті F
1
ұрпағының өсімдіктеріне сары тат ауыруына төзімділік
қасиетінің берілгендігі анықталып, доминантты тұқым қуалайтындығы зерттелді. Осыған
байланысты, 340-шы линияны сары тат ауруына төзімді, өнімділік параметрлерінен жоғары жəне
донорлық қабілеті жағынан құнды материал ретінде селекция тəжірибесіне ұсынылды.
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.д., профессор Шулембаева К.К.
Достарыңызбен бөлісу: