"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ІЛЕ ӨЗЕНІНІҢ ТӨМЕНГІ АҒЫСЫНЫҢ (HETEROPTERA, PENTATOMIDAE)



Pdf көрінісі
бет28/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   372
Байланысты:
thesis114326

ІЛЕ ӨЗЕНІНІҢ ТӨМЕНГІ АҒЫСЫНЫҢ (HETEROPTERA, PENTATOMIDAE) 
ҚАЛҚАНШЫЛАР ФАУНАСЫ. 
 
Бекполатова Г.Т. 
əл-Фараби атындығы  Қазақ Ұлттық Университеті 
banu-94-25@mail.ru
 
 
 
Бұл  жұмыста  Іле  өзенінің  төменгі  ағысындағы  қалқаншыларының  эколого-фаунистикалық 
шолуы жүргізіледі. Жұмыстың негізгі материалы ретінде Іле өзенінің төменгі ағысындағы 2016-2017 
жж. жинақтар алынды. 
Pentatomidae  тұқымдасы  кең  таралған  (3000-ға  жуық  түр).  Asopinae  тұқымдас  тармағының 
өкілдері  -  жыртқыштар,  ал  қалған  түрлері  өсімдікқоректі.    Негізінен  ересек  түрлері,  кейде 
личинкалары  (Pentatomа)  немесе  жұмыртқалары  (Picromerus)  қыстап  шығады.  Жартылай  қатты 
қанаттылардың фауналық құрамы Іле өзенінің төменгі ағысында  толық зерттелмеген.  
Қоректік  байланыстары  бойынша  қалқаншылар  жыртқыштар  жəне  өсімдікқоректі  болып  бөлінеді. 
Соның  ішінде  жыртқыштарға  4  түр  жатады.  Өсімдікқоректі  қалқаншылар  полифитофагтар  жəне 
олигофитофагтарға  ажыратылады.    Полифитофагтардың  15  түрі,  ал  олигофитофагтардың  9  түрі 
белгілі. 
Жыртқыш түрлер адам үшін пайдалы, себебі, биоценозда зиянкес насекомдардың саның табиғи 
реттеуші болып табылады.  Қазақстан даласындағы үшкірбасты жəне айқышгүлділер қандаласының 
зияны Тильменбаев (1960, 1962) жəне Мейрмановтың (1962) жұмыстарында көрсетілген.  
Бұл мақалада Іле өзенінің төменгі ағысының  қалқаншыларына толық эколого-фаунистикалық 
шолу  жасалған.  Олар  құрлық  түрлерінен,  фитофагтар  мен  жыртқыштардан  тұрады.  Зерттеу 
нəтижесінде  бұл  маңнан  қалқаншалылардың  10  туысының  18  түрі  табылды.    Олар  мынадай 
станцияларда  кездеседі:  тоғайлы  дендрофильді,  тоғайлы  шөптесінді,  сазды  шөлді,  сортаңды  шөлді, 
құмды шөлді.Анықтау жұмыстары жалғасуда. 
 Төменде қалқаншылардың анықталған кейбір түрлерінің тізімі көрсетілген. 
Sciocoris  deltocephalus  (Fieber,  1861).  Алматы  обл.,  Қапшағайдан  40  шақырым  төмен  1  экз. 
05.07.2016; 2 экз. 15.06.2017.  
Sciocoris sulcatus Fieber, 1852. Алматы обл., Қапшағайдан 40 шақырым төмен. 3 экз. 12.06.2016.  
Aelia sibirica Reuter, 1886. Алматы обл., Қапшағайдан 20 шақырым төмен. 3 экз. 22.07.2016; 1 
экз. 06.06.2017.  
Holcostethus  inclusus  (Dohrn,  1860).  Алматы  обл.,  Қапшағайдан  10  шақырым  төмен.  3  экз. 
15.07.2016; 2 экз. 02.07.2017.  
Holcostethus  congenitus  Putshkov.  Алматы  обл.,  Қапшағайдан  30  шақырым  төмен  16.06.2017.  2 
экз.; 23.07.2017. 3 экз.  
Codophila varia (Fabricius, 1787). Алматы обл., Қапшағайдан 40 шақырым төмен. 10.07.2016. 2 
экз.; 20.06.2017. 5 экз.  
Carpocoris  pudicus  (Poda,  1761).  Алматы  обл.,  Қапшағайдан  40  шақырым  төмен.  22.06.2016.  2 
экз.  
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Баймурзаев Н.Б. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет