"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


РАДИАЦИЯ ӘСЕРІНЕН ЕГЕУҚҰЙРЫҚ ЖҮРЕГІНІҢ ГИСТОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСІ



Pdf көрінісі
бет39/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   372
РАДИАЦИЯ ӘСЕРІНЕН ЕГЕУҚҰЙРЫҚ ЖҮРЕГІНІҢ ГИСТОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСІ 
 
Жадырасын А.А 
əл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
sweetteeth.96@mail.ru
 
 
Адам  жəне  жануарлар  ағзаларының  əртүрлі  факторларға  қатысты  бейімделушілік 
мүмкіндіктерінің  жоғарылауы  қазіргі  таңда  медицина  жəне  биология  саласының  мамандарының 
бақылауында.  Консервіленген  ,  тазартылған,  тағамдық  өңдеулерден  өткен  өнімдерді  көп  мөлшерде 
тұтыну тіршілік ету процесінде маңызды роль атқаратын алмастырылмайтын тамақ өнімдерінің жəне 
қажетті  қоректік  заттардың  тапшылығының  тууына    себепші  болды.  Көптеген    зиянды  факторлар 
əсері  ағзадағы  əртүрлі кезеңдегі метоболикалық  процестерді қайта ұйымдастыруды тудырады жəне 
ағзаның  түрлі  қоректік  заттар  мен  энергияға  қажеттілігін  өзгеріске  ұшыратады.  Əлемдегі    алдыңғы 
қатарлы  дəрігерлер  мен  биология  саласының  ғалымдары  биологиялық  активті  қоспаларды  тағамға 
қолдану- денсаулықты нығайтудың , əртүрлі аурулардың алдын алудың ең қауіпсіз жəне сенімді жол 
екендігін растайды. 
Осыған  байланысты  біздің  жұмысымыздың  мақсаты    арнайы  медико-биологиялық  құрамды 
қорекке  ақ егеуқұйрық жүрегіне радиация кезіндегі зиянды əсерді азайтатын жəне бейімделушілікті 
арттыратын биологиялық активті заттардың қолдану мүмкіншілігін зерттеу болып табылады.  
Гамма-сəулеленуді  6  г  дозада  детоксикацияшы  мамандандырылған  өніммен  қоректендірілген  
егеуқұйрықтардың адаптивті мүмкіндіктерін анықтау үшін  Вистар линиясының үш айлық,бастапқы 
массасы  280-300 грамм 30 ересек егеуқұйрықтарға эксперимент өткізілді. Гистологиялық зерттеулер 
үшін жұқа кесінділерді дайындаудың жалпы қабылданған əдістері қолданылды (Волкова 1982). 
Аталған  жұмыста  мамандандырылған  детоксирлеуші  өнім  арқылы  6  г  мөлшерінде  гамма 
сəлеленуге  ұшыраған  егеуқұйрық  жүрегінің    гистологиялық    талдауларының  зерттеу  нəтижелері 
көрсетілген.  Морфологиялық  талдау    аз  мөлшерде  ғана  өзгерістердің  орын  алғандығын  көрсетті, 
жүрек  бұлшықет  талшықтары  ұлғайған,  қан  тамырларының  толуы  арқылы  қан  айналымның  аз 
мөлшерде бұзылуы байқалды. Сəлелендіру қанның көптігі түрінде қан айналымның əлсіз өзгерісіне, 
плазмораггия , дистрофия жəне жасушалық реакцияға əкеліп соқтырады. 
Полипотентті  əсері  бар  жəне  медико-биологиялық  құрамды  биологиялық  активті  қоспа 
түріндегі    мамандандырылған  жаңа  детоксирлеуші    қоректік  өнім    ағзаның  əртүрлі  зиянды 
факторларға  бейімделушілік  мүмкіндіктерін  жоғарылатуда,сонымен  қатар  ғарыштық  ұшуларды 
қолдануға  болады.    Биологиялық  активті  заттарды  қолдану    ағзадағы  қан  айналым  бұзылысының 
алдын алып, дистрофикалық процестерді тежейтіндігі анықталды. 
Ғылыми
 жетекші: профессор Есимсиитова З.Б. 
 


29 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет