"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет332/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   372
Байланысты:
thesis114326

 
IN VITRO ОРТАСЫНА BRACHYPODIUM DISTACHYON L. ЖАҢА МОДЕЛЬДІК ОБЪЕКТІНІ 
ЕНГІЗУ КЕЗІНДЕ ҚОРЕКТІК ОРТАНЫ ОПТИМИЗАЦИЯЛАУ 
 
Шынəлі С. 
Казахский Национальный Университет им. аль-Фараби 
Nargul.Omirbekova@kaznu.kz
 
 
Brachypodium  distachyon  модельдік  нысанасы  филогенетикалық  жағынан  құнды  дақылдарға 
(бидай,  арпа  жəне  т.б.)  өте  жақын  болып  келеді.    B.  distachyon    соңғы  жылдары  молекулалық-
генетикалық 
зерттеулерде 
кеңінен 
қолданылады, 
əсіресе 
астықтың 
генетикалық 
трансформациясында.  Осындай  жұмыс  кезеңінің  бірі,  трансгенді  өсімдіктер-регенеранттар 
регенерациясына қабілеті бар каллус ұлпаларын алу жəне олардың микроклональды көбейтілуі. 
Жұмыстың  мақсаты  -  in  vitro      ортасына    Brachypodium  distachyon  жаңа  модельдік  нысананы 
енгізу  кезінде қоректік  ортаны  оптимизациялау.  Бұл  жұмыста  оқшауланған  ұлпа  культурасын жəне 
мүше    əдістерін  қолданған.  Зерттеу  нысаны  B.  distachyon-ның  21  линиясы.    Негізгі  қоректік  орта 
ретінде  дақылдау  үшін    фитогормоны  бар  Линсмайер  мен  Скуг  (ЛС),  Мурасиге  мен  Скуг  (МС) 
орталары қолданылды.  
In  vitro-да  дақылдаудың  əдістемелік  нұсқауларын  өндеу  үшін,    оптимизацияланған  қоректік 
орталарда  каллусқалыптастырушы  қабілеті,  өсімдік  бөліктерінің  генеративті  жəне  вегетативті 
регенерациялық потенциалы, өсімдік мүшелері  зерттелді.  
Əртүрлі  фитогормоны  бар  8  вариантты  қореқтік  орта  пайдаланды.  Индуцирлік  процесстің 
гормональдық  құрамына  байланысты  каллусогенез,  каллусты  ұлпадағы  регенерациялық  бүршігі, 


226 
 
бүршік  түзілуі  байқалады.  Культивирлеу  кезінде  толық  дамыған  түйіршік  бір  аптадан  кейін  МС 
ортасында гормонсыз өсті. 
Дақылдаудың  кезінде    МС1  ортасында  толық  жетілмеген  ұрықта  қабықтың  айналасында 
каллустың  қалыптасуы  20-25  ші  дақылдау  күнінде  байқалады.    Каллус  сулы,  тығыз  жəне  жұмсақ 
болып келеді. 
Ұрығы  толық  дамыған,  пісіп  жетілген  дəндерді    қараңғыда,  МС1  2  мг/л    2,4  Д  қосылған 
ортасында өсіргенде, бірінші өркеннің өсуімен бірге, экспланттың 60%-ында қабықтың айналасында 
каллустың  қалыптасуы  байқалды,бірақ  толық  жетілмеген  ұрықтардың  өсіруімен  салыстырғанда 
уақыты  ұзақ  болды.      Каллус  сулы,    тығыз  емес  құрылымды  болды.  Сол  ортаға  немесе  гормонсыз 
ортаға отырғызғанда, олардың 30% -ында жасылдау нүктелі дақтары пайда болды, олардан бір айдан 
кейін жасыл өркендер өсіп шықты. 
Вегетацияланған  өркендердің  түйін  сегменттері  микроклональды  көбейту  үшін  оптимальды 
болып табылады. Бірінші реттік экспланттардың өркен түзу қабілеті 59 %  - ды құрайды, ал көбейту 
коэффициенті екі рет отырғызудан (пассаж) кейін -5,7. 
  Ғылыми жетекшісі: Омирбекова Н.Ж. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет