АРАЛ ТЕҢІЗІНДЕГІ АТЕРИНАНЫҢ (ATHERINA BAYERI) МОРФОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Кеңес Б.
əл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ Ұлттық Университеті
kenges.bubina@mail.ru
Атерина (Atherina boyeri) балығы – бұрын Кефалтəрізділер (Mugiliformes) отрядының
құрамында қарастыратын. Бірақ қазіргі кезде даму мен тіршілігі ерекше болғандықтан, жеке отряд
есебінен қарастырылады. Қазақстанда Atherinidea- атериналар тұқымдасының Atherina – атериналар
туысына жататын Atherina boyeri- атеринаның түршесі Atherina boyeri kaspia- каспий атеринасы
кездеседі. Ол Арал теңізіне кездейсоқ акклиматизацияланған түр болып табылады. Қазақстанда
кəсіптік шаруашылықтық маңызы жоқ. Тұзды жəне тұщы суларда тіршілік етеді. Биологиялық жəне
морфологиялық өзгергіштігі туралы əдебиет көздерінде Р.А.Гараев, Берг Л.С. жəне басқада
ғалымдар зерттеп, сипаттап жазған.
Зерттеуге алынған балықтарды ұяшығы 3 мм мөлшердегі балық аулағыш сүзгіш құрал арқылы
аулып, 4 %-дық формалин ерітіндісіне салынды. Морфологиялық анализді И.Ф.Правдин əдістемесі
бойынша жүргіздік. Статистикалық өңдеу «Excel» программасын қолдана отырып жүргізілді.
Морфобиологиялық анализге алынған балықтар саны 38 дана. Зерттеу жумысына материалдар
Арал теңізінің Көкарал плотинасынан ауланды. Зерттеу жасалған атерина балығының ұзындықтары
(l) 20,9 мм-ден 80 мм-ге дейінгі аралықта ауытқыды. Жеке особьтардың қоңдылығы – Фультон
бойынша 0,0008±0,001- ға дейін Кларк бойынша 0,0005± 0,005-ге дейін аралықта ерекшеленеді.
Əдебиет көздерімен салыстырғанда зерттелген даралардың қоңдылықтарында үлкен айырмашылық
жоқ. Зерттелген талдаманы 39,47% - аналықтар жəне 42,10% аталықтар құрады. Анализге алынған
балықтарды жыныстық жасқа жетілген жəне жетілмеген особьтар құрады. Алайда, жыныстық жасқа
жетілмеген даралардығ пайыздық үлесі жоғары болды. Аталық жəне аналық жыныстық жетілу
стадиялары көбінесе 3 жəне 4-ші сатыдағы даралар кездесті. Арқа жəне аналь қанаттарындағы
сəулелерінің саны бойынша, бүйір сызығындағы қабыршақтар саны 40-48 аралығында болды,
желбезек түйіндері 16-25, ал омыртқаларының санында– 39-дан 47-і аралығында болған
əдебиеттермен салыстырғанда айтарлықтай ауытқулар болмады.
Зерттеуге алынған балықтардың қазіргі кездегі тіршілік жағдайын зерттеу нəтижелеріне қарап
тұрақты деп айтуға болады. Каспий атеринасының морфологиялық жəне биологиялық белгілерінің
қорытындысына суйене отырып мынандай қорытынды жасауға болады; қазіргі уақытта каспий
атериансының тіршілік ету ортасы тұрақты, қолайлы. Көбеюі жəне қоректік базасы жеткілікті. Қазіргі
уақытта арал теңізінде көптеп кездесетін балықтардың бір түрі болып саналады.
Ғылыми жетекші б.ғ.к. доцент м.а. Қожабаева Э.Б.