"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ЖҰМСАҚ БИДАЙДЫҢ ИНТРОГРЕССИВТІ ЛИНИЯЛАРЫНЫҢ ҚОҢЫР ТАТ АУРУЫНА



Pdf көрінісі
бет240/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   372
ЖҰМСАҚ БИДАЙДЫҢ ИНТРОГРЕССИВТІ ЛИНИЯЛАРЫНЫҢ ҚОҢЫР ТАТ АУРУЫНА 
ТӨЗІМДІЛІГІНЕ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ 
  
Сейдалы Ж.Ə. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
janaiym_27_96@mail.ru
  
 
Жабайы  тетраплоидты  эндемды  Triticum  timopheevii  Zhuk  түрінің  (геномдық  формуласы 
A
t
A
t
GG) бидайдың көптеген ауруларына төзімділікті қадағалайтын уникальды гендер жиынтығымен 
сипатталады.  Тат  аурулар  түріне  төзімді  эффективті  Lr-  гендерімен  жабайы  түрді  жұмсақ  бидай 
үлгілерімен  будандастыру  арқылы  тұрақты  линиялар  шығарып,  республикадағы  инфекциялық 
ауруларға төзімді дəнді дақылдар қорын кеңейтуге жол ашады. Алайда, жабайы түрмен жұмсақ бидай 
арасындағы  будандардың    біріншіден,  ұрпақ  беру  мүмкіншілігі  төмен,  екіншіден,  цитологиялық 
тұрақсыз.  Осыған  қарамастан,  дүниежүзілік  əдеби  шолуларда  кездесетін  ғылыми  зерттеу 
жұмыстарынан    T.  timopheevii    түрінен  жұмсақ  бидайға  қоңыр  тат,  сабақты  тат  жəне  сары  тат 
ауруларына  тұрақты  гендерді  алмастыруға  болатындығы  туралы  мəліметтерді  көптеп  кездестіруге 
болады. 
Окамото  (Окаmоtо,  1957)  жəне  Райли  (Rilei,  1960;  Rilei  жəне  т.б.,  1961)  бойынша  жұмсақ 
бидайда 5В хромосомасының болуы тек, гомологты хромосомалардың конъюгациялануына əкеледі, 
ал  бұл  хромосоманың  болмауы  əртүрлі геном  арасында  мульти-  жəне  квадриваленттердің  түзілуіне 
себепкер  болады.  Мұндай  биваленттердің  түзілу  механизмі,  5В  хромосомасының  гомеологты 
жағдайына  да байланыссыз  хромосомалардың жұптасуын  қамтамасыз  ете алуында.  Осы  уникальды 
моносомды  тəсілді  қолдана  отырып,  жабайы  түрмен  жұмсақ  бидай  арасында  туындаған  буданды 
ұрпақта ауыл  шаруашылығына құнды  гендерді сақтап қалуға болады. Мұндай жұптасудың жүруіне 
5В хромосомасының ұзын (L) иығында орналасқан ген жауапты. 
Бұл  зерттеу  жұмысы  л-344  жəне  л-345  интрогрессивті  линияларының  қоңыр  тат  ауруына 
төзіміділігіне генетикалық талдау болып табылады. л-344 жəне л-345 интрогрессивті линияларының 
қоңыр  татқа  төзімділігі  Тэтчер  сортының  тестерлі  изогенді  линияларының  (Lr9,    Lr19,    Lr23,  Lr24
Lr26жəнеLr29) көмегімен идентификацияланды.   
Ғылыми жетекшісі: PhD Токубаева А.А. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет