"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


КАРТОП ӨСІМДІГІНІҢ  IN VITRO ЖАҒДАЙЫНДА АСЕПТИКАЛЫҚ ТОПТАМАСЫН



Pdf көрінісі
бет242/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   372
КАРТОП ӨСІМДІГІНІҢ  IN VITRO ЖАҒДАЙЫНДА АСЕПТИКАЛЫҚ ТОПТАМАСЫН 
ҚҰРУ 
 
Cерик К.Е.
1
, Жоламанова С.Ж.
2
 
1
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
2
Өсімдіктер биологиясы жəне биотехнологиясы институты ҚР ҰБО 
serik.kuralai94@mail.ru
 
 
 
Қазіргі  кезде  өсімдіктердің  генетикалық  материалын  сақтаудың  бірнеше  тəсілдері 
қолданылады. Ең көп тиімді əдіс- далалық гендер банкі мен помологиялық коллекциялар құрастыру.  
ҚР  ҰБО  өсімдіктер  биологиясы  жəне  биотехнологиясы  институты,  Алматыда  картоп 
өсімдігінің  -  in  vitro  жағдайындағы  -  25  үлгілерінен  тұратын  асептикалық  жағдайдағы  картоп 
коллекциясын құрылды. Алынған картоп үлгілерінің ішінде қазақстандық 10 сорттары, 4 будандары 
жəне 11 шетелдік сорттар бар. Сауықтырылған картоп өсімдіктерінің in vitro коллекциясын шығаруға 
арналған биотехнологиялық əдістерді жетілдіру 
1.Картоп түйнектерін өсіру жəне in vitro жағдайына енгізу  
2. Картоп сорттарының in vitro асептикалық өсімдіктерінің коллекциясын шығару. 
3. Картоп өсімдігін вирустардан сауықтыруға апекс ұзындығының əсерін салыстырмалы түрде 
зерттеу 
4.  Картоптың  сауықтырылған  көшет  материалын  эффективті  түрде  көбейту  үшін  in  vitro 
микротүйнектерді қалыптастыратын жағдайларды жетілдіру. 
Зeрттeугe  арналған  oбъeктiлeр  рeтiндe  картoптың  қазақcтандық  жəнe  рeceйлiк  ceлeкция 
coрттары алынды. Oлар: Курант ,Нoвинка,Нуралем ,Жанасай 
Картопты  in  vitro  жағдайына  енгізу  үшін,  +  4°С  температурада  сақталып  тұрған  əр  үлгіден  3 
картоп  түйнегі  алынды.  Картоп  түйнектері  натрий  гипохлорид  (1:1)  ерітіндісінде  10  минут 
залалсыздандырылып,  дистилденген  сумен  3  рет  шайылды.  Картоп  түйнектері  көзшелеріне 
байланысты 2х2 см көлемінде бөлшектеп кесіп алынып, залалсыздандырылған ылғалды перлитке 0,5-
1,0 см тереңдікте отырғызып, 24ºС температурада, жарық 25 мкмоль/м
-2
с
-1
, 16 сағаттық фотопериод 
жағдайына  орналастырылды.  10-14  күн  өткен  соң  3-5  см-ге  жеткен  картоп  өскіндерін  in  vitro 
жағдайына енгізу үшін əртүрлі залалсыздандырушы агенттермен залалсыздандырылды. Материалды 
залалсыздандыру  үшін  əртүрлі  залалсыздандырушы  агенттер  қолданылды:  сулема  0,1%  10  мин; 
«Белизна»  (Na-гипохлориды,  тұрақтандырғыш,  су)  -  (1:1);  Осындай  əдіспен  залалсыздандырылған 
өскіндер  асептикалық  жағдайда  0,5-2  см  мөлшермен  бөлініп,  қоректік  ортаға  енгізілді.In  vitro-да 
дақылдау  үшін  гормонсыз  Мурасиге  жəне  Скуг  (МС)  орталары  қолданылды,  өскіндер  23-25ºС 
температурада жарық 25 мкмоль/м
-2
с
-1
, 16 сағаттық фотопериод жағдайында өсірілді. 
Картоп  коллекциясының  үлгілері  шетелдік  сорттарын    үлгілерімен  салыстырғанда 
қазақстандық  сорттары 2 есе көбейді.  
Ғылыми жетекші: б.ғ.к. қауымдастырылған профессор Кушнаренко С.В., б.ғ.к. профессор м.а. 
Жұмабаева Б. Ә.  


166 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет